Жеңістің 80 жылдығына орай, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысқан ата,
әкелеріміздің рухына арналады.
Туғандар қилы дәуір, замандарда,
Қан төкті қан майданда,
Амал бар, ма?
Жаратты жаугер етіп, адамды, Алла,
Жан қиып, ту тікті олар, қамалдарға.
...Жүр ме екен, рухы кезіп, боздақтардың,
Көктегі алыс жұлдыз, ғаламдарда.
Тұрғандай көп жұлдыздың арасынан,
Сан сарбаз қарап, қимас адамдарға.
Жердегі қалған пенде, адамдарға.
Автор
Күн батып барады
Жолынан айнымайтын Ғарыштағы,
Күн Жерге асығады, табысқалы.
Баяғы, бағы заман қалыптағы,
Қарт таулар мұнартады алыстағы
Бір сәтке көк патшасы, жылады, Күн,
Қызарған жанарында тұнады, мұң.
Шаршаған күні бойы аспан кезіп,
Бұлт басқан ұясына құлады, Күн.
Жаз айы, кең көсіліп, Дала жатыр,
Жел ойнап сол далада салады асыр.
Өлшемі тіршіліктің ұлы уақыт,
Жылыстап, Күнмен бірге бара жатыр.
Айқыштап, дала төсін тілімдеген,
Жолдар бар, ат тұяғы сүрінбеген.
Әнеу, бір, созылады көне сүрлеу,
Елеусіз, онша, көзге, білінбеген.
Бұл сүрлеу ескі ауылға апарады,
Біреулер топырағын басар, әлі.
Соңғы рет, бәз біреуге жылу төгіп,
Тірліктің талай күні батар, әлі.
Күн кешіп, өзіне тән, жанға рахат,
Күн бата ауыл жатты жайбарақат.
Сырт көзге үйреншікті бұл құбылыс,
Секілді, мамыражай, жай ғана, шақ.
Замана желінің ең, өтіндегі,
Көненің ескі көзі секілденіп.
Қалқиып, қараша үй қараяды,
Елеусіз, ауылдың бір шетіндегі.
Көре алмай, түнгі аспанда тұнар айды,
Көгімен қоштасуда, күн, арайлы.
Ең соңғы сәулелері батар күннің,
Сол үйге терезеден сығалайды.
Төгілген құдіретті нұр сөнбейді,
Әлемді құшағына ап, Күн тербейді.
Толтырып, құпияға, бейуақты,
Үй ішін беймәлім бір мұң тербейді.
Хал-күйді анау, қыр мен белес сезіп,
Кеткендей қозғалақтап дөңестері.
Оралған алыстағы әлемдерден,
Жүргендей үйдің ішін елес кезіп.
Өтінде суықтардың, аңызақтың,
Дәурен-ай, оттай жанып, жалын аттың.
Қарт адам жатыр енді, төсек тартып,
Иесі осы қара шаңырақтың.
Отағасы, осы үйдің иесіне,
Қатал тағдыр, үлесі, тиесі, де.
От кешкен күндер кетпей санасынан,
Сұрапыл түсуші еді, жиі, есіне.
Алдында, қанша мейлі, жол тоғыссын,
Көрсе де, талайларын қантөгістің.
Жан үшін, өмір үшін арпалысқан,
Бір сәті естен кетпес сол соғыстың.
Не дерсің, дүниенің кеңдігіне,
Тарлығын бұл жалғанның көрді, міне.
Аман-сау елге келген қарт жауынгер,
Ұзыннан, халсыз жатыр енді, міне.
Сәл, ғана, ара-тұра көз іледі,
Қалғанын соңғы демнің, сезінеді.
Әл кетіп, денесінен дерт меңдеген,
Езіледі, ішінен, егіледі.
Өкінсең, өзек өртер кешегіңе,
Қарамас, тағдыр сенің есебіңе.
Байланар дүниенің бар түйіні,
Құлаған соңғы мынау төсегіңе.
Жалт етсе, көрген түстей, қызығың да,
Бәрі де, Құдіреттің құзырында.
Еңсесін тіктемек боп, қарт қозғалды,
Сүйеніп, осындай бір, тұжырымға.
Дем жетпей, әлсін-әлсін, алқынады,
Айтуға, бір сөздерді талпынады.
Әйтеуір, өзіне енді, аян болды,
Таусылары, дәм-тұздың сарқылары.
Бұл тылсым тіршілікті жай деп пе, едің...
Көңілден не бір, ауыр ой кетпедің.
Елес боп, келсе азап, бейнеттерің,
Онда сен, жүрегіңді сөйлеткенің.
