ЖАҢАЛЫҚТАР
Марайке Кайзердің Қазақстанға әдеби сапары басталды

Марайке Кайзердің Қазақстанға әдеби сапары барысында Астана, Атырау, Алматы және Тараз қаласында авторлық кездесу мен жазу шеберханасын (Алматы) өткізеді.

 2025 жылдың тамыз айында неміс жазушысы, мәдениеттанушы Марайке Кайзер Goethe-Institut шақыруымен Қазақстанға келіп, көпшілік назарына іліккен „Das Unwohlsein der modernen Mutter“ (Бүгінгі ананың машақаты) атты шығармасын таныстырады. Ол Астана, Атырау, Алматы және Тараз қаласында кітабынан үзінді оқып, қазіргі уақытта ана болудың қиыншылығы мен қызығы жайлы оқырмандармен пікір алмасады. Сондай ақ, Алматыда жас авторлар мен журналистерге арнап шабыт берер жазу шеберханасын өткізеді. 

Төрт қаладағы оқулар: 

Астана – дүйсенбі, 2025 жылғы 18 тамыз, сағат 15:00 

Өтетін орны: Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы 

Мекенжайы: Достық көшесі, 11 

 

Атырау – сейсенбі, 2025 жылғы 19 тамыз, сағат 14:00 

Өтетін орны: Заманауи өнер орталығы 

Мекенжайы: Құрманғазы көшесі, 12, Infinity Plaza eco park 

 

Алматы – сәрсенбі, 2025 жылғы 20 тамыз, сағат 17:00 

Өтетін орны: Қазақстандағы Goethe-Institut кітапханасы 

Мекенжайы: Наурызбай батыр көшесі, 31, 5-қабат 

 

Тараз – жұма, 2025 жылғы 22 тамыз, сағат 14:00 

Өтетін орны: Deshti коворкингі (кітапхана, 3-қабат) 

Мекенжайы: Қаратай-Тұрсынов көшесі, 3а 

 

Алматыдағы шеберхана: 

 Алматы – бейсенбі, 2025 жылғы 21 тамыз, сағат 10:00–13:00 

Өтетін орны: Қазақстандағы Goethe-Institut кітапханасы 

Мекенжайы: Наурызбай батыр көшесі, 31, 5-қабат (қатысу тіркеу арқылы)