ВИЛЕНА БРУСНИКИНА & САЛТАНАТ ҚАЙЫРБЕК

Вилена Брусникина «НА КРАЮ СТРЕМИШЬСЯ ЖИТЬ»

Аударған: Салтанат Қайырбек

***

Чашечки закрылись на пруду

Лотосы уснули под луной.

Если я когда-нибудь приду,

То нарушу точно твой покой.

 

Кваканье, жужжанье, крыльев шум...

Серебрится под луной вода.

Не приходят мне никак на ум

Правельные, нужные слова.

 

То, о чём могла бы я сказать.

То, о чём тебе могла поведать.

Толстая исписана тетрадь,

Только всё словами-то не теми.

 

Поутру распустятся цветы,

Красотой играя в красках лета,

Нежась в ласке летней теплоты

И собою радуя поэта.

 

***

Тоғанда тостағандар жұмылғанда,

Ай нұрымен лотостар көз ілгенде.

Мен тап келсем тыныштық, маза қашар,

Бір күні өзіңнен де.

 

Шуылдайды ызың мен қанатқаққан.

Күміссыңғыр су ағар - айға қарап.

Дұрыс сипат, дәл теңеу, қажет сөздер

Осындайда келмейді ойға бірақ.

 

Айтатұғын әлдене айтылмады.

Жазылғандай бәрі де босқа…босқа…

Қалың дәптер жазуға толғанымен

Мәнісі ол сөздердің басқа-басқа.

 

Жаздыкүнгі бояумен ойнағандай,

Таңшуағы гүлдерге тұна тұрды.

Жаздың жылы лебіне балқытты да,

Көркіменен мәз қылып бір ақынды.

 

***

 

Налейте в чашечку тишины.

Добавьте стевии, кардамон...

Ещё немножечко до весны

И сердце вновь заискрит теплом.

 

Понаслаждайтесь той тишиной.

Услышьте голос внутри себя

И вновь почувствуете покой,

Глотками мелкими её пья.

 

С самим собой будьте вы честны,

Что сердце просит и ждёт тепла.

Ещё немножечко до весны -

Немного зимних дней февраля.

 

***

Тыныштық құйыңыз шыныға

Стевия, кардамон дәм берер.

Көктем келуге аз қалды,

Лебімен жүрекке өң келер.

 

Сол тыныштықтан рақат ал.

Ішкі дауысқа тұнып қап.

Бір қамсыздықты сезінші

Ақырын, әлсін ұрыттап.

 

Өзіңе өзің адал бол.

Жүрекке нәр бер, алаңдап.

Көктем келуге аз қалды,

Ақпан да қысты тәмәмдап.

Салтанат Қайырбек «БАРОККО БОЛМЫС»

Аударған: Вилена Брусникина

 

Құмырсқаның илеуіндей қыбырлаған қалада,

сүйкімді боп өтіп барам, ұқсап аңғал балаға.

Өлең!

Өлең!

Оқып берем о кімге?

Мен елеусіз кетіп барам бұл қаладан көпірде.

Жүргізбейді жолдар, жолдар, болса дағы теп-тегіс.

Сезім сірә бөгеп тұрды, емес мына кептеліс.

Қала сырты.

Аялдадым.

Құю үшін жанармай.

Жеткенімше

тулар жүрек соны өзі жағардай.

 

Үлкен емес мына қала,

Жарық емес ана(у) шам,

Бір әлемді көрер едің,

Сен биіктен қарасаң.

В том городе, что так похож на муравейник,

Как маленький ребёнок, расстерянно брожу.

Стихи! Стихи! Кому прочесть их? - нет идеи.

Из города сбежать я по мосту спешу.

 

***

Дорога не даёт, вдруг стала такой узкой,

Хотя она и гладкая-гладкая совсем.

Наверное, меня не отпускают чувства.

И пробки на дорогах не помешали мне.

 

Но всё-таки приблизилась я к краю города.

Остановлю машину заправить полный бак.

А сердце моё так бушует сильно, огненно,

Как будто бы само бензин взялось сжигать.

 

Ты знаешь, этот город - большим он только кажется,

И здания его, фонарные столбы...

Ах, если бы увидеть весь мир громадной чашею,

Но это можно лишь с огромной высоты

 

***

махаббат – біз ойлағандай нәзік емес.

махаббат ақ емес, қара емес.

махаббат – адамның палитрасы, ішкі.

махаббат – қабырғаны қайыстырардай күшті.

махаббат – түнеріп төнердей сұсты,

махаббат – тоңғанда киіп алатын

жылы киімдер сияқты, қысқы.

 

махаббат – біз ойлағандай мықты емес.

дауысы біз ойлағандай зор емес.

махаббат сөйлесе алады үнсіз

махаббат – дінсіз, тілсіз.

махаббат – есепке түссе, құнсыз.

махаббат – махаббат болғаны үшін мінсіз.

махаббат – жүрегің сөйлесе алатын

байланыс сияқты, сымсыз.

ол бастала алмайды

ымсыз.

махаббат асқақ бола алады, дымсыз.

 

***

 

Любовь не так хрупка, как мы с тобою думаем.

Любовь не может быть не чёрной и не белой.

Любовь - это палитра человека внутренняя,

Достаточно сильна, что может мучить смело.

 

Любовь темна, как ночь, как магия внушения,

Как тёплая одежда морозною зимой.

Но нет, не так сильна, как было о ней мнение,

И голос у неё не громкий никакой.

Она может звучать, но делать это молча,

Религий у ней нет и нету языка.

Ей идеально быть самой собой - любовью.

И бесполезно быть, когда она скупа.

 

Любовь - она как связь, беспроводная, с сердцем,

А зародиться ей без знаков не дано.

Она бывает так возвышенна, чудесна,

И не имея даже больше ничего.

 

***

Адам – жердің шашы сынды.

Тағдыр – тарақ, тарайды.

Ыдыратып жібереді,

Кейде бірге жияды.

Әлсіздері үзіледі.

Мықтыларды қияды.

Адам – жердің шашы сынды.

Көңіл – бояу, бояйды.

Болмашыға мәз қып қойып.

Кейде ғаріп қылады.

Өздік түсін ұмытқандар,

Дел сал болып тынады.

Қайда кетті кешегі дос?

Небір жақсы кездер ше?

Жүре жат па жолдастарың?

Бояулары өзгерсе.

Адам – жердің шашы сынды.

Айтарым жоқ басқалай.

Сақтап қояр қойынында

Аяқ асты тастамай.

Үзеді де, қияды да.

Келеді не қылғысы?

Адам – жердің шашы сынды,

Заманы – шаш үлгісі.

 

***

 

Человек – это волос земли.

А расчёскою служит судьба.

Иногда соберёт себе их,

Только слабым нет места там.

Но и сильных ломает вмиг.

 

Человек – это волос земли.

Настроение – есть его цвет.

То на грусти, то радости.

И у тех лишь вообще цвета нет,

Кто себя потерял на пути.

 

И куда лучший друг мой пропал,

Позабыв о прошедших годах?

Отдаляются наши друзья,

Кто совсем поменялся в цветах.

 

Человек – это волос земли.

И мне нечего больше сказать.

Сохранит она в себе их,

Не позволив везде разбросать

И топтать эти волосы.

 

Что же думает, в мыслях хранит?

Поломает их или исторгнет.

Человек – это волос земли.

А причёска ей будет – эпоха.

 

2024