ЕГІЗ ЖҮРЕК
Егіз жүрек еркін беріп сүйіскен,
Сезім туын қадаушы едік биікке.
Алаулаған махабаттың дариға-ай,
Кім ойлаған айналарын күйікке?
Өткен іске өкпелі боп бұл күнде,
Мені ойлаумен мең- зең болып жүрсің бе ?
Махабаттың азабына жолыққан,
Дауа бар ма,селтең сезім шіркінге.
Біз болармыз қосыла алмас шын ғашық,
Жүрек жүдер күрсінумен үн қатып.
Айнымастан алғаш сезім сертінен,
Аңсап өту өзі қандай бір бақыт.
Егіз жүрек айырылып жүргенмен,
Тірлігінде тыныстайды бір деммен.
Шын ғашықпыз екеуіміз мәңгіге.
Әлде кімге тәуелді өмір сүргенмен.
САҒЫНЫШ
Еркімді бағындырып елесіңе,
Ораласың әрдайым сен есіме.
Теңізін тіршіліктің жүзіп жүрмін,
Мініп-ап сағыныштың кемесіне.
Ұштың… әттең! Кеттің-ау, құсым қонбай,
Жүрегіме түскен бұл қысым қандай.
Әлі күнге деп келем, өңім емес,
Түсім болғай, бір көрген түсім болғай.
Орап-ап саған іңкәр ақ тілегін,
Жүрегім құстай қанат қақты менің.
Жазымыш салған жанымның жарасына,
Саған адал сағыныштан таптым емін.
Амал қанша қоспаса тағдырымыз,
Жүрмейді екен жалғанға жарлағымыз.
Тек сағыныш барады оттай лаулап,
Оралмайды амал не бал күніміз.
Сонда мен өзіңді есіме алам,
Ендігі тірлік сиы осы маған.
Төзбесем азабына сағыныштың,
Арқалайын есімін несін адам.
АПАМА
Ақылманым, қормалым апам еді бір кезгі,
Ұымытамын мен қалай өткен асыл күндерді.
Тәрбиемен өсірген арман қойып алдыма,
Ақыл, мұра артында өшпес мәңгі мың белгі.
Асыл апам ардақты, ақылман ед өрелі,
Берген тәлім таусылмас ақылия келелі.
Өнеге алып өзіңнен болашаққа жол алғам,
Қадырыңыз қашанда бізге қымбат өр еді.
Өткен күндер келмеске кетіп қалды асығыс,
Үн- түнсіз тек жасапсыз жақсылықпен асыл іс.
Ақылыңның нарқымен алға басқам күн сайын,
Мейыммен қалтырған халық едік ғасырға із.
Ауылымның сәні еді қариялар кешегі,
Өсірген ед ұрпақтарын өрелі де жетелі.
Сағынамыз әттең- әй алтын ақыл қарттарды,
Уақыт шіркін!тұрмайды, жылжыиды да өтеді.
Қариялар қатпарлы тарихтың куәсы,
Өлең жазсам әз апам болдың ылғи жыр басы.
Шіркін дәурен сол шақтар оралмасқа кетті де,
Қала берді өсиет өлмес болып мұрасы.
Ақылымен бастаған еңсетпей бізді өреге,
Сағынады, аңсайды өткен күнді жыр кеуде.
Нүпір тасы гаухардай қазыналы тау едің,
Өзен едің сарқылмас тұнық құяр мың көлге.
Асы лапам, ардақты дәрия кенім қашанда,
Мәпеледің, баулыдың, қостың әкеп қатарға.
Тағдыр салған ісіне көндік біздер амалсыз,
Қимастықпен қоштасып аттандырдық сапарға.