...Осы сәт, күннің қызғылт сәулелері,
Сипалап, тұрды үйдің әйнектерін.
Ұлға сыр
Соңғы рет, аңсағаны ақ таң, еді,
Көргісі келер одан, басқа, нені.
Ширығып, ерік күшін бойға жиып,
Бекініп, қайрап, өзін жатқан еді.
Еске алып, жалындаған албырт күнін,
Санада сол күндердің жаңғыртты үнін.
Іштегі жатқан сырын ақтармаққа,
Шақыртып, сыртта жүрген алдыртты, ұлын.
Баласы қасына кеп, тізе бүкті,
Қапсағай, серіппе бел, тізе мықты.
Жігіттің ағасы боп, қалған оның,
Шашына аздап қылау, күз еніпті.
Әкенің ізін жүрген жалғап, бала,
Өзі де, кейінгіге ардақты аға.
Қарайды, не сыр барын, ұққысы, кеп,
Жүзіне әкесінің, барлап, қана.
Сан қилы оқиғалар алды да, есін,
Тұрмас деп, енді, осындай мәңгі, кешім.
Өткен күн көз алдында тізбектеліп,
Қарт әке бастап кетті әңгімесін.
Меңдеген мынау дертке емім бар, ма,
Сындарда серттен тайған жерім бар, ма?
Айтайын, саған ұлым, бір әңгіме,
Жан шықпай, кеудемде әлі, демім барда.
Біреудің сөзі арнада тоғыспайды,
Енді бірі, шындықпен қабыспайды.
Өз басым, еске алуды жөн көрмейтін,
Айтпатұғын жан едім, соғыс жайлы.
Жан едім, киік көңіл далада өскен,
Қасымнан, ажал талай жанап өткен.
Өкінішті, болар ед, сырларымды,
Өзіммен ана жаққа ала кетсем.
Көрдім мен, қасіретпен кешті, батқан,
Көрдім, мен, сүйретіле көпті, қашқан.
Сол жылдар ұмытылмас ел есінен,
Аштық пен не бір зұлмат өтті, бастан.
Шошытып, қорқыныш пен қауіп, көпті,
Ел кезіп есіктерін жауып кетті.
Бір үзім нанға зар боп, талай әулет,
Өзге елге жан сауғалап, ауып кетті.
Әлде, біз бұл нәубетке жол аштық, па,
Болмады сол жылдары мол астық, та.
Қолдағы малды тартып алғаннан соң,
Қырылды қанша қазақ, сол аштықта.
Қуғын-сүргін жайын да, есті, балам,
Түбіне бауырының жетті ме, адам?
Бірі айдалып, он жылға "итжеккенге",
Бірі атылып, келмеске кетті, балам.
Әкетті ұстап сонда көп асылды,
Оларға түрме есігі кең ашылды.
Әлі де, түсінбеймін, сол бауырым,
Неліктен "Халық жауы" деп, атылды.
Басымнан не қилы бір заман өттің,
Бәрінен зұлматардың аман өттім.
Құрыштай мені шыңдап қатал тағдыр,
Әйтеуір, жанкешті бір, адам, еттің.
Ол, уақыт, отызыншы жылдар еді,
Сол кезді шын түсінген кім бар, еді.
Білмейтін, ертеңгі күн не боларын,
Беймәлім, заман болып, тұрған еді.
Сонымен, келді әйгілі, қырық бірің,
Кинода соғыс деген, қызық, бүгін.
Соғыста қаншама жан батыр болды,
Елеусіз, жүретұғын, бұғып, бұрын.
Қырылған ауылдарда, аштар қалды,
Талайлар лагерьде жер жастанған-ды.
Сонда да, коллектив деп, бұл үкімет,
Көп колхоз ашылуға жоспарланды.
Ел есін енді, жиып жатқан шақта,
Соғысы жер жаһанның басталған-ды.
Осылай, бір дүрбелең басталған-ды,
Бейне бір, өртке оранып, аспан жанды.
Фашистік Германия соғыс ашып,
Майданға ер азамат аттанған-ды.
Рух болса, түріледі түнектер, де,
Тілекке қосылады тілектер, де.
"Бәрі де, майдан үшін, жеңіс үшін"
Деген, сөз, от берді ғой, жүректерге.
Жас едің, сендер онда, балам, менің,
Мен дағы, өр мінезді, табанды, едім.
Ұйытқысы болып, үлкен шаңырақтың,
Ұл-қызым, әркез ойда, санамда, едің.
Соғысқа алмас, сірә, мүлде, мені,
Деп, ойлап, алаңсыз мен жүрген, едім.
Шақырту қағаз келіп военкомнан,
Майданға аттанатын күн де, келді.
