Теңіз. Толқын
Тырс-тырс ете, теңізге жас құлады,
Шағалалар - шарасыз мас қылады.
Жағалауда толқынның əсерінен ...
... тастың əні ...
Жағалау.
Күн.
Жалғыздық жабырқаған,
Өкініштер, күйінде жабылмаған.
Теңіз:
Сезім - құйылған сия-сауыт,
Қыл-қаламы:
Толқыны таңырқаған...
Аспан - айна теңізге мың ғасырдан,
Теңіз.
Толқын.
Артықтау мұңдасыңнан.
Көк теңізде талайдың жалғыздығы.
Талайдың, көз жасы бар...
Мұң косылған...
Шағалалар шарасыз олар əлі,
Теніз.
Катерь.
Тастанды жағалары.
Көк теңізде бұлттардың тамшысы бар,
Толқынында - арудың орамалы.
Толқынынан тууда тастың əні,
Талай - талай теңізге жас құлады.
Теңіз: Жүрек
Толқын: Ми секілденіп,
Шағалалар - шарасыз мас қылады...
Мола басындағы жыр...
Керек емес, мені мүлдем көрмеңдер,
Жолым түзу болмаса егер ермеңдер.
Менің кеудем - естеліктер моласы,
Бір кездері сүйген жандар жерленген.
Санам аман, естелігі өлмеген,
Жаныма бір тыныштығын бермеген.
Менің миым - естеліктер киносы,
Ол киноны ешкім әлі көрмеген.
Не көрсекте бір көрерміз елменен,
Қонағым бар әлі үйіме келмеген.
Менің көзім - бейне таспа, көп кадр
Көбі бірақ, сол кадрге сенбеген.
Ешбір жанды күткенім жоқ гүл беріп,
Оны қазір сүйген жарым жүр көріп.
Менің кеудем - естеліктер моласы,
Аят оқып кетіңдерші бір келіп!
Жексенбі
Алаңдатпай, уайымдатпай жын ішкі,
Асықпауың, алданбауың елеске -
Жексенбіде ойламауың жұмысты,
Нағыз бақыт емес пе?!
Іште бүгіп, жасырмауың күлкіңді,
Қарсы тұру, өсек деген жебеге...
Сүйіктіңнің аймалауы, бұл күнгі -
Ыстық кофе, бақыт демей немене?!
Жаңылықты жібермеуің бес күнгі,
Жағымпазды көзіңе ілмеу дос етер!
Сағынбауың, іздемеуің ешкімді -
Шын демалыс, осы екен ғой, осы екен...
Миыңдағы сайқал мұңмен қоштасып,
Өз-өзіңмен оңаша да жарысу...
Жексенбі бұл - құс жастықпен достасып -
Жаңа-жаңа авторлармен танысу.
Ағайынды сәл ұмытып, тойламау,
Кино-кітап жоспар қылып, тізбелеу...
Жексенбі бұл - өлеңді де ойламау,
Өлең етер тақырыпты іздемеу!
Көзбен көрген оқиғаны қайталау -
Теледидар кейіпкерін табалау.
Бақыт деген - күн батқанын, байқамау,
... сағат тілін санамау!
Сағым. Мен. Сырласу!
Сен бе келген?
Жанарымды көр соқыр емге бергем...
Қайта жаным тіріліп келе жатыр,
Әнеу күнгі күйікте "сен" - деп, өлген!
Сағындырып,
Кеткенің ше, артыңнан жалындырып?
"Сүйемеймін" - деп айтпаймын кешір мені,
"Сүйем" - деп те айтпаймын әлім құрып!
Барымды ұмыт?
Мен сені ұмытқанмын, сағым қуып!
Жұлдыздардан бейнеңді жасап алғам,
Ай ұсқынын төбемнен табындырып!
Қара түнгі - Ай,
Сенің ғана күлкіңді салатындай...
Теріс кейіп алушы ем киімімді,
Сені көріп қуанып қалатындай!
Не білесің?
Жырлап жүрмін сандалып, сені несін?
Сенің атын естілсе абайсызда,
Өзің келіп қалғандай көрінесің!
Көрікті алған,
Өз-өзіме ор қаздым сеніп қарғам!
Сені армандап жүретін бұйра шашты ұл,
Сағыныштан сарғайып өліп қалған!
Тәтті ақ - Арман,
Гүлдерімді аяймын бақта қалған...
Кетем десең, кете бер!
Көгім де күн –
Сенсіз атып, батуды жаттап алған!
ПЕРФОРМАНС
Кім шығарды "ақшаны", "несиені"
Қашан сорлы, "үкімет" есейеді?!
