Әнуар АМАНЖОЛОВ: «МАҒАН ҚИЫН ӨРТЕНУ ЖҮРЕГІҢДЕ...»

ҰЗАҚ ҚОШТАСУ

 

Хаттарымды өртеп жібер,

Алақаның жылынсын.

(Тыныштықбек Әбдікәкімұлы)

 

Жасымызды ішке тартып,

Сезімдерді сыртқа теуіп.

Жүрекке мұң түскен артық,

Сағынышпен сырқат едік.

 

Бізге жазған тағдыр солай,

Әлде, бәрі кереғар.

Қаламымда қалды осылай,

Саған оқыр өлең ал!

 

Аят оқып көп күнге анау,

Аспанымда жауыр күз.

Жеткізбей-ақ кеттіңдер-ау,

Сәуір өлең.

Сәуір қыз.

 

Адам ұқпас парқын кейде,

Махаббаттың қайда да.

«Мезгіл неге салқын?» дейді,

Неге сұп-сұр айнала?

 

Сұрадым мен тағдырымнан,

Иә, Тәңірдің тілімұң!

Жанарымның жаңбырынан,

Сөніп қалған жылуым.

 

Түсінбеді, түсінді ме?

Уа, жазған-ай, еркімді бер.

...Өңімаяз, ішіммола,

Құшағыңмен өртеп жібер.

 

Жоқ болайын мәңгілік...

 

* * *

 

Көктем.

Сәуір.

Мен және күн.

Тыңдаймыз желдің салған мұңды әуенін.

Бітпеген біздің әуенжел айтқаны,

Жабығып сен де соны тыңдар ма едің?!

 

Алысқа асығамын желігіп мен.

(Сағынып сен де, қалқам, егіліп пе ең?)

Күн де анау құлайды кеп көкжиекке,

Төзімім секілденіп сені күткен.

 

Уақыттың шабады, әне, құлыншағы.

(Жанымды сол ұғады, ұғынса бір)

Қасымда ойнақшиды гүлге оранып,

Жап-жасыл көйлек киген сұлу сәуір.

 

Сен едіңақ сезім боп мені өзгерткен,

Мен едімсағыныш боп сені өзгерткен.

Уақытты ерттеп алып күні ертең-ақ,

Алдымнан шауып өтер кербез көктем.

 

Кетеді сәуір де ертең, көктем де ертең,

(Жалғыз қап өртенем бе, көркем, не етем?)

Кеудемнен сығымдалып тамады айға,

Сезімімжанарыңдай мөлтек екен.

 

Қаншама сәтті армандап, еңсеріп ем.

(Жүрекке жанарың кеп тисе бірден)

... содан соң шашымнан кеп сипасаң ғой...

... содан соң көзімнен кеп сүйсең екен...

 

Өзіңе ауа берді аңсарым-ай,

Күтумен құбыладан шаршадым-ай.

Қиялым өңге айналған сәтте сонау,

«Риза едім жанымды кеп алса Құдай».

 

АРЫЛУ

 

Күн батқандай көзімде, реңімде,

Тығырыққа шақ жүрмін тірелуге.

Өз өртіме өртенсем түк емес-ау,

Маған қиын өртену жүрегіңде.

 

Санамды ойлар торлаған, көгімді мұң,

Сөзім де мұң,

жыр да мұң,

көңіл де мұң.

Өткен күннен бұлт боп қайта оралып,

Ауыр маған, көзіңнен төгілгенім.

 

Күзде келіп жылайды тағы аспаным,

(Туар, бәлкім, Құдай да қарасқан күн)

Маған жақсы деймісің алай-дүлей,

ойларыңның ішінде адасқаным.

 

Сен ұмыт боп қалмайсың даусың барда,

Көмсем дағы теңізге, тау, шыңдарға.

Арылармыз бір күні не өлеңнің,

не маңдайдың жазуы таусылғанда...

 

* * *

 

Жанерке,

Жанерке жан,

Жанерке қыз,

Қалдық па бұл өмірде тағы екеуміз.

Бақытта бізді көріп үрки берді-ау,

Біреудің тағдырында бар ма екенбіз?

 

Өмірдің алсақ дағы көп сабағын,

Несіне қызғанды екен мұнша бағын.

Досы көп жан болсам да айналамда,

«Қыз да болсаң, өзіңе мұң шағамын.»

 

Өмірге өкпелемеу – біздің ерлік,

Несіне жырлай бердік күзді келіп.

Бақытты іздей-іздей шаршадық қой,

Ендігі өзі тапсын бізді келіп.

 

2022, мамыр