15 –МАМЫРДА АЛМАТЫДА ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТЕДІ

15 –мамырда "Burshaq" шығармашылық бірлестігінің ұйымдастыруымен алғашқы поэзия кеші өтпек. Кеш қонақтары Айжарық Сұлтанқожа, Ақжан Аманжол, Әсел Кәрібай, Асылан Қуанышұлы , Салтанат Қайырбек, Жұлдыз Молдағалиева, Майтай Бауыржан болмақ. Алматы көктемінің сыршыл сезіміне бөленіп, жүрек тебірентер лирикалық өлеңдермен өрілген поэзия кеші сағат 19:00-де ÓzgeEpic өнер кеңістігі орталығында өтеді. Кіру тегін.

 Айта кетейік, бұл "Burshaq" шығармашылық бірлестігінің  әдеби бағыттағы алғашқы жобасы.