«ӘЛІМХАН ӘЛЕМІ» АТТЫ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

3 қараша елордадағы Жазушылар үйінде Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы мен Қазақстан Жастар фракциясының ұйымдастыруымен көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» партиясы мен «Алашорда» қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақтың тұңғыш математигі, профессор, ғұлама ғалым Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың 130 жылдығына арналған «Әлімхан әлемі» атты конференция өтті.

Конференцияға жазушы, публицист Қайырбек Сәдуақасов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, күйші Жанғали Жүзбаев, жазушы «Құрмет» орденінің иегері Айгүл Кемелбаева, ақын Бақытжан Тобаяқов, қасымтанушы, ақын Азбанбаев Марат Ақторғайұлы, ақын, ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Олжас Қасым, «Әдебиет» порталының тілшісі Арман Шеризат, жазушы, «Түркістан» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр қатысты.

Іс-шараның модераторы - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.