КӨКБӨРІ МҮБАРАК.ҰЛУ ЖЫЛҒЫ ӨЛЕҢДЕР


ТӘЖ- МАХАЛ

 

Дөңгелене барды да аспаным,

Дөңгеленді біздің жүректер.

Мөлтең сияқты еді жастарым,

Аспандай ғана дір еткен.

 

Тәж-Махалым сүйеніп тұрды ма,

Аспан деп айтсам өлеңді,

Махалдың денесі сылдырап,

Аспанша жинады нелерді?!

 

Тәж- Махалдан ғана дарыдым,

Аспанның ішіне хат алып,

Аспанның домалана қалуын,

"Тәж- Махал" деп біз атадық.

 

МЕКЕНЖАЙ

 

Іңірді көрсең сезесің,

Ішінде жатқаныңды біреудің...

 

АЙНАШЫМ

 

Сенің қолың жұмақ татиды,

Ауаның айтқаны...

Ауа айтқанынан қайтпады...

ДҰҒА

 

Алақан жайғанда қария...

Дала ашып тұр алақанын...

Өксиді небір ой...

Даланың қолдары жұмылса...

Азия да болмаушы еді ғой .."

 "МЫҢ БІР ТҮНГЕ" ҚЫСТЫРМА

 

Самырсындай ғана балтырың,

Қыс бойы жасарып тұрғаны- ай...

Деп сұрады Харун

бұл қалай,

Ал, терезеде самырсындар өсіп барады,

Мұның да сөзін тыңдамай.

 

БІР ӘРЕДІК

 

Кітаптің әрбір қағазы әйнектей мөлдір,

Әйнектей айхайшы,

әйнектей тайғанақ,

Кетіп барамын Шекспирдың үйінің шетінде тайғанап...

 

ТҰТАСТЫҚ

 

Жапырақтан оянған

жасыл басты адамдардың бәрі де, Қызғалдақтан оянған

қызыл басты адамдардың бәрі де,

жиылып еді бұл жерде

Көгілдір бидәйдің дәніне,

Уланды аспан көк бидәйдің дәмімен,

Көк бидәйді бір ширатып қалып  ем,

Ішім - бидәй, лықылдаймын әлі мен...

 

АНТАРКТИДА КИІМ АУЫСТЫРАДЫ

 

Антарктида -

кімнің денесі?...

Келесі мұз киу...

Қай құрлық кезегі келесі?...

Мұздар мен топырақ елесі,

көшіп қонып жүр,

Қай тұсқа барам деп келесі...

Айтты олар:

Құрлығы тарылды ғаламның,

Сағынбаймыз осы елесті...

Бөлінейік жүрегіне адамның,

Ия, олар

Қаншама көбейді десеңші...

Деді олар: ия, осылай құтылдық...

Қоламта- қопсы жүректерін бе

Мұз алақанмен сыпырдық.

………………………………………

Сипап ем мен де кеудемді,

ол әлі жылылау қалпында...

Шүкірлік тәңірі, шүкірлік...

 

САНДУҒАШТЫҢ ЕКІНШІ БЕТІ

 

Сандуғаш сайрай білгенмен, 

Сенің атыңды бір қоспайды. 

Әуені бүлдіргенді де тілгенмен, 

Көзіңді бұлыңғырлатып тастайды. 

 

Сандуғаш та жүр күйкі тірлікпен, 

Әні екен деп ұқпа сайраса,

Дәу шегірткені жеу үшін бір күткен,

Не бопты тілін қайраса?!

 

ХИРОСИМАДАҒЫ ХАРАКИРИ

 

Самурайлық шапан аймалай түсіп

Оралды туған жеріне:

Бір шамдағы шайқасқа кетіпті,

Айғасқа қыздары заузадай ұшып,

Жыбек қанаттары төгіле.

Аққұба апаларын шаян жеп кетіп, 

Байланды жәндіктердің беліне. 

Енді не,

Бүлдіргендей Бөбектер қан ішінде ма?!

Бөпе исі қарысады деміне. 

Өзі мінген қара машина, 

Қара шыбық болып шаншылып тұр түрлі сарайға, 

Шаянша ағуда көл-көсір туысы, 

Шаян көмей мақам аян боп. 

