ТАМШЫ
Таңғы бұлақ жағасына
Тұрған ол кім ерте кеп?
Шық моншағы кетсе құлап,
Қайда ақын?
Бер төлеп!
Жұлдыз мүлгіп жалғыз тамшы
Кірпігінен түскен бе,
Аспан шөлдеп сол бұлақтан
Еңкейіп су ішкенде?!
Көз жасы емес киіктің де,
Адамның да түнде кеп
Махаббаттың ашуына
Шыдамаған күйгелек.
Қандай таза табиғаттың
Осы мінсіз тұнығы!
Көрінгендей бір тамшыдан,
Мың тамшының сынығы.
Қайғы емес қой, сабағында
Дірілдесе бір шық еріп.
Мөлдіреген сол тамшыдан
Шығар талай бүршік өніп.
КӨКТЕМ КАРТИНАСЫ
Көңіл терезесіне тиген жапырақтай
Тынымсыз бұтақтардың таңғы оянуымен,
Толғанып туылған сезімдерге кім ие
Кіршіксіз табиғаттың алғашқы бояуымен?!
Асыққан жолушыдай көктем хабаршысы
Келіп қонды ма көк қанат бейіс құсы ұшып?
Шексіз кеңістікте алтын нұр су боп аққандай,
Көкпөңбек теңізге ақ шұғыла түсіп.
Төкті далалар қызғылтым шуағын,
Жұқа пердедей таулар алдындағы.
Жатты беткейлер тап-таза қалпымен,
Жап-жасыл денесін ырысқа қандырғалы.
Бітті картина, бейне бір күй шертіліп,
Бір торғай шырылдағандай бұтақтарға қонып.
Шықтым далаға, өзен бойына сергіп,
Тұр екен барша дүние саскеде нұрға толып.
КООРДИНАТТАР
Бір шығып автобусқа түскенше өткен
Уақытты кім өлшейді осы қысқа!
Кетесің отырасың да қазір кеткен
Біреудің орнына асығыста.
Жас жігіт терезе жақ қасымдағы
Тілсімат әлденені отыр жаттап.
Білініп саусақтардың басылғаны,
Кейде ашып, дәптер бетін кейде қаттап.
Баяғы жазу емес біз білетін:
Иероглиф санцкрат... яки басқа;
Сәбилік кездердегі ой суретін
Қалдырған олақ қолмен ойып тасқа.
Гүл де емес нақышталған алтынменен
Зираттар, сарайларға, емес таңба,
Ежелгі тайпалардың салтыменен
Жоғалып кетпесін деп басқан малға.
Әйтеуір бар соқалап танығаным
Кубтер мен квадрат түбірінің
Жай ғана логарифмі, жұртқа мәлім
Бар білген белгілерден білген менің.
Жазылған болса еді егер ұлт тілімен:
Кәдімгі ұсақ-түйек өмірдегі –
Тұрмыстың арылмаған күңкілінен,
Ұят қой ұрлап қарап көруге оны!
Табиғат болғанындай ортақ бізге,
Ғылымның заңдары да емес пе ортақ
Бейне геометриялық: дала-түзде
Конустар, үшбұрыштар жатқан байтақ.
Мүйізді махұлықтай икістер мен
Сірескен әріптердің сан таңбасы,
Бір момент сүйегіндей ертеде өлген
Қат-қабат теңдеулердің тұр қаңқасы.
Келеді автобусы жылжып ағып,
Мүйістер, қабырғалар, биік үйлер,
Жасыл бүр, жапырақтар сылаң қағып,
Тиген леп терезеден бойды билер,
Жас жігіт терезе жақ қасымдағы
Әлі де сол жазуды отыр жаттап;
Әлі де сол бір қиял басындағы,
Алғандай құдай сөзін ұлұғаттап.
Немене өткенше де бір көшеден,
Жеткенше бір бекетке бір бекеттен;
Осынша өмір қымбат, кім өлшеген,
Бағалап бір минуттан бір минуттан!
Бірақта зерттеу үйі емес қой бұл
Жайланып өз орнында ертелі-кеш,
Алаңсыз отыратын ұзақты жыл
Ғылымдар ордасында құрып кеңес.
Қаланың бас көшесі – бір екватор,
Түп-түзу мередиян кесіп өтер.
Төрт көшең – Емес пе сол координаттар,
Жетелеп сені алысқа алып кетер!
Білмеймін, біреу шығып, біреу түсіп,
Мұндайда жұмысы не кімде кімнің!
Бейне бір қоңыр ала үйрек ұшып,
Секілді сусыз қайық жүзген бүгін.
АЙМЕН АРАЗДАСУ
Ойланушы едім мен ылғи әр күні кеште
Жым-жырт бөлме, оңаша терезем алдында жатып.
Кетуші едім ұйқассыз, ырғақсыз жаңа бір дүниеге
Оятпаса, егер, біреу әдейі тіл қатып.
Тұр екен ол үстімде
Аппақ таза ақ сүттей ай жүзімен.
Кім елжіремеген кезінде сол ақ сәулеге
Ақша дидардан жаңа ғана үзілген.
Дедім мен сонда:
– Ей, сұлу Ай,
Бірінші рет болар-ау сенің жолыққаның
Осы бір тасбауыр ақынға.
Ұқсамайды бұл ешкімге де,
Ұқсамайды Байронға;
Бой ұрмайды және
Поэзияның арзан даңқына.
Пушкин емеспін ғой мен,
Шашымның азырақ бұйралығы
Еліктіре алмайды, Ай, сенің
Әлсіз сезіміңе егілуге.
Дайын тұрған жоқ менің қатты көңілім
Аппақ қағазға көз жас болып төгілуге.
Біліп отырмын қазір
Не бар сенде сұп-суық тастан басқа.
Ант еткенмін: ақша бұлттай баянсыз
Ай, сенің жұқа сәулеңді
Енді қайта жастанбасқа.
Отыз жыл болды міне өлең жазғаныма
Келіп көрген жоқ ешбір жігіт алдыма
УАҚЫТ ҮНІ
Құлағымда тұр бір үн
Қырық жыл бір тынбаған
Арман не кісіде
Қырық жыл жыр тыңдаған.
Айтшы, туысым,
Ерігіп жалғыз отырған
Дөң үстінде қорықтық пісіріп,
Көшпенді бір қазақ,
Есіңде ме көшіп кеп қонғаның
Бір түкпірге жүк түсіріп.
Сол күні... сол күні ғой
Қымыз бен поэзияға бірдей қанып,
Өлең жаттамаған
Қайсы қыз, қайсы жігіт айлы кеште,
Өрісте жылқы, қорада қой ыңыранып.
Айтшы сен, қоңыр дала,
Көктемде ұшқан құспен бірге келіп,
Көк жайлау да және
Осы журнал емес пе еді
Қуантқан бізді
Ашулы есік, түруді іргеден кіріп.
Ұқсайды ол бейне сырнай үніне
Жорықтарда тартылған.
Тұлпарлар дүбірі ме,
Ақынның жыры ма әлде
Ұлы жиын тойларда айтылған.
Ойға батпасын бүгін неге
Қайсы ақын, қайсы жазушы
Сол жылдарды есіне алып.
Рахмет саған, «Шұғыла»
Ұмытылмаспыз бізде
Ақ қағазда атымыз қалып.
Құлағымда тұр әлі сол үн –
Уақыт үні қырық жыл бір тынбаған.
Қырық жыл өлең жазып,
Арман не кісіде
Қырық жыл жыр тыңдағы