"ШАМ ЖАРЫҒЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ" ПОЭЗИЯ КЕШІ ӨТЕДІ

"Şam" әдеби шығармашылық орталығы — 2016 жылдың 19 қарашасында Шымкент қаласында құрылды. Әдебиеттің түрлі жанрында шығарма жазатын жас қаламгерлердің туындыларын насихаттау, жас авторларға жан-жақты қолдау жасау мақсатында іргесі қаланып, жетекшісі белгіленді. Орталықтың төрағасы болып ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі — Сүндет Сейітов сайланды.

Жоғарыда аталған шығармашылық кештің мәні бөлек. Атаулы кеш "Şam" әдеби шығармашылық орталығының 5 жылдық мерейтойы аясында "Шам жарығындағы кездесу" деген атпен өтеді. Кеште шығармашылық орталықтың мүшелері өлең оқып, поэтикалық жекпе-жекке шығады. Кеште үш жыр жинақтың тұсауы кесіледі. Атағанда, "Мәңгілік гүл", "Шах-Мат", "Икигай" кітаптары оқырмандарға таралмақ.

Күні: 21.12.2021

Уақыты: 15:00-де

Өтетін орны: Түркістан көшесі, 1

Жастар ресурстық орталығы