Ешкім де, мені мосқал санамады,
Тапты ғой, колхозшыны, даладағы.
Қырықтың қырқасынан асқан шақта,
Майданға алып кетті, қарамады.
Қия алмай, тау мен қырат, дала, белді,
Еріксіз көзімнен жас тама берді.
Дедім, де, өзімді-өзім, жұбаттым, мен,
Жаратқан соңыма ұрпақ, бала берді.
Қалайша, ойлаймын, тек, өз басымды,
Аттанған, көрдім талай, жолдасымды.
Әрине, ешкімге де, көрсетпедім,
Іркілген жанарыма көз жасымды.
Жарық күн әлде, маған сөнбей, мүлде,
Өлем бе, бұл қырғында, өлмеймін, бе?
Кіндік кесіп, кір жуған туған жерді,
Көрем бе, енді, қайтып, көрмеймін, бе?
Көп сірә, басар тауым, алда, менің,
Түйсігім қашан мені алдап, едің.
Ел қорғау, тиген шығар, еншіме, деп,
Рухтанып, ширығып, мен, алған едім.
Жырылып, келмес, менің, жеке қалғым,
Батасын үлкендердің нешеме, алдым.
Көргенше қош-аман бол, туған жер, деп,
Қоштасып, ел-жұртыммен кете бардым.
Даланың ел көрмес бір сайындағы,
Өзеннің жарқабақты бойындағы.
Әскери казармалы бөлімінде,
Соғысқа бізді біраз дайындады.
Дем барда, жүрмедім мен, неше жолмен,
Қаншаға, кеудемдегі жетеді ол, дем?
Әскери жаттығудан өткеннен соң,
Батысқа аттандық, біз, эшелонмен.
Майданда
Есімде, майданға біз жеттік, қалай,
Жерлерден талқан болған өттік, жолай.
Соғыстың қатерлі сан соқпағында,
Сұмдығын бастан біздер кештік, талай.
Түнерген, тілдескендей, аспаныммен,
Ойымды іштей үнсіз, растадым, мен.
Шын қасірет екенін сұм соғыстың,
Жүрегіммен сезіне бастадым, мен.
Көңілді қатайтып ап, босап қалған,
Айнала ерік күштен жасап қорған.
Әскери құрамаға ендік біздер,
Қайтадан осы арада жасақталған.
Советтік одақтың әр шетіндегі,
Жиналған түрлі ұлттың өкілдері.
Бәрімізде бір тілек, отан біреу,
Деп, бәрі ел қорғауға бекінгені.
Мұндайда, бір-біріне болысты, кім?
Аз-аздап меңгердік қой, соғыс тілін.
Алайда, қиынырақ болды маған,
Ортақ тілді игеру, орыс тілін.
Сездірмей, бойымда сәл, толқу барын,
Алдыңғы қатардағы толқындамын.
Найзалы винтовканы иыққа асқан,
Жаяу әскер, атқыштар полкындамын.
Өзгелеу орман, қырат, белеңменен,
Өзге елде жүрсек те, біз, дегенменен.
"Отан үшін, алға" деп, ұрандатқан,
Шеруде, атойладық өлеңменен.
Бұл жерде, ұран менен сенім бір, деп,
Соңынан қолбасшыңның еру, міндет.
Бір қадам шегінуге артқа жол, жоқ,
Отан үшін сол жерде, өлу, міндет.
Кенеттен біте қалса, ертең, демім,
Кім жинар, сүйегімді, өлсем, менің?
Әйтеуір, көппен бәрін көрсем, дедім.
Бір Алла болды менің, бір, сенгенім!
Әйтеуір, өмір, өлім майданында.
Бір Алла болды менің, бар сенгенім!
Жүрекке иманымды жақын еттім,
Бұл сыннан келді, аман-сау, ақыр, өткім.
Екі кез мата жүрді, белде ораулы,
Олай-бұлай боп, кетсем, ақіреттік.
Ақіреттік ақ мата жүрді бірге,
Ішінде киімімнің, кіндігімде.
Бір түйір топырақ та, туған жердің,
Бойтұмар болды сол бір тірлігімде.
Сәт келсе, ажал төніп, шын қысылған,
Ойлаймын, тағдыр маған кімді, ұсынған...
Ұрыстың даласында мерт боп, жатсам,
Табылар көметұғын бір мұсылман.
Балам-ау, соғыс жайлы білесің, бе?
Майданға алғаш кірген, күн, есімде.
Аспаннан ажал сеуіп, сәмәлөттер,
Бомбадан берген бізге үлесін, де.
Әп-сәтте дүниенің тарылғаны,
Тарылтты жаудың отты қарулары.
