Мен туған жер...
Білмейтіндерге айтамын.
Мен туған өлке, Өр-Алтайдың төсі еді,
Ер баһадүр, ата баба,мекені еді,кешегі.
Өр-Алтайдай, өр мекенде туылған,
Сірә, менің маңдай бағым бес елі.
Қымбат маған
Тәкәпар шың, ағынды су,орманы,
Ұшқан құсы, жортып өткен аңдары.
Ақ жаулықты апатайым секілді,
Жыл он екі ай қары кетпес таулары.
Арман емес
Өзге елдің, маған өгей даласы,
Парижі мен Стамбулдай қаласы.
Шұрқырасқан төрт түлігі төсінде,
Төр жайлау мен ат шаптырым,
Лондынның арасы.
Мен туған жер
Міне осындай, өр мекен,
Сенбеуіңде мүмкін досым көрмесең.
Ақынмын деп айту маған күнә ғой.
Туған жерге, өлеңмен сый бермесем.
Тау ұлымын
Тау ұлы едім, тау басында туылған.
Ит көйлегім тас бұлаққа жуылған.
"Таудай бол" деп бата беріп бір кезде.…
Әкем мені ұшырған еді тұғырдан.
Содан бері азды көпті өтті жыл.
Таудай биік мен болмадым текті ұл.
Оқу оқып бастық болам деп қоям.
Кім біледі бекер өтті бек ғұмыр.
Таудың ұлы қала ұлына айналған.
Интернет пен телефонға байланған.
Тас қалаға тас бауырлап жабысып.
Тау туралы анда-санда ойға алған.
Бәріде бар бұл қалада керектің.
Ордасы бұл төбелес пен егестің.
Бар ғаламды көз алдыңа әкелер.
Ақшаң болса ғалам торға не жетсін.
Деп жүрушіем, бүгін бірақ безіндім,
Қолымдағы телефонда жауы екен көзімнің.
Қабат-қабат тас үйлерден Құдай-ау,
Шаңырағынан күнінің нұры төгілген,
Қазақ үйім артық екен өзімнің.
Артық екен ғаламторсыз сол дала,
Табынбайтын балгерге де балға да.
Елді тастап білім іздеп келген соң,
Жанға демеу айтар сылтау сол ғана.
Жетімнің монологы
Лағынет айтар ең күндерге
Лағынет айтар ең түндерге
Өмірдің қадірін жетімше түсініп
Өмірді бай емес, жетімше сүргенде.
Ол үшін жарық күн,
Бастауы болса егер азаптың,
Ал түннің түнегі, дәл өзі тозақтың,
Қаршадай күнінен, басына қасірет орнаған
Бір ұлы еді ол, ер жүрек , қазақтың
Көрген жоқ сәби боп ананың жылуын,
Тәңірі осылай сызған соң сызығын.
Әр сәтті тек мұң мен өрілген
Жел тербеп, жел өкпе, жетімнің тұлымын
Еш пенде түсінбес бар сыры ішінде
Қайғының шарабын қасықтап емес ол
Кеселеп күн сайын ішіуде
Құшақтап бетінен иіскейді
аяулы анасы түсінде.
Сондықтан ол түнде ұйқтауға тым асық.
Арманы жатады түндер мен ұласып.
Бір сәтке кетпейді анасы қасынан
Түсінде жатады күлісіп жыласып,
Ұлы өмір ұлының үмітін ұрлады,
Тек мұң мен есінде, өткізген жылдары.
Біреуі жетім боп, біреуі жесір боп,
Күн кешіп жатыр - ау құдайдың құлдары.
Өлшеулі ғұмыр
Жүрміз ғой уақытша, менде сенде,
Еш қандай кепілдік жоқ өлмесіңе.
Өмірге келмей тұрып Жаратушы,
Өлшеулі ғұмыр берген пендесіне.
Жазылған пешенеңе барлығы да,
Өмірдің кеңдігі мен тарлығы да.
Не көрсеңде көне біл, көзді жұмып,
Өкпеле ме, өкінбе, тағдырыңа.
Қанағат қыл бұйырған несібеңе,
Ілесе біл өмірдің көшіне де.
Бай болам деп, ақшаға сатпа арыңды,
Не жазылса, сол болар, пешенең де.
Аспайсың жаратқанның жазуынан
Өзгермес дүние шіркін қалыбынан
Жетсеңде арман болған биік шыңға
Қол үзбе адамдықтың ауылынан.
Ақын кетті...
(Фариза Оңғарсыноваға арнау)
Сарқылмаған бойынан ар ибасы,
Ақиқат ед ұстанған қағидасы.
Аспаннан жарық жұлдыз ағып түсті,
Өтті өмірден Қазақтың Фаризасы.
Ескі көздің бірі еді, көрген көпті,
Өлеңімен өмірді өрген епті.
Өкіндіріп өзінің туған елін,
Кешегі Мұқаң кеткен жолмен кетті.
Жаңа ғасыр, жыр ғасыр, мына ғасыр,
Қонақтатар әлі өмір санаға сыр.
Кетседағы ақының бақилық боп,
Артында қалды жыры ұлан асыр.
Ақын жыры асады-ау құздан әрі,
Кеміте айтар көре алмай қызғанғаны.
Қиылды тамырынан мәңгілікке,
Қазақтың құмда өскен қызғалдағы.