68

Гүлнұр Ерешқызы. Келші, көктем!

Келші, көктем

 

Көңілді елжіретіп, келді көктем.

Сұлуын табиғаттың күттім көптен.

Сәулесі күн нұрының, баурап жанды,

Шуағын арайлатып, төкті көктен.

 

Қыстың да ызғары өтіп шаршағандай,

Көңілде шуақ шашып, тасығандай!

Құс сайрап, тал- шыбықтай бұралғанда,

Журегім атқақтап тұр, асығып-ай!

 

Келші көктем, жадыратшы жанымды!

Жас желеңге бояп баурай тауымды!

Келші көктем, ашшы бұлақ суымды!

Мөлдіретіп, жуып шайшы көңілді!

 

***

Алыспа, артық адам кінәлі ғып,

Кейіме, өмір келер бір ақ рет.

Өмірдің алтын кілті өз қолында

Сырын аш, өз-өзінді өзгертіп ап.

 

Алла, берген адамын өзі алады,

Ұғыну осы сөзді қиын бір-ақ

Түбінде баратын жер, біле-білсең.,

Сондықтан өмір заңын түсініп бақ!

 

Ақылыңды, санаңды, ой тазала,

Әрбір істе болғайсын, өте дана,

Ойлап бақ, кімге көмек бере аласың,

Аянбай, сол адамның көңілін тап.

 

***

Мен әлі ақын емеспін!

Мендағы әлі ақын емеспін,

Жазғандарым өз-өзіме елес тым.

Сырымды сығалатып ақ қағаздан,

Жүрмін ғой сөздерімді жүрегімнен теріп мың!

 

Мен әлі ақын емеспін,

Сезінген сезімді сұлу елестен,

Жыр іздеп көгілдір көк аспан, алыс белестен.

Мен әлі ақын емеспін.

Жыр жазып, ән әлемін тербеткен.

Мен әлі ақын емеспін!

Сұлулықты табиғаттан іздеген.

Жан дүниесін әр кезеңге теңеген.

Жаны мұздап, ой тереңге кеткенде,

Аруағыда өлең жаз деп демеген.

 

Анамызға барғанда

 

Өмірдің өшпес күндері,

Санамызда жатталған!

Балалықтың бейнесі,

Анамызда сақталған!

 

Есейсекте бәріміз,

Жас құлындай тулаймыз.

Анамызға барып-ап,

Балапандай шулаймыз!

 

Бүгінгі күн тағы да,

8-ші март дедік.

Жиналып-ап бәріміз,

Анама бардық, тағы біз!

 

Анам менің кейуана,

Өмірдің көрген ащысын!

Балалары келгенде,

Алдына қойған тәттісін!

 

"Әткен" шайын әзірлеп,

Майын салып, ет сүрлеп!

Отыр екен даяр боп,

Келеді бәрі, бүгін -деп!

 

Шіркін-ай, сезім күшті ғой,

Бәрі еске түсті ғой,

Құштарлығым оянып,

Балалық шақ кезіме,

Қайта оралғым кеп, кетті ғой!

 

Аман бол Анам, әрқашан,

Сезімім саған орасан!

Бүгінгі күн ерекше....!

Барып келдім тағы да,

....Сол балалық кезге мен!

 

Сезім күші

 

Бір сезім бар бақытқа бөлейтұғын,

Ырқыма мен ойлаған көнбейтұғын.

Жылы лебіз жүзімнен кете қоймай,

Жанымды әуенімен тербейтұғын.

Құшағым әп -әдемі гүлге толып,

Қиялым көк аспанда тербейтіндей.

Аппақ бұлт мамығындай сияқты боп,

Жүрегім бір жылулық сезетіндей!

 

Шалқытса шабыт кернеп көңілімді,

Өлеңмен жеткіземін өз ойымды.

Сезімім толқып келсе көкейіме,

Ақ қағазға жазылар шумақ болып!

 

Әсем күз

 

Әсем күз еркеледім мен өзіңе,

Еркелеттің жылу шашып көңіліме.

Шіркін-ай осы сезім мәңгі қалсын,

Еркелегім келеді, ерке күнге.

Ғаламды махаббатқа бөлендіріп,

Тұс кілемі секілді төгілдіріп.

Жарқыратып сары алтынды шашып тастап,

Баурағандай, кең даламды, алтын нұрың.

Алтын күз мен саған ғашықпын,

Сезімімді сан түрлі  жеткізуге асықпын.

Келеді жас балаша шыр айналып,

Құшағына оранып жастық шақтың!

Маужырап кете қоймай күн жылуы,

Мизамы алтын күздің   әп-әдемі!

Жасыл терек жайқалып, ақ қайың тұр

Сырғи түссе жапырағы әп-әдемі!

 

Самал жел, лебі желпіп баурағандай,

Тылсым күш кернеп бойды шалқығандай,

Қандай әсем алтын күз әсер бердің,

Қарай бергім келеді  көзім тоймай!

 

Ақындарға

 

Жүрегінің түбінен сыр аңдытқан,

Сезімін қаламына бағындыртқан.

Ұнатамын ақындарды ән жыр жазып,

Көңілін оқырманға жиі аңдытқан!

 

Тебіреніс толқып келген буынымен,

Жыр жолдары жазылады, жүрегіңнен!

Өзің-ақ қаламыңды қолға алып,

Шумақтарды тересің сөзіңізбен!

 

Көңілі ақындардың нәзік дер ем!

Ешкімнен "жара" сұрап, алғын демен!

Өмірдің ащылығын көргеннен соң,

Әсерлі етіп, жеткізер ойын деген!

 

Болмайды ақын, барлығы сөзді білген!

Ұштаспаса сөздері көңіл-күймен!

Сезіну ұлы сөздің ұлылығын,

Жеткізу одан бөлек, сөздігімен!