Жаныңды түршіктірді ысқырып, кеп,
Бомбаның жан-жағыңнан, жарылғаны.
Талайын қалтыратып, ержүректің,
Үйіріп, имандарын енді, көптің.
Сәл ғана, тиышталып, содан кейін,
Басталды атқылауы зеңбіректің.
Жер беті астан-кестен шаңы, шыға,
Біреулер қансырауда қаны, шыға.
Жеттім ғой, жандәрменде, бір шұңқырға,
Етпеттеп, жер бауырлап, жанұшыра.
Соғыстың өте қатал талабы, бар,
Бәрінің қолда қару-жарағы бар,
Тіл тартпай өліп кеткен боздақтар мен,
Әр жерде жатты ыңырсып, жаралылар.
Бойында соғыстың сан жолдарының,
Қалды ғой, қанды кешкен, сонда, күнім.
Осылай, алғаш рет алғы шепте,
Иісін иіскедім, оқ-дәрінің.
Одан соң, ендік талай ұрыстарға,
Деген сөз, ұрыста енді тұрыс бар, ма?
Бәріне үйренеді, екен, адам,
Түсесің, дұрыс жол мен бұрыс жолға.
Көңілім қантөгісте күйреген, бе,
Қайтемін, өлтіруді үйренем, де.
Өлімнің көрдім алғаш көлеңкесін,
Штыкпен, жау солдатын түйрегенде.
Әрдайым жүрегіңнің бол, тірегі,
Ыңғайын жүректілер келтіреді.
«Жауды аяған, жаралы...» дейді, қазақ,
Өлтірмесең, ол сені, өлтіреді.
Аллам бар, жүрегімнің бұрышында,
Алламмен бірге болды тынысым, да.
«Аллаһу акбар» деп, мен, оқ шығарсам,
«Бисмиллаһ» сөзі тұрды тіл ұшында.
Бәрі, есте, бәрін қазір, айта аламын,
Келмейді-ау, соны еске алып, қайталағым.
Аюдай ақырған кей, кәмәндірлер,
Солдаттың «құдайы» екен, байқағаным.
Мені онша, кәмәндірім ұнатпайтын.
Жан едім, рухымды ешбір, құлатпайтын.
Түк түсінбес не деген, кещесің, деп,
Күн көрсетпей, тиісіп, шыдатпайтын.
Жеткізе алмай кейде, орысшамды,
Бас дегенде, жүруші-ем, құлақты, айтып.
Мұнда, да, құпия көп, сан, ашатын,
Ішімдік біреулерге жарасатын.
Біреулер жоғалтатын парасатын.
Ішумен біреулердің таңы ататын.
Батылдау болсын, деген, тұжырыммен,
Сусын деп, бір кәдеңе жарататын.
Шабуылдың алдында жүз грамнан,
Спиртті бәрімізге тарататын.
Осындай, сиқыры бар түсін, затты,
Бәрі де, сол спирттен ішіп жатты.
Бәрі де, кейін, көзсіз ерлік жасап,
Тозақтың ортасына түсіп жатты.
Ішпедім, бірақ та, мен, арағынан,
Бас тарттым басшылардың талабынан.
Өлейін, шейіт болсам, мұсылман, боп,
Жүрейін, дедім, аулақ, харамынан.
Харамды бұдан былай, көз көрер, ме,
Сол үшін, мүмкін маған сөз келер, ме.
Наркомнан тиген спірт үлесімді,
Беруші ем, үлестіріп, өзгелерге.
Біреуге, мұным, бірақ, ұнамады,
Жақындап, келді мәнін сұрағалы.
Ішпейтін, сен, кімсің? деп, кәмәндірім,
Жөніне кетті, көзі бір аларып.
Бір күні ерегістім, әлгіменен,
Өзінше, ол да, мықты, әлді, менен.
Орындай, қоймадың деп, бұйрығымды,
Шүйлікті, осындай бір, әңгімемен.
Еркіндеу мінезім бар, далада өскен,
Боқауыз сөздері өтіп, барады, еттен.
Түсіне қоймап, едім, айтқандарын,
Жөн-жосықсыз, әр-нәрсе талап еткен.
Сезініп, мықтылығын тұғырының,
Сүйеніп, күшіне ол, құзырының.
Тәубеңе келтіремін, мен сені, деп,
Ұмтылды, жұмсамаққа жұдырығын.
Үйреткен талай асау, алып, ұлмын,
Күрестің әдісіне қанық, ұлмын.
Сілтеген қолын қағып, қайырдым, да,
Жамбасқа салып, жерге, алып, ұрдым.
