МҰҚАҒАЛИ ЖЫРЛАРЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН

15 қазан күні  елордадағы Жазушылар үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Жазайын жырларыңның жалғасын мен...» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Іс-шарада ақынның өлеңдері, жас ақындардың М.Мақатаевқа арнаған өлеңдері оқылды. ақын, диктор, композитор Серік Әбіл, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері, дәстүрлі әншілер Есімхан Жасұлан мен Көштаев Бекарыс ақынның сөзіне жазылған әндерді айтты.

Кешке ақын, Жұмекен Нәжімеденов атындағы сыйлықтың иегері Сұраған Рахметұлы, ақын, диктор, композитор Серік Әбіл, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Мирас Асан, ақын, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Олжас Қасым, ақын, «Әдебиет» порталының тілшісі Арман Шеризат, жазушы, «Түркістан» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр, ақын Әли Бекмұхамет қатысты.

Әдеби кешті Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы жүргізді.