2025 жыл — «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай халықаралық деңгейдегі ауқымды әдеби шара — «Түркі жас қаламгерлері» фестивалі ұйымдастырылады.
Фестивальдің басты мақсаты — түркітілдес мемлекеттердің жас әдебиет өкілдері арасында шығармашылық байланысты нығайту, қазіргі заманғы әдебиеттегі жаңа есімдерді таныту, жас қаламгерлердің көркемдік ойлау көкжиегін кеңейтіп, олардың туындыларын халықаралық кеңістікке шығару.
Халықаралық Фестивальге қатысатын елдер:
Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Түркіменстан.
Жасы шектелген қатысушылар:
20–40 жас аралығындағы түркітілдес жас қаламгерлер.
Фестиваль құрылымы:
Шығармашылық байқау келесі аталымдар бойынша өтеді:
• Проза
• Поэзия
• Драматургия
Маңызды мерзімдер:
• Шығармаларды қабылдау: 2025 жылғы 20 маусымға дейін.
• Байқау қорытындысы мен жеңімпаздарды марапаттау: 2025 жылғы 8 шілде күні Ақтау қаласында өтетін әдеби форум – дөңгелек үстел аясында жарияланады.
Бағалау және жеңімпаздарды анықтау:
Фестиваль жеңімпаздарын әдебиеттану саласында беделі бар, елімізге және шетелге танымал ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы анықтайды.
Байқау форматы:
• Шығармашылық байқау жабық форматта өтеді.
• Қатысушының аты-жөні шығармамен бірге бағалау кезінде жария етілмейді.
«Түркі жас қаламгерлері» фестивалі – түбі бір түркі халықтарының рухани байланысын тереңдетіп, жас қаламгерлер арасындағы шығармашылық серіктестікті нығайтатын тағылымды әдеби алаң болмақ.