Шыдар ма, осындайда жүрегі, ердің,
Жықтым, да, кәмәндірді, түрегелдім.
Тұмсығын топыраққа бір көміп, ап,
Үстінен аттап өтіп, жүре бердім.
Бет-ауызы былғанып, батпақ болып,
Қан толып, көздеріне боқтап, қозып.
Суырды, жанталаса, тапаншасын,
Табанда, мені бірден атпақ, болып.
Сол жерде жігіттіктің сыны қалды,
Қасқайып, қарсы қарап, тұрып алдым.
Жүгіре жеткен өзге офицерлер,
Қаруын қолын бұрап, жұлып алды.
Қалдым мен, сол арада, оқтан, аман,
Жүрегім тулап тұрды, тоқтамаған.
Көзіңді түбінде мен, құртам, деді,
Ашуына булыққан сотқар, адам.
Дегендей, жау жоқ, деме, жар астында,
Дұшпан таптым кәпірмен таластым, да.
Құтылмайсың, сен менен, деді, маған,
Бәрібір, жүресің ғой, қол астымда.
Кетпеді, бұл айтылған өкім, ойдан,
Шығады, жазмыштың шеті, қайдан.
Шынында, тұрды алдымда екі дұшпан,
Мен үшін ашылғандай екі майдан.
Кештім мен, ауыр жүгін, күнде, азаптың,
Мынау, мүшкіл халімді тыңдамақ, кім?
Абай бол, деп, ескертті, жанашырлар,
Көзін жоям, деп, жүр, ол, бұл қазақтың.
Өмір үшін күрестің тынғаны, жоқ,
Сан құпия, қырлары, сырлары көп.
Аман-сау ұрыстардан шықсам, дағы,
Кетермін, бұл кәпірдің құрбаны, боп.
Налып, мен тағдырыма, өміріме,
Күманданған сәттерде, сеніміме.
Бетімді тигізгенде ширығамын,
Сұп-суық винтовкамның теміріне.
Қимылдау керек шығар, соза бермей,
Құтылам, бәлкім аман, жаза көрмей.
Сан ойлар окопта өткен түндерімде,
Жегідей жеді, жанды, маза бермей.
Көзінде көзсіз ердің айбат тұрар,
Шығады жеңімпаз боп, қайраттылар.
Қудаланған аң дағы, соңғы сәтте,
Жан үшін, арпалысып, қайрат қылар.
Жүрегім атша тулап, тоқтай жаздап,
Жан дүнием, еркімді жаппай қозғап,
Ой-санамның түбінде маза бермей,
Тұтанды көзсіз шешім шоқтай маздап.
Түбінде жүрегімнің жанып, сезім,
Ерекше салқынқанды қалыпта, едім.
Ертерек құтылмасам дұшпанымнан,
Жер жастанып, қалуым, анық, менің.
Кем болмас, өз жүрегін тыңдаған жан,
Жалындым, пұрсат сұрап, мың Ғаламнан.
Кешірер, Аллам менің, бір күнамды,
Қырылып, жатқан кезде мыңдаған жан.
Іштегі ерік беріп, адуынға,
Сай болып, тұрған сәтте, қаруым, да.
Шіреп тұрған жау шебін, бұзу үшін,
Көтерді, бізді бір күн, шабуылға.
Сарбаздар сан қатерден өте білген,
Ұрыстың сан тәсілін жете білген.
Дұшпанның күшін жойып, күйретуге,
Таң ата, Күнмен бірге көтерілген.
Мен дағы, жанымды жай бермеймін, тек,
Шайқаста, ерлік жасап, ерлеймін, деп.
Шықты енді, шабуылға жауынгерлер,
Өлу үшін, емес-ау, өлмеймін, деп.
Шынжыр табан танкінің дүрсілімен,
Жарылған снарядтың гүрсілімен.
Көк түтін мен қою шаң, ысқырған оқ,
Тозаққа түскендейміз, біз, шынымен.
Болуы мүмкін бәрі, әлде, қалай,
Бұл айқас соңғы болар, жанға, талай.
Дұшпанның шебін жайпап өту үшін,
Біздер тек, ұмтыламыз алға қарай.
Еңбектеп, баяу жылжып, бұға, қалып,
Астында жауған оқтың тұраладық.
Жүгіре, таянғанда жау шебіне,
Жаудырамыз, оқты біз, тұра, қалып.
Өлгендер, жаралылар жатты, құлап,
Біздің де, екпініміз, қатты, бірақ.
Мұрша жоқ, жан-жағыңа қарайлауға,
Немістің шебін бұзу, басты мұрат.
Сарбаздар қайраты мен сарқа, күшін,
Алға сап, жүректі мен арқалысын.
