БІР-АҚ КҮНДЕ ТАНЫМАЛ БОЛҒАН АҚЫН ҚЫЗ

Аманда Горман - қарапайым отбасыдан шыққан ақын қыз. Кішкентай кезінен бастап өз бетінше өлең жаза бастаған. Өсе келе аудандық, қалалық, республикалық жарыстардан орын алып жүрді. Алайда сонда да оны көп ешкім танымайтын еді ... 

2021 жылы 20 -қаңтарда оның өмірі күрт өзгерді. АҚШ президенті Джо Байденнің ұлықтау рәсімінде "The Hill We Climb" атты өз өлеңін оқығаннан кейін аяқ астынан жұлдыз болып кетті. Ал осы кезде оның баспадан енді ғана шыққан өлеңдер жинағы мен балаларға арналған кітабы Amazon бестселлерлерінің көшін бастады.

Мишель Обама, Опра Уинфри сияқты танымалдар одан сұхбат алды. Time журналы әлемдегі ең ықпалды 100 адамның қатарына қосты. Қазір инстаграмында 3 млн оқырманы бар. Жас ақын қыз ақындық мансап жолын әрі қарай да жалғастыруға ниетті. Сондай-ақ 2036 жылы президентікке сайлауға түспек. Қазірден оған Хиллари Клинтон қолдау білдіріп отыр.