«ТӘУЕЛСІЗДІК БАБАЛАР АМАНАТЫ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯЛЫҚ КЕШТІҢ «КҮМІС ҚАЛАМ» ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін «Қаратау дәстүрлі өнер» мектебінде Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік бабалар аманаты» атты жас ақындар арасындағы республикалық «Күміс қалам», поэзиялық кеші өтті.
«Күміс қалам» поэзиялық кешінің нәтижесі бойынша:
Бас жүлде «КҮМІС ҚАЛАМ» иегері - Ершат Қайболдин Ақтөбе облысы. Жеңімпазға арнайы күмістен жасалған қалам мен бағалы сыйлық табысталды.
Финалист «Есенғали Раушанов» атындағы арнайы сыйлықпен марапатталды - Айдана Қайсарбек - Алматы обылысы .
Жартылай финалға өткен 4 ақынға:
«Жәркен Бөдешұлы» атындағы арнайы сыйлық - Нұрболат Жолдасбек Жамбыл облысы.
«Әбілда Аймақ» атындағы арнайы сыйлық - Әлімжан Әлішер Шымкен қаласы.
«Жеңіс Баһадүр»атындағы арнайы сыйлық - Мұқағали Кенжетай Түркістан облысы.
«Әділ Ботпанов» атындағы арнайы сыйлық - Салтанат Мадиярқызы Шымкент қаласы.