Нәзипаның шығармашылығы қазақ совет әдебиетінің қалыптасу қезенімен (1917-1929 жж.) тұспа-тұс келді. Ол халықтың игілігіне жан аямай еңбек еткен Қандай заман болса да, әр кезде қазақ халқы ақсақалдардың айтқан сөздеріне құлақ асқан. Мысалы, Абылай хан қалмақтардың тұтқынына түскенде Қазыбек би қонтайшы Қалдан-Сереннің бетіне тіке қарап, сөзін айтқан. Нәтижесінде Абылай ханды құтқарып алған. Қазіргі кезде сөздің қадірін, бағасын білетін тұлғалар – қаламы ұшқыр, ойы өткір журналистер. Қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналист – Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанова. Ол 1887 жылы 27 шілдеде Торғай қаласында дүниеге келген. Бұл уақытта қалада туылған қыздардың болашақ мүмкіндіктері ауыл өңірінде туып-өскен құрбылардың келешегіне қарағанда жақсы болған. Үлкен талант иесі Нәзипа 1902 жылы Қостанай қаласындағы орыс-қазақ гимназиясын тәмамдап, 1903-1904 жж. оқытушылар семинариясында ұстаз еткен. Нәзипа Сегізбайқызы жастайынан бері ержүрек, жігерлі кісі болған. Әке-шешесі Нәзипаны бір жігітке атастырып, қалыңмалын алған. Қыз бой жетіп, осы жігітті сүймегендіктен, оған тұрмысқа шығудан бас тартты. Нәзипа қазақ даласының салты бойынша бұрын берілген қалыңмалын қайтаруға тиісті болған. Бірақ, қыз отбасының материалдық жағдайы төмен еді... Енді қайтті? Қиын жағдайдан шығу үшін облыстық әскери прокурордың көмегіне жүгінді. Осылайша, мәселе өзінің оңтайлы шешімін тапқан.
Нәзипа Сегізбайқызы жаны қалаған адамға тұрмысқа шыққан. Жұбайы Нұрғали Құлжанов – осы заманның көрнекті ағартушыларының бірі. Ол да мұғалімдік қызметін атқарған. 1905 жылы жанұя Семей қаласына көшіп келген. Құлжановтардың Семейге келуінің себебі – Нәзипаның ата-анасының ескі әдетпен біреуге атастырып, қызы үшін қалыңмал алып қойғандығы жұрттың тіліне тиек болған. Ал 1913 жылы Н. Сегізбайқызы Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінің «Азамат серіктестігі» ұйымының мүшесі атанған. Дарынды Нәзипа ұлы Абайдың шығармашылығын жақсы көрген. 1914 жылдың 26 қаңтарынан бастап Абайдың қайтыс болғанына он жыл толуына орай бірнеше әдеби кеш ұйымдастырды. Кештерде Абай өлеңдері оқылды. Бұл кезеңнен бері Нәзипа қоғам және саяси қайраткері ретінде танылды. «Қазақ», «Сарыарқа», «Алаш» газеттерінде журналистің көптеген мақалалары жарық көре бастады. 1917 жылы Семей облысындағы қазақ съезіне атсалысып, сол съезд төралқасының құрамына енген. Нәзипаның шығармашылығы қазақ совет әдебиетінің қалыптасу қезенімен (1917-1929жж.) тұспа-тұс келді. Ол әдебиет пен өнер саласында көптеген зерттеулерін жазды: «Әдебиетке көзқарас», «Қазақ әдебиеті», «Шолпан ақын қызы», «Семей театры» және басқа.
Сонымен бірге, Нәзипа көптеген мақаларында әйелдер үшін маңызды мәселелер туралы қалам тартты. Қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров «Таныстыру» поэмасын Нәзипа Құлжановаға арнаған: «Ардақты бар Нәзипа деген ханым, Газет, журнал жүзінде жұртқа мәлім. Оқыса сондай әйел шығар ед деп, Оқығандар бағалар сөздің дәмін. Неше күн қыдырсаң да таба алмассың, Семейдің одан өтер адал жанын...», – деп Нәзипа Сегізбайқызыны сипаттаған. Н. Құлжанова қазақ қыздарынан шыққан тұңғыш журналистердің бірі ретінде танымал болып, сонымен бірге есімі педагог, ғалым, аудармашы ретінде де қазақ халқының тарихында мәңгілікке қалды. Ол екі тілде бірдей жүйректігімен де көзге түскен. Оның орыс тіліне жетіктігінің арқасында Абай Құнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Ғабит Мүсіреповтың шығармалары орыс тіліне аударылды. Ал қазақ оқырмандары қазақ тіліне аударылған Лев Толстой, Максим Горький, Александр Куприн, Владимир Короленконың әдеби туындыларымен танысты.
Нәзипаның өтініші бойынша орыс композиторы Александр Затаевич «Қадыр зары», «Ғайни-ау, сәулем» әндеріне музыка жазды. 1920 жылы Н. Құлжанова Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариатының оқулықтар, кітаптар шығару бойынша арнайы комиссияның құрамында да жұмыс істеді. Сонымен бірге, Нәзипа қазақ әліппесін дайындаған маман ретінде белгілі. 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан», «Әйел теңдігі», «Айқап» журналдарында жұмыс істеп, «Қазақ», «Бірлік туы», «Алаш» басылымдарында өз мақалаларын жариялаған. 1922 жылы Сәкен Сейфуллин Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасы және «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы тағайындалды. Сейфуллин Нәзипаны аталмыш газетке жұмысқа шақырды. Қызмет барысында әріптестердің арасында беделі артып, Нәзипа Сегізбайқызы тез арада танымал авторлардың біріне айналды. Сонымен бірге педагогика саласында көптеген кітаптардың авторы: «Мектептегі дәстүрлі тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі», т.б. Қазіргі кезде де ғалымның еңбектері өзінің өзектілігінен айырған жоқ.
Нәзипа Сегізбайқызы Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Молдағали Молдабаев, Аманғали Сегізбаев секілді әдебиет және қоғам қайраткерлерімен көп араласқан. 1929 жылы Нәзипа апай үйде отырып жұмыс істеуге мәжбүр болды. Мұрағат мәліметтерінің дерегінше, Құлжанованың денсаулығы нашарлап кетті. Бірақ ғалымның жағдайы жайында басқа пікір де бар. Яғни, Алашорданың қайраткерлерімен қарым-қатынас орнатып жүргендіктен, патша сақшыларының «назарына ілігеді». 1934 жылдың наурызында Нәзипа Құлжанова созылмалы аурудан көз жұмды.