
Байқау Еуразия Жазушылар одағының құрылғанына 20 жыл және Др. Якуп Өмероғлуның туғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылады.
Әңгімелерді жіберудің дедлайны: 2026 жылдың 1 қыркүйегіне дейін қабылданады;
Халықаралық жүлдегерлердің жариялануы:2026 жыл 1 қарашасында;
Халықаралық марапаттау рәсімі: 2026 жылдың 8 желтоқсанында;
Халықаралық сыйлықтың жүлдесі:
Бiрiншi орын – 45 000 түрік лирасы;
Екiншi орын – 25 000 түрік лирасы;
Үшінші орын – 20 000 түрік лирасы;
Ынталандыру сыйлығы – 10 000 түрік лирасы.
Байқаудың шарттары:
Байқауға жолданатын шығармалар kmahmut2026@gmail.com электрондық поштасына жіберілуі тиіс. Байқауға ұсынылатын шығармалар бұған дейін ешбір байқауда жүлде алмаған және еш жерде жарияланбаған болуы керек. Әңгіменің тақырыбы еркін. Байқауға ең көбі екі әңгімемен қатысуға болады. Жіберілетін әр әңгіменің көлемі кемінде 1000 (мың), ең көбі 7500 (жеті мың бес жүз) сөзден тұруы тиіс. Байқауға электрондық пошта арқылы жіберілетін әңгімелерде тек бүркеншік ат қана көрсетілуі тиіс; бүркеншік аттан басқа қатысушының кім екенін білдіретін қандай да бір белгі болған жағдайда, әңгіме байқауданшығарылады. Әңгіме салынған файлыңызда да тек бүркеншік ат және әңгімеңіздің атауы көрсетілуі қажет. Байқауға қатысушы жеке куәлігінің көшірмесін, толық мекенжайын, бүркеншік атын, қатысатын елдің атауын, 1 дана цифрлық фотосын және өмірбаянын бір Word құжаты түрінде әңгіме жіберетін э-поштаға сол электрондық хаттың екінші қосымшасы ретінде жіберуі тиіс. Шығармалар компьютерде 12 шрифт қарпімен жазылуы керек. Байқауға жіберілген әңгіме мәтіндері қайтарылмайды, жазушы бұл жөнінде ешқандай талап қоя алмайды. Әңгіме түпнұсқа болуы тиіс. Түпнұсқа емес шығармалар (мысалы, AI арқылы жазылған мәтіндер) қаралмайды.