Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылы» аясында 100-ден астам әндері, өлең-жырлары мен дастан - толғаулары ұлт қазынасына қосылған талант иесі – Кенен Әзірбаевтың мерейтойы қарсаңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, облыс әкімдіктерінің қолдауымен ақынның шығармашылығын жан-жақты насихаттау мақсатында еліміздің 9 қаласында 13 іс-шара өткізілді.
Ізгі іс-шаралардың жалғасы ретінде Нұр- Сұлтан қаласы Білім басқармасының қолдауымен «Астана дарыны» орталығы халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткеріне арналған шығармашылық кеш өткізеді. Кештің мақсаты мен міндеті – ақынның өмірі мен шығармаларын өскелең ұрпаққа таныту және еліміздің танымал тұлғаларын, олардың өнегелі өмірі мен ерен еңбегін өнеге тұтуға тәрбиелеу; Кеш барысында ғасырға жуық ғұмыр кешкен, халқымыздың қасіретке толы нәубет-зұлматтардың бел ортасында болған, етене араласқан, өзінің азаматтық позициясын бойындағы буырқанған дарыны арқылы айғақтап отырған Кенен атамыздың негізгі өзегі тұтас халықтың өміріне арналған тыңдаушысының құлақ құрышын қандырар әндері, жыр-дастан, толғаулары насихатталады. Шығармашылық кешке ақынның ұрпақтары мен ҚР мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылым саласының өкілдері, өнер саласының майталмандары, шығармашыл зиялы қауым мен жастар өкілдері қатысады.
Өтетін орны: Оқушылар сарайы (Б.Момышұлы даңғылы, 5)
Өтетін уақыты: 27.09.2019 ж. сағат 15.00.
Ұйымдастырушы: «Астана дарыны» ДДжПС орталығы
Қосымша ақпарат алу: Достық даңғылы 13, «Нұрсая» 2 ТҮК,
«Астана дарыны» ДДжПСО, (2-қабат) тел: 20-25-31, 20-26-71