«ЖАСЫН СӨЗДІҢ ЖАРҚЫЛЫ» АШЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Павлодар облысының тумасы, белгілі журналист, жазушы, сатирик Жанат Тұрғанбекұлы атындағы «Жасын сөздің жарқылы» облыстық ашық шығармашылық байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

                                           

1. Байқаудың мақсаты

1. Байқау белгілі журналист, публицист, жазушы, сатирик, өлкетанушы Жанат Тұрғанбекұлының тұлғасын, шығармашылығын насихаттап, кейінгі ұрпақтың кәдесіне жарату, сатирик қаламгерлердің қатарын көбейту,  олардың өркендеуіне ықпал жасау мақсатында өткізіледі.

2. Байқаудың өтетін күні, уақыты мен орыны

2. «Жасын сөздің жарқылы» облыстық ашық сатиралық шығармалар байқауы 2022 жылдың ақпан айының 22-сі күні жарияланып, 2022 жылы 31 наурызда облыстық «Шаңырақ» орталығында қорытындыланады.                            

3. Байқаудың өткізу тәртібі

3. Сатиралық шығармалар байқауына жасы 16 бен 30 жас аралығындағы қаламгерлер қатыса алады;

4. Байқауға қатысатын үміткерлер санына шектеу қойылмайды.

5. Байқау II кезеңнен тұрады:

I кезеңде қазылар алқасы шығармашылық байқауға ұсынылған туындыларды іріктеуден өткізіледі.

II кезеңде жеңімпаздар мен жүлдегер қаламгерлер Павлодар қаласына шақырылып, марапаттау рәсіміне қатысады.

6. Әр қатысушы 2 шығарма жолдай алады.

7. Қатысушы шығармасымен қоса, аты-жөнін, мекен-жайын, байланыс телефонын жазып, nt_shanyraq@mail.ru жібері қажет!

Автордың аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетілмеген шығарма және мерзімінен кешіктіріліп жолданған шығарма қабылданбайды!

8. Шығармалардың көлемі 15 беттен аспауы керек;

Шығармалар 28 наурыз, сағат 00:00-ге дейін қабылданады!

9. Байқауда ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, танымал қаламгерлерден құралған қазылар алқасы төрелік етеді;

10. Қазылар алқасының шешімі қайта қаралмайды.

11. Ескерту: байқаудың ІІ кезеңіне қатысушылардың жол шығыны мен жатар орыны жіберуші жақтың есебінен!

          

4. Мәдени шараның қорытындысын шығару

12. Сатиралық шығармалар байқауының қорытындысын жасау. Байқау 2022 жылы 31 наурызда облыстық «Шаңырақ» орталығында қорытындыланады.

 

13. Байқау жүлдегерлері марапатталады:

Бас жүлде /бір/

1-орын /бір/

2-орын /бір/

3-орын /бір/

Ынталандыру сыйлығы /екі/

  

Мекен-жайымыз:

Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 48-үй, облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы.

Электрондық пошта: nt_shanyraq@mail.ru

Барлық сұрақтар бойынша: 8 (777) 936 15 04 (Еламан Қабділәшім)