ЖАҢАЛЫҚТАР
МОҢҒОЛИЯДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚ АҚЫНЫ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ

 Моңғолияда тұратын қазақтың белгілі ақыны Жанат Боқашұлы дүниеден өтті.  

Жанат Боқашұлы Атамекеннен жырақ жүрсе де, елімізде өткен бірнеше халықаралық әдеби байқауларға қатысып,  рухты әрі сыршыл өлеңдері арқылы әдеби ортаға кеңінен танылған еді. 

Жанат Боқашұлы – 1976 жылы 29 тамызда Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы, Бұғыты ауылында дүниеге келген. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университеті тарих факультетінің түлегі. Халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының бірнеше мәрте жеңімпазы. Ол Баян-Өлгий аймағында студенттерге тарих пәнінен сабақ бере жүріп, «Жас қалам» әдеби үйірмесінің жетекшісі болды. Өлеңдері Моңғолия қазақтарына арналған мектеп оқулығына еніп, моңғол тіліне аударылған. Ақынның «Ай тамшысы», «Аққулар оралғанда» атты қос жинағы мен «Қожаберген» атты көлемді поэмасы  қазақ поэзиясы қоржынына қосылған үлес екені сөзсіз.

«Qalamger.kz» әдеби-танымдық сайтының атынан ақынның туыс-туғандарына, қаламдас жақындары мен қалың оқырманына көңіл айтамыз!