ТҮНГІ ҚАЛА
Түнгі қала ...
Шамдарымен арбаған.
Өзіңнен жақын жоқ еді
жан маған.
Қайтейін енді,
Тағдырды мына алдаған.
Жүрегім қалды,
Махаббатыңа қанбаған.
Не істесем екен,
Бағымды мына жанбаған?
Түнгі қала...
Келемін...
Ай нұрын төккелі.
Қимасаң да қанша,
Өмір шіркін,өтпелі.
Ал бақ тұрақсыз,
Бұлт секілді көшпелі.
Келемін мен көңілсіз,
Көп болды,
Көңіл шамы өшкелі.
Түнгі қала..
Аяулым,
Жалғызбын мен,
Сен кеткелі...
МАҚПАЛ ТҮН
Бір сүюді аңсаған, бір көруді,
Ынтықтырған сезім ғой,
Мені саған.
Түн ұйықтамай жұлдыз теруді ,
Өзің едің үйреткен маған.
Сәулесі түскен ай ғажап,
Сырын тыңдаған ғашықтың.
Отырмын,
Бүгін де жұлдыз санап,
Мүмкін...
Мен саған әлі ғашықпын.
Шексіз ғаламда мына ,
Мақпал түн кием,
Сүйем өзіңді құлай,
Сен ғана менің ием.
Сыйынам өзіңе талай,
Атқанша таң арай...
ЫСТАМБҰЛ!
О,Ыстамбұл!
Мені өзіңе ғашық еттің,
Көңілден бір жола орын тептің.
Шағаласы шарқ ұрған бұл аралға,
Оралуға мені тағы үміт еттің.
О,Ыстамбұл!
Жүрегім саған арнап жырды,
Сұлулығың мені ынтықтырды.
Шулаған,көңілді көшелерің,
Мендегі жалғыздықты ұмыттырды.
О,Ыстамбұл!
Жанарыма қонды батқан күнің,
Тұрдым мен қимай кешкі нұрды.
Сан ғасырды сақтаған мешіттерің,
Маған үнсіз сыр ұқтырды.
О,Ыстамбұл!
Жүрегіме мәңгі ұяладың,
Күт мені, мен саған ораламын..
АЛМА АҒАШЫ ГҮЛДЕГЕНДЕ
Өзіңді аңсап іздегенде,
Ынтық жүрек қарай ма.
Алма ағашы гүлдегенде,
Сен мені күтші жарай ма?
Келемін мен кешікпей,
Сен тұрсаң болды елеңдеп.
Кетпеші, жаным, көріспей,
Үмітіңді үзбеші келер деп.
Жұпары болып көктемнің,
Ақ жауын болып сіркіреп,
Мен келем сонда,аяулым,
Найзағай болып күркіреп.
Жылғадан аққан сылдырап,
Бұлақ боп мөлдір асқтым.
Құлындай ерке құлдырап,
Жүгіріп келем қашық тым.
Күн нұры болып аймалап,
Іңкәрлік барсын бойымнан.
Бір көруге мені қайталап,
Шыға келші жолымнан.
Қураған көңіл сағынып,
Бүршік атсын кеудемде.
Махаббатыңа шомылып,
Бақытты болайық бір демде...
САРЫ ГҮЛДЕР
Сары гүлдер сағынышқа дейді ғой,
Құшағыңа жаман екен алу.
Сезе ме жүргенін сағынып ,
Жалғыз ғана бір адамды ару.
Сағыныштың сары гүлі кеудемде,
Бұл сезімді сүйемін мен әсте.
Сағынышпен білесіз бе үнемі,
Жасаларын ең ізгі істер.
Сағыныңыз,
Сары уайымға салынбай.
Сағыныңыз,
Жүрекке толсын махаббат.
Көңіл шіркін,күмбірлетіп шертпе күй,
Сағынышпен сусындасын адамзат.
Сағыныңыз,
Сағым дала гүлдерін,
Сарғалдақтар сағыныштан гүлдейді.
Сағыныштан сені біреу іздейді,
Сағыныштан мені біреу іздейді,
Көңіл-көктем күдерін еш үзбейді
Сағыныңыз,
Жаныңыз мәңгі,мәңгі гүлдейді!
ЖАСЫРДЫМ НӘЗІК СЫРЫМДЫ
Жасырдым нәзік сырымды,
Жеткізе алмадым Сізге мен.
Жалғыз өтер фәнидегі жолымды,
Тағдыр деп мойындағанмын мен.
Жүрегім сыздап тұрғанда кейде,
Дәрімен басып үйрендім,
Ал егер өліп кетсем мүлде,
«Үһ» деп шығар гүл-демім.
Сүйген жан болса,сірә,бір,
Өкініп жылар жас төгіп,
Сүймеген жанға бәрібір,
Керек пе бар-жоғымды біліп..
Мұңға толды гүл кеуде,
Қанға толды қу жүрек.
Адастым-ау, мен мүлде,
Бақыттың жолы бір бөлек..