МЕЙІРЖАН ӘБДІКЕРІМ. БІЗДЕРДІ АЙЫРҒАНДА НЕ ТАПТЫ ӨМІР?

*  *  *

Сені күттім, мен әжеңнен тығылып,

ал ойымда ойнақ салды бір
үміт.

Жалғыз талға жасырынып көп тұрдым,

жарығына терезеңнің жылынып.

Шынын айтып қоятындай бір сырдың,

Жиілегені-ай кеудеңдегі дүрсілдің.

Әлденені әжең сезіп қоярдай,

бет
ің қыза берген сайын қымсындың.

Сүйіп тұрдым сені сырттай ұрланып,

бара жатыр бар ынтығым түнге ағып.

Жауып жатыр, жауып жатты балконнан,

жаныңның сол жарық нұры дір қағып...

Саған таза сезімімді сыйлармын...

сыйлармын деп өзіме өзім иландым.

Ал сен іште үрлейін деп неше рет,

балауызды сөндіруге қ
иналдың.

Барайын деп бара алмадым қасыңа,

ер
ік бердім екі көздің жасына.

Сорым қайнап сосын үйге қайттым мен,

ж
ұлдыз сіңіп қалған сәтте шашыма....


ЖАЙЛАУДАҒЫ НӨСЕР

Қастың* басы есіңде ме, жан құрбым?

Балалықтың бәрін сонда қалдырдым.

Шегірткенің сайрағаны шыр-шырлап,

Сигналын сездіртіпті жаңбырдың.

Іштей менің көңілімде болды алаң,

Жұмбақ еді нұрлы, әдемі сол далам.

Саған арнап гүл үзуге асықтым,

ала жаздай ақ көбелек қонбаған.

Бүлдірген де, қарақат та табылды,

ерніңе ш
ие нілі жағылды.

Ал кеудеңнен келетұғын шалғындар,

Жүргізбейтін байлап омырауыңды.

Өз көзіңе не сенбедің, не сендің…


бұлақтарды бұрым
ыңа қоса өрдің.


Есіңде ме енді қайта бергенде,

төпеп ала жөнелгені нөсердің...

Біздің жайлау бір еркелік бастады,

ағыл-тегіл құйды аямай аспаны.

тұтас аппақ маржан таудан асып кеп,

айналаны б
ірақ бекіп тастады.

Нажағайдың елестетші дауысын,

сондағының бәрі әдемі, бәрі шын.

Самырсынды сауғаладық дірдектеп,

дәу жаһұттар өртегенде тау ішін.

Сонда сенің тоңғаныңды білемін.

мен де саған мейірімді жылы ед
ім.

Қолдарыңа қолым тиіп кетті де,

саусағымнан соғып тұрды жүрегің...

*өзен аты


ЖЕТЕДІ ОСЫ...

Сайқал сәуле секілді қара түнгі,

мүсіркеуге келгенде бәрі ақылды.

Обалым ол өзімнің, паруана боп,

отқа жағып жылынсам қанатымды.

Азабын өзім тартам мұңым болса,

б
үйтіп нем бар, бұл өмір тілімді алса.

Өзім арқалаймын тек өз қайғымды,

қол шатырын көтерген ұлуларша...


Арыла алмай жүрсем ащы мұңнан,

көрермін мастығымнан, жастығымнан.

Ағамын тау астымен ақ бұлақтай,

з
ілдей қара дөңдерге бастырылған.

Ешкімді әуре етпеймін, тоңсам енді!

кезіккеннің бәріне айт сол с
әлемді...

Бақытымның көлемі енді менің,

Құйған шайдай ақ қана болса болды.

сол да жетеді....



 МАХАББАТ ЕРТЕГІСІ

Ол кезде сен де, мен де жас баламын,

б
ілмеппіз бір сапардың басталарын.

Еркелетем деп жүріп есіңде ме,

білегіңді көгертіп тастағаным.

Сәл өкпелеп қорқытып сонда мені,

жанарыңа жас моншақ толды әдемі.

Сосын  бірде мұңайдық суға қарап,

Иә, біздің фотограф көл ғана еді.

Мына күн ерте ме, әлде жай бола ма?

ұмыттық...

кеш қамалды сайға ғана.
..

жапан дала жамылып жазғы түнді,

Ай үшеуміз түнеп ек айдалаға...

Мен сүйтіп бауыр басқам, қатты басқам,

бал қаймақтай бала едің тәтті қосқан.

Сен дегенде көктем де ерте көктеп,

өріктей ем, асыға ақ гүл ашқан...

Енді қайтіп шығарам бұл күнді естен?

Күлтесіндей жоғалдық гүлдің көшкен.

Жұлдыздардай жақын ек ығы-жығы,

қырғыздардай тату ек шүлдірлескен.

Енді қайттык тағдырдың осы әлегін?

сора-сора көз жасым жоса менің.

Бос едім боз торғайдың мойынындай,

борсықтың тұмсығындай осал едім...

Біздерді айырғанда не тапты өмір?

Тәтті еді ғой, махаббат, е... тәтті еді!

Еһ, көкем-ай, ел бізді есіркей ме,

Енді қайтер екенбіз екі ақ көңіл...


КҮЗ КЕЛГЕН ҒОЙ

Сен уақытты ойлама мәңгі дос деп,

жаңа ғана түс
еді... қалды кеш боп.

қарашы күз келген ғой...

өрмекшінің,

Қалың торы қашады қаңғылестеп.


Қаңғылестеп жусаннан шиге көшкен,

құрақтарға оралған б
илеп өскен.

Қалың қарға шулайды... қайың-талға,

қара сәуле секілді үймелескен.

Күз желімен жатқандай дала күйлеп,

қамыс басы тұрғандай бала билеп.

Аз кетілген ақ күміс түйме құсап,

қарашы әне ай туды
қара бүйрек.

Шаншу ұстап бұтақтың буынынан,

тамшы тоңған тау жақтың суығынан.

Қарағай қаумалаған қапталдардан,

үйірін іздеп үйдей бұғы ұлыған.

ау-у-у-у-у-у...

Көлеңкесін тұрғандай қозғап адам,

ай нұр
ымен сопайған боз қараған.

Жапалақ жалпылдайды... шапан құсап,

жағасына екі тал көз қадаған.

Көшіп жатқан елестей көне бақтан,

жауып жатыр жапырақ төбе жақтан.

Алақаны секілді ол албастының,

к
өздеріңді жапқалы келе жатқан.

Сипауға зар қылғандай қыз арқасын,

Күн қысқарды...

ал қайт
іп ұзартасың...

Ағаштардың асылған мойынына,

Өрмекшілер: қап-қара күз алқасы,

Өрмекшілер: қап-қара күз алқасы...