Қайран туған жер,

Қош Хиросима, 

Кет жиырма ғасыр, 

Менің ішімде ғана шаян жоқ, 

Ал,  ендеше!

 

ҚҰДАЙДЫҢ ҚАМШЫСЫ

(Еділ қағаныма)

 

Тауды бүгілттік-ау, тасты үгіттік-ау...

Сәйгүліктеріміздің қаншама рет

            сорғалады екен тағасы.

Қаншалаған пырақтарға

анасындай сүйеніп тұрды мама ағаш

еңлік-дүниеге қарашы.

 

Алдияр қаған,

дәтім бар еді

айтатын

            менің сізге.

Осы жорықтан ораламыз деп едіңіз

ағаштар жапырағымен сырмақ ораған  күзде.

 

Содан бері де,

ағаштар жапырағын неше рет тастады...

Сағындым туған топырағымды,

Мені ойлап жатырма екен

көзі жаудырап бітпеген көлдерім.

Ат бақайының арасында жоғалып,

Ат тұяғының күлкісінде шынжырланатын

асыл белдерім.

 

Еділ қаған!

"Кіндігі бір тал жусанмен буылған",

мен де өзіңіздей бір Ғұнмын.

Орхоннан аттанғаннан бері де

қаншама рет сілтелді

Менің осы самырсынға айналған қолымда

ырғай сапты сүңгім?!

 

Еділ қаған-ау,

Сізді "ҚҰДАЙДЫҢ ҚАМШЫСЫ" дейді екен

Алпы тауының,

Ерейен, Дөней, Тебір бойларының елі.

Күмілжіп кететінін көрдім ғой талай жол

Жатжұрттықтардың

сіздің алдыңызда қабыршақтанып қолы.

 

Қаған,

Бір алып өзеннің бойында

өте алмай көп іркіліп қалған еді бір жолы

біздің Ғұндардың теңдессіз қолы.

Сіздің қайратыңыздай еді өзеннің айбыны,

«ЕДІЛ!!!» деп ұрандадық бәріміз,

Ақыры өттік,

өзеннің өзені еді,

«Еділ» деп атап кеттік қой біз

содан бері де оны.

 

Еділ қаған,

Орхон, Тула есіме түседі

ақжал толқындар

ат жалын тастаған кездерінде көміп.

Кәріңізді төге көрмессіз қаған,

Дәт қып айтқым кеп еді сағынышымды,

Қараңғы түндерде

келе жатқанда

ат үстінде

ойға шомып.

 

___________________________

Ерейен- Рейн, Дөней- Дунай, Тебір - Тибр өзендері.

 

ҰРЛЫҚШЫ АЙ

 

Үкі айды біледі –

Оның бөтен бір жан екенін.

Эһ,

Дір етемін:

Адамдар білмейді айдың –

Ұры екенін,

Ай кеткен кезде,

Қаншама арулар талықсып қалды төсегінде,

Қобалжып отыр от мекен,

Ұйқысын таппадым арулардың,

Ай қайда ұрлап кетті екен?!

 

СЫРДЫҢ ҚАЛЫҢ ҚАРЛЫҒАШЫ

 

Мына бара жатқан қалың қарлығашты,

Гомердің алдында ұшырғым келді,

Ол айтар:

Массагеттердің арулары ма,

Сыр-Дәрияның сыңғырлаған жақұттары ма,

Көре алмадым ғой.

 

ҚАЛА

 

Қырық терезе ашылады,

Қырық көйлек ашылады,

Қырық бұрым асығады,

Қырық қолдар терезенің

Топсасына шашырады...

Одан туған сағымды көр...

Жамырайды жаныңда өмір...

Әлдекімше моншақтайды,

дебіл, дебіл... жаның де ебіл...

Темір аспан сырқырайды,

Астыңғы аспан бұрқырайды,

Жирма көлік тоқтайды да,

Жирма сағат жылтырайды...

Уақыт сатам! кім алады?

Сен жоғалдың жылап әрі...

қылымсып қап күналарың...

Қырық терезе ұялады,

Ай да оған қарап отыр...

Жүзігін ол қасыған,

Қала жатыр шашырап...

Отыз темекі үріи бастап,

Отыз саусақ сасыған...

Он бес гүлдер мұнартып...

Ширшықтады түн алқып...

Елбелеңдейді балауыз ел...

Тұман көзім құмартып...