Қанды майдан, айқастың ортасында,
Өмір үшін жүрді ғой, арпалысып.
Алдыңғы шепке жақын жетіп, едім,
Бәрінен озыңқырап, кетіп, едім.
Алыстан кәмәндірді көзім шалды,
Артымда келе жатты «есіл ерім».
Тауып ол, өш алудың жалғыз жолын,
Аюандық әрекетке алдырды, орын.
Мен жаққа автоматын бұрып алып,
Кектеніп, маған қарай жаудырды, оғын,
Қара ниет, пиғылдан күш ала, ма,
Соңыма, әйтпесе, ол, түсе ала, ма?
Дұшпанға оқ атқан боп, кәмәндірім,
Мені қоса алыпты, нысанаға.
Нүктесін тағдырымның қою үшін,
Жауға қосып, мені де, жою үшін.
Ешнәрседен қанішер, тайынбады,
Қаныма енді менің тою үшін.
Алда дұшпан, артымда тағы, дұшпан,
Ажалым екі жақтан тағы қысқан.
Жер құша, құладым, мен, сақтанбаққа
Оқтардан кеңістікті жарып, ұшқан.
Оқтары тыз, еткізіп жанап, етті,
Әйтеуір, жеңіл ғана, жаралы, етті.
Өлген боп, жата бердім, тапжылмастан,
Жағдайға бейімделгіш, адам, епті.
Сенімді боп, көзімді жойғанына,
Дегеніме жеттім деп, ойлады, да.
«Уралап», кәмәндірім ене берді,
Көк түтін алғы шептің аймағына.
Енді, өзге, жоқ, таңдауым, әттең, менің,
Дұрыс па, ту сыртынан тап, бергенім.
Серігім, қаруымды қыса түстім,
Түсініп, оңтайлы бір, сәт келгенін.
Санам мен тұманданса, есім, егер,
О, Алла, кешіре, көр, кешіре, көр!
Бейбағың жанын түйіп, шүберекке,
Осылай, алам десе, өшін, егер.
Дүдамал пайда болып, үміт, менде,
Бұл сәтті жатпас дедім, біліп, пенде.
Шүріппені жайымен басып қалдым,
Дұшпаным нысанаға іліккенде.
Бәрі бітті, қас пен көз арасында,
Кім атты, оны енді, табасың ба?
Тіл тартпай кеткен жауым, кәмәндірім,
Мәңгілік қалды ұрыстың даласында.
Үстімнен жүк түскендей батпандаған,
Жеңілдеп, қалғандай боп, басқан, қадам.
Қылмысымды ешкім, де, байқамады.
Қырылып, жүздеп, мыңдап жатқанда, адам.
Содан соң, көппен бірге араласып,
Кеттім мен, әккі жаумен жағаласып.
Бекінісін, шептерін жаға қашып,
Қаша жүріп, артына қарап, атып,
Төтеп, бере алмаған, қарсыластар,
Шегініп, белден әрі, барады, асып.
Тоздырып, бір шамасын табан еттің,
Білмеймін, қаншама, мың, қадам өттім.
От кешіп, қамал бұзған бұл қырғыннан,
О, Алла, тағы міне, аман өттім!
Кешу алу
Шынында, Аллам болды, жүрегімде,
Алламмен, түнектерде түнедім, де.
Үніңе құлақ түрдім, жан жүрегім,
Жарық сәуле сен болдың, түнегімде.
Жүрегім, енді, сен де, тыңда, мені,
Өзіңді, қысылғанда, тыңдап, едім.
Еңсемді, неге басты, ауыр ойлар,
Батырып, түпсіз, терең мұңға, мені.
Кім әкелді, еріксіз, мұнда, мені,
Кім шығарды, қауіпті шыңға, мені?
Осы жерге тоғытып, сан тағдырды,
Түсірді, жан төзгісіз сынға, мені.
Жүрегім, төземін де, көнемін, де,
Жазғанын, жазмыштың, көремін, де.
Білмеймін, не боларын, енді күнім,
Бір күні, көмусіз қап, өлемін, бе?
...Осылай, тілдестім мен жүрегіммен,
Жүргенде түпсіз ойдың тереңінде.
Үнсіз боп, іштен енді, тына алам, ба,
Соғыс жайын айтпаушы-ем, сұрағанға.
Ұққаным, соғыс деген, қатыгездік,
Аяушылық болмайды бұл адамда.
Соғыс деген, темірдей тәртіп, балам,
Тәртіп жайлы айту да, артық, маған.
Көрдің ғой, өмір үшін не істемедім,
Мойынға алдым күнә артып, балам.
Тағдырдың жолдарының бүралаңы,
Сан қилы әрекеттен құралады.
