
Мемлекет басшысының Жолдауын әр саланың өкілдері өзінше қабылдап, ой қорытады. Соның ішінде қаламгер қауым азаматтық ұстанымын шығармашылық тұрғысынан жеткізіп жатады. Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып «Жолдауға Қолдау» термесін жазды. Термені Сыр жыршысы Марат Сүгірбай қобызға салып орындады.
ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ
«Жаратылысқа» –
Рахмани:
«Жолдау» –
Керек!
«Жолданғанды» –
Жүміле:
Қолдау –
Керек!!
Хақ-Жолдаушы –
«ИемізЖаратушы»:
Оған –
«Қалыс не
Қарсы»,
Болмау –
Керек!
«Қалыс» –
Болсаң:
Аса алмай –
Пенделіктен,
Аш-Нәпсің –
Бел алады,
Керге –
Біткен!
«Қарсы» –
Болсаң:
Айналып –
«Әжуаға»,
Айырыласың –
«Адами Өң-Көріктен»...
...Хақтан –
Кейін,
«Жолдаушы» –
Төр-Басымыз:
«Жолдауын» –
Оқып,
Дендеп,
«Мөр» –
Басыңыз!
«Қалыс» –
Қалмай:
«Жеңілін» –
Жетілдіріп,
«Қарсы» –
Келмей:
«Ауырын» –
Қолдасыңыз...
... Сонда –
Сақтап,
Сом-Алтын-Қалпын –
Әмән:
Елің –
Есен болады, Халқың – Аман!!!