 

ҚОҢЫР АЮ

 

Аюдың үстін кірлетті,

Бір ғана қоңыр поэзия

 

МОНАЛИЗАНЫ ТАУЫП АЛУ

Кеудеңді сәл-пәл сыдыршы,

Монализаны көре аламын.

 

ЖАЛҒЫЗ СӨЗДІ ӨЛЕҢ

 

Поэзия...

 

КӨБЕЛЕКТЕНБЕУ

 

Көбелектер - ұшқан тырнақтай еді,

Алынып біткен тозғанап,

Жиркеніп қалам ши басынан оны қозғап ап,

Отырғанымда көбелекті жақындатпаңыз

Тізелерімді жазға орап.

поэзиядан алған жазым бар,

көбелексіз де аз аған!

 

КӨТЕРІЛІС

 

Көтеріліс, көтеріліс ...

Ажалды қуантқан сөздер ол...

Һам ажалды

ұйықтатпайтын еді ол...

 

АРАЛ

 

Аралдың өлген кемелері -

Анарындай өлген ананың?...

 

ЖАҢА АМАЛ

 

Ақын еместер байланысты

аспанмен -

Телефон арқылы .

 

АЛМАТЫ

 

Алматы кіреді қыз болып...

Тас жолдан...

Алматы күледі сізге еніп...

Күлкісі жуасып бақтардан...

Кемпірқосақ кеткенде

Отырдың ырғалып,

Бір концерт өткенде,

Жырғадық:

Алматы айтады,

Домбыра үшін деп...

Алматы қайтады,

Домбыра ішінде...

Алматы билейді,

Аяғында арудың...

Алматы имейді,

Ешбір мойынын сағымның...

 

Еп- еркін, мүсәпір бір қала...

қолында сағат жоқ...

Алматы - ессіздеу, тыңдама,

Тек қана алмаша қарап кет...

Алматы тосады...

Автобуз келуін...

Алматы қосады,

Метро рельсін,

Алматың таяды,

Табаным онікі,

Алматы тояды,

құрсағы - менікі...

Алматы ағады,

Тостаққа құйылып...

Ол кімге барады,

Қымызшы қыздың қолында қиылып...

Алматыға кезіге алмайсың,

Барахолкаға кезігіп...

Ақыры, сен оны өлеңмен алдайсың,

Өлеңнің бір жолы Алматы сезіліп...

Алматы шашады...

Әтірін бір елдің...

Алматы жасады,

Қызымның бір ернін..

 

 

ОЙЛАМА

 

Аспанның да түстері жүр адасып,

Сахабаның түстеріне ғашық бұлттар таласып...

 

АЩЫ ДӘМ

 

Бұлт татиды иегің -

Бұлтиуын қоймаса.

 

МИКРОСКОП

 

Жұлдыздар титтей күлмейді,

Көтеші ғой бізге аңырған.

 

ӨЗІ ЕМЕС

 

Алып кетер ем

жетіқарақшыны оятып,

Меңімен тағы ұйықтаса

 

ДАЛИ БАУЫРЫМДЫ ҚУАНТУ

 

Голландияның су тирмендері

көбелек боп ұшып кеп жатыр ,

Сенің үйіңе ғана жібердім .

 

___________________

Дали - Испандық суретші Салвадор Дали.

 

 

ТҮЗЕТУ КЕРЕК

 

Түсіме неге кіреді...

Түсіме неге кіреді

туылмай қалған ақындар?!...

Жаңбырдың басын шымшылап,

Түсімнің өзі қыңсылап:

- мен де бір ақын едім,

түсіңе бекер айналғаным-ай деп

жүр өлі.

 

АЯН

 

Ей, адам,

Аспанның барлық даласын,

Ұшаққа мыжытқаның не?

 

"БАҚЫТСЫЗ ЖАМАЛДЫ" ТАРЫМДА ОҚУ

 

Бақытсыз Жамал құм теріп,

Берер едіңбе Тарымға

 

 

ОҢАЛУ

 

Домбырада жүрген Ертістің

қай-қайсысыда жақсы еді....

 

 

ОЛ

 

Ғарыш мінезді бадырақ көз.

 

 

ОЙЛАНУ

 

Теңіздің ішінде отырсаң,

"Аққан көзбін!" -,  дейді ол саған .

 

(СОҢЫ)