Адамдық қасиеттің өлшемі, де,
Ар алдында бір күні сыналады.
«Қасқыр да, қастық қылмас жолдасына»,
Ұғынар, осыны адам, жолға, шыға.
Ал, мен ше...
Аң құрлы да, бола алмадым,
Оқ аттым, қаруласым, жолдасыма.
Қайсібір, бөрі, барыс, аю, аңға,
Жыртқыштық тән ғой, барлық хайуанға.
Санасыз мақұлықта не, қасиет,
Жемтігін көрсе қаннан тайынған, ба?
Адамдықты жоғалтып...
Екі аяқты,
Әлде мен, айналдым ба, айуанға?
Басымда кемдік бар ма, әлде, менің,
Жаралған, жауыздыққа, пенде ме, едім.
О, Алла, алдыңа кеп, мың сан мәрте,
Бас ұрсам, сонда бәлкім, емделемін!
Осындай, сансыз ойлар тергеп, мені,
Қоярға өзімді енді, жер жетпеді.
Не де болса, бәріне, мойынсұндым,
Жазамды Жаратқаным бермек, тегі.
Дегенмен, дегенмен де... бірақ, тағы,
Ел-жұртым еске түсті, жырақтағы.
Үйде отыр, мені күтіп, жақын жандар,
Маздаған шаңырақтың шырақтары.
Қалайша, жаныма енді, табамын, жай,
Сағындым, байтақ дала, алабымды-ай!
Қос жұлдыз түнгі аспанда мөлдірейді,
Мұң тұнған анамның қос жанарындай.
Мұнда мен, жауынгермін, ел қорғаған,
Ойладым, неге сонша, мен қорланам..
Қан төгілді жер үшін әрбір сүйем,
Көппен бірге мен дағы, жер қорғағам.
Найзамен, жауды түйреп жасытқан, жан.
Дәл тигізер оғын да, қашықтардан,
Мен солдатпын, шыңдалған қан майданда,
Адамды өлтіруге машықтанған.
Өлтірдім, бе, шынымен, өлтіргім, кеп,
Ебін тауып, орайын келтірдім, деп.
Өмір менен өлімнің майданында,
Өлтірдім, ғой, өмірді...
Мен, сүргім, кеп.
Солай, солай...
Бәріне уақыт емші,
Дәл, маған, тірі қалу бақыты, енші.
Қарадым, сенімменен алғы күнге,
Абдырап, алғашында, жасып ем, шын.
Үлес ап, тағдырдың да, тоқпағынан,
Дұшпанның аман қалып, оқтарынан,
Басымды байлап, қауіп, қатерлерге,
Соғыстың өттім талай соқпағынан.
Әр сөзі қиналғанда, дәру, достар,
Сенің де, пейіліңе зәру, достар.
Тар жолдан өткен бірге, қандыкөйлек,
Қаншама, құрбан болды қаруластар,
Бөліскен қара суды, дәмді, нанды,
Неге мен ұмытамын арлы жанды?
Қаншама, қандас менің бауырларым,
Жат жерде, шейіт болып, қалды, мәңгі.
Бетпе-бет, майданда қантөгіспенен.
Соғысып, қаншама жыл неміспенен,
Ақыры, қанды қырғын аяқталып,
Оралдым, елге аман, жеңіспенен.
Жасқана, жасап туған жерге, қадам.
Оралдым, есен-аман елге, балам,
Өткенім қала берді, елес болып,
Ойладым, жан жарасын емдеп, алам.
Басқа түскен сындарға төзе алдым, да,
Кеңдігін дүниенің сезе алдым, ба?
Өтті ғой, соғыстан соң, елдегі өмір,
Балам-ау, бәріңнің де, көз алдында
Өтіп, кетті зымырап, ағын-өмір,
Жеткізбейтін армандар, сағым-өмір.
Бұрынғылар айтқандай, дүние- жалған,
Болмайды баяғыдай тағы, көңіл.
Енді, міне, бойымнан әл кеткенде,
Алланың әміріне көнбек, пенде.
Сеземін, таусылуға жақын, демім,
Жүректе өмір оты сөнбек, мүлде.
Алыстап, бәз күндерім, жазы, арайлы,
Қайта оянды, санамда аза, қайғы.
Сұрапылдан кешегі жаңғырық боп,
Жеткен елес жанымды мазалайды.
Алда ғой, Құдіреттің сұрағы, әлі,
Хикметтің жолының бұралаңы.
Қолымнан мерт болған сол, қаруластың,
Бейнесі көз алдымда тұрады, әлі.
Соңымдағы ендігі, саған сенем,
Жан дауасын, жаныма табам, сенен.
