«СЕН НЕТКЕН БАҚЫТТЫ ЕДІҢ КЕЛЕР ҰРПАҚ...»

20 қазан Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ...» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шараны Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Қазақстан Жастар фракциясы бірлесіп ұйымдастырды.

Кешке ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ғалым Жайлыбай, дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспан, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Мирас Асан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Олжас Қасым, күйші, өнер зерттеушісі Қайрат Айтбаев, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Рауан Қабидолдин, ақын, «Әдебиет» порталының тілшісі Арман Шеризат және республикалық «Дүниеге келер әлі талай Қасым» мүшайрасының жеңімпаздары: ақын Мұхтар Күмісбек, ақын Жадыра Байбұланова, ақын Айзада Рахымжанова, , дәстүрлі әнші Сырым Мұхамеджанов қатысты.

Іс-шараны Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.