Несиені төлеуге ақша керек,
Ақша алу үшін де, жұмыс керек...
Жұмыс болса алдыңа көш үйеді!
Жаттап алғың келеді күніне аңыз,
Біреу соқса телефон құбыламыз!
Ал кейде, көбісіне қарыз керек,
Бәрі әйтеуір біріне - бірі қарыз!
Сосын - сөйтіп, жүресің ертегі айтып,
Кете алмайсың үйіңе ерте қайтып!
- Жұмыс қашан бітеді?
- Әй бітпейді-ау?!
Бүгін кетсең келесің ертең қайтып!
Сөйтіп құмға су болып бір сіңесің,
Ақша түссе, шалқайып сіңбіресің!
Ертең айлық аласың...
Аласың да -
"Қайда кетті" - дейсің де, күрсінесің?!
Ертең үйге қайтармыз нәсіп болса,
Мәз боламыз қалтамыз тасып-толса!
"Бір жастықта қартаю" қалды қазір,
Бір үстелде қартаю кәсіп болса...
Жұмыссыздың жүреді қолында зіл,
Арманыңды қай басшы орындасын!
Кім шығарды жұмысты, айлықты осы,
Қарғап жүр-ау, оларды көбі қазір!
Нұрила...
Мен өзіме көрдім бе екен тең сені,
Езді үмітім ентіктіріп еңсені.
"сәл қысқартам" дейсің бе сен, "шашыңды",
Қалай барсың, солай сүйем мен сені?!
Күтеді алдан әлі талай жеңісім,
Жеңісімнің татармыз-ау жемісін.
Өзгергенің керек емес аяулым,
Мейірімің жеткілікті мен үшін.
Мен еркекпін және дағы зор бағым,
Басыма сен бақыт болып орнадың!
Мен сүріндім, сүріндім де тұра алмай -
жатқанымда, өзің ғана қолдадың.
Сол үшін де сен көтердің еңсемді,
Өкпелеме, күңіренбей келші енді...
Өзге түске сырламағын шашыңды,
Қалай барсың, солай сүйем мен сені!
Үнсіздік
Мен негізі Моцарттанда мықты едім,
Сені көріп кідірдім!
Махаббатқа ол жылдары күпті едім,
Тартуы ма ғұмырдың?!
Үмітіңді үзуден де бар ма мұң,
Қөрсетпейді-ау, ол өзінің салмағын?!
Мен негізі Ботxовеннен мықтымын –
Ол жолға да қызықпадым ардағым!
Өр болады бір күндерім кей күннен,
Тар қалаға кең жүрекпен сыйдым мен!
Хабарым жоқ бір аруға ғашық боп –
Хабарым жоқ музыканы сүйдім мен!
Мықтылығым Тәңір берген сый еді,
Ал, сол Тәңір маған мұңды үйеді...
Мен мықтымын барлық мықты адамнан,
Себебі мен, үнсіз ғана сүйемін!
Сен бір әнсің...
Көп қинайсың, ынтық жанды неге сен,
Сен үшін деп бар мықтымен егесем.
Өзің жəйлі ұлы бір əн жазар ем,
Музыкадан хабарым жоқ демесең...
Бірақ менің жүрегімде бір əн бар,
Бағынбайтын еш қандай да нотаға!
Сол бір əннен от алады ұрандар,
Сол əнменен өмір сүрем О, тоба!
Сол бір əннің сөзін өзің жаздырдың,
Жанарыңмен, шаштарыңмен қап - қара.
Сол əнімсіз жанарымда аз бір күн,
Тек сол əуен, басылмаған октава!
Өзге əндерді сендік əнмен күндемен,
Сенің қою қара көзің түн дер ем.
Бар уақытты құрбан етіп, мəңгіге
Сол əн үшін өмір сүрем күнде мен...
Басқа айтарым жоқ, саған...
Көктемің де ұқсамайды көктемге,
Сол көктемге еш уақытта кектенбе!
Барлығынан бастартатын сен үшін,
Сүйген адам, қарамайды өткенге.
Сенбе мейлі, сөздеріме сен мейлі,
Ащы шындық, жүректерді кернейді.
Сүйген адам жылатпайды,
жұбатып,
Мың тілінген жүрегіңді емдейді.
Мен сүйемін, сені ғана мерейлім,
Тыңда мені, тыңдамасаң не деймін?
КЕЛЕР БОЛСАҢ ҚҰШАҒЫМДЫ АШАЙЫН,
"КІМНЕН КЕЛДІҢ,
КІМНЕН КЕТТІҢ" демеймін...