Алладан жасырмаған құпиямды,
Жасырам ба, айтшы енді, балам, сенен.
Шешілейін, алдыңда, шешілмейін,
Жасарсың, бұдан өзің, шешім, кейін.
Айтқаныма сен, куә, ұлым, менің,
Алдында, Ұлы Алламның кешу, дейін.
Жолында ақиқаттың тұра алмаған,
Жасырмас іштегісін құларда, адам.
Бақида жаным енді, жай тапсын, деп,
Кешу алам, Жаратқан бір Алладан.
Қайралып, жебе-жүрек, ұшталғанмын,
Өлімді де, жеңуге күш салғанмын.
Аллам мені жаратса, осылайша,
Сірә мен, өмірге аса, құштар жанмын.
Осы болса, тағдырым дайындаған,
Үлесім енді неге, уайым, маған.
Кеш мені, Жаратқаным, бұл пендеңді,
Өмір үшін бәрінен тайынбаған.
Күн батқан соң, ымырт та, үйірілген,
Астасты, қарттың бүгін үйі, мұңмен.
Әке мен бала қалып, бір, сәт, үнсіз,
Тілдесті, өмір дейтін, иіріммен,
Соңғы таң
Жетелеп, тылсым менен жұмбақтарға,
Жұлдыздар алыстардан тіл қатқанда.
Үнсіз ғана, тұнжырап ауыл жатты,
Даланы құшағына ап, Түн басқанда.
Адамда қандай мықты, төзім, деген,
Іштегі арпалысып, сезімменен.
Әке мен бала сол бір, қараша үйде,
Таң атқанша отырып, көз ілмеген.
Белдердің түрлендіріп, гүл кілемін,
Таулардың қалдырмастан бір сілемін.
Таң атып, көкжиектен келе жатты,
Ысырып, шапағымен түн түнегін.
Сан мәрте басын тіккен қатерлерге,
Шыңдалған қарлы жауын, нөсерлерде.
Денесіне әл біткен секілденді,
Бой жазып, әкей басын көтергенде.
Ым қағып, қасындағы баласына,
Қанғысы келіп, сырттың ауасына.
Шығаршы, мені тысқа, ұлым, деді,
Көз салғысы келіп, ен, даласына.
Түгендеп, фәнидегі жоқ, барымды,
Білесің, халсыз міне, жатқанымды.
Есіктің алдына бір, шығайыншы,
Көрейін, атқан соңғы, ақ таңымды.
Еске алып, сонау алыс шақтарымды,
Көрейін, не де, болса, ақ таңымды.
Сонан соң, алар мені, Аллам мені,
Ала алмап, еді, от пен оқ, жанымды.
Деді, де, қарт жауынгер әлсіз, ғана,
(Ішінде, жүр ме, өмірге, сансыз, нала.)
Шықты сыртқа ұлының сүйеуімен,
Тұр ма, деп, жетімсіреп, менсіз, Дала.
Таңның да, алтын нұры тарап, атты,
Сол нұрға қырат, белдер араласты.
Әрленіп, бозторғайдың үніменен,
Тірліктің тойын тойлап, Дала жатты.
Әжімдері өзі өткен соқпақтардай,
Жүзіне жиналып бір топтасқандай.
Жасаурап, қос жанары қарт сарбаздың,
Тұрды соңғы таңымен қоштасқандай.
Менсіз де, әлі талай, таңдар атар,
Түндігін түннің талай жандар, ашар.
Тілеймін, болмасын деп, енді, соғыс,
Күйзелтіп, ел мен жұртты жанға батар.
Бүгінгі таң ерекше, көрікті екен,
Соңғы сөз айтуға мен ерікті екем.
Деді, қарт, амандығын тілеп, елдің,
Ұрпағыма батамды, беріп, кетем.
Бітетін ғұмыр жолдың шетін көрді,
Аллаға сыйынды да, бекінді, енді.
Осы сәт, көздерінің шарасына,
Бар ғалам сыйып, тұрған секілденді.
Сыйғызып, аясына көз,
Ғаламды,
Оздырды жазмыштан озбағанды.
Алланың әмірімен қарт солдатқа,
Келер таңды көруге жазбаған-ды.
Рухымен өзге әлемді толықтыра,
Көк кезіп, мәңгілікке ол, ұшты, да...
Жердегі тозақ отын бірге кешкен,
Ол жақта сол жандармен жолықты, ма?
Дегенін қабыл алып, Құдіреттің,
Жолықта да, бір сәтке, торықты ма?
Рухымен өзге әлемді толықтыра...
Сайлау Жылқыбаев
Ерейментау қаласы