ААӘМ-нің Жастар Әдебиеті Шеберханасына өтінім ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
Егер проза мен поэзияға қызықсаң, шығарманың құрылымын, түрлі жанрлардың ерекшеліктерін түсініп, рецензия жазып үйренгің келсе, әрі сахнада өз шығармаңды оқуды қаласаң, онда бізге кел!
«Шеврон» компаниясы мен Caravan of Knowledge жобасының қолдауымен жастарға арналған қазақ тіліндегі Әдебиет Шеберханасының тегін курсын бастаймыз.
Біз кімдерді іздейміз?
Үйренуге, көркем шығарма жазуға, оны ортаға салып, талқылауға дайын 16 – 22 жас аралығындағы қазақша жазатын авторларды күтеміз.
Сені не күтеді?
- Сенбі күндері өтетін 10 практикалық сабақ (2 сағат)
- Гибридті оқу форматы: Алматыда офлайн, басқа өңірлерде онлайн
- Тәжірибелі ұстаздар
- Қатысушылардың шығармашылық кеші театр сахнасында өтеді
- Үздік шығармалар қазақстандық әдеби журналдарда жарияланады
- Қатысушыларға сертификат беріледі
⠀
Курсқа қатысу — тегін
Оқыту тілі — қазақ тілі
Курстың басталуы — 2025 жылдың шілде айының соңы
Оқуға қалай түсуге болады?
Шығармашылық байқауға қатысу керек:
- 100 жолдан аспайтын өлеңдеріңді және/немесе 6000 таңбаға дейінгі прозалық шығармаларыңды,
- көлемі 0.5–1 беттік «Неліктен Жастар әдебиеті шеберханасында оқығым келеді?» атты эссені өтініммен бірге байқауға жіберу қажет.
- өтінімде мынадай мәліметтер болуы керек: үміткердің аты-жөні, жасы, оқу орны (сыныбы, курсы, мамандығы), тұрғылықты мекенжайы, ватсабы бар ұялы телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы. Мектеп оқушылары қай ауысымда (бірінші, екінші) оқитынын көрсетуі тиіс.
Барлығын litshkola@gmail.com мекенжайына жолдау қажет.
Өтінім қабылдау 2025 жылдың 26 мамыры – 19 шілдесі аралығында өтеді.
Нейрожелілер көмегімен жазылған мәтіндер байқауға қабылданбайды!
Байқауға қатысты барлық сұрақтарды мына ватсап нөміріне жолдауға болады:
+7 705 192 2130 (Дина Махметова)
Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма — жазушылық талантыңды көрсет!