ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҚР ҰЛТТЫҚ АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНА ММ-НІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН !
Ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «КІТАП-ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ» атты кітапхана қызметкерлері арасында тұңғыш рет республикалық жыр-мүшәйрасы өтеді.
Мүшайраның мақсаты:
Мәдениет пен әдебиетті, ұлттық ғылым мен өнерді қолдау, кітапхана мен кітапханашы еңбегін кеңінен насихаттау. Бұл байқауда ақындар ұлтымыздың ойшыл, философы Хакім Абайдың шығармашылығын дәріптей отырып, өскелең ұрпақтың санасына Абайдың «Толық адам» ілімін сіңіру, ұлтымыздың береке мен бірлігін, Тәуелсіз Қазақстанның мақсаты мен мүддесін, болашағын жырға қосатын болады.
Мүшәйраның шарттары:
- мүшәйраға қатысатын үміткерлердің өтінімдері (қосымша 1) мен туындылары Ұлттық академиялық кітапханасының электрондық поштасы арқылы қабылданады;
- мүшәйраға ұлы Абайдың ақындық, кемеңгерлік тұлғасын паш ететін бір өлең; (10-15 шумақтан аспауы тиіс)
- кітапхана мен кітапхана ісін, кітапханашы еңбегін насихаттауға бағытталған бір өлең, барлығы 2 (екі өлең ұсынылады).
- жыр додасына еліміздің көпшілік кітапханаларында қызмет ететін кез- келген үміткер (әр кітапханадан 3 ақынға дейін) қатыса алады. Қатысушысының жасына шектеу қойылмайды.
«КІТАП – ЖАННЫҢ АЗЫҒЫ» атты жыр мүшайрасына өлеңдер 2025 жылдың 20-шы шілдесіне дейін қабылданады;
Жыр мүшәйрасының жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталады.
Мүшәйра жүлделері төмендегідей:
Бас жүлде - біреу (500 000 мың) теңге.
І орын – біреу (300 000) теңге.
ІІ орын – біреу(200 000) теңге.
ІІІ орын – біреу(100 000) теңге.
Ынталандыру сыйлығы – төртеу (50 000) теңгеден