ЖАҢАЛЫҚТАР
Әдеби Quiz интеллектуалды байқауына өтінім қабылдау басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі және ҚР Жазушылар одағының арнайы қолдауымен,Түркиядағы қазақ әдебиетінің оқырмандарына арналған «ШАМ» кітап клубының бастамасымен Әдеби Quiz интеллектуалды байқауына өтінім қабылдау басталды.
 
Іс-шараның негізгі мақсаты – отандық әдебиетті кеңінен насихаттау және шетелде жүрген қазақстандықтардың арасында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қайта жаңғырту. Бастама аясында кітап оқу мәдениетін нығайту, қазақ әдебиетінің оқырмандық аясын кеңейту және оны халықаралық мәдени деңгейде таныту көзделеді.
 
Жүлделі орындар:
 
Бас жүлде – 5000 лира
2-орын – 3000 лира
3-орын – 2000 лира
 
Алғашқы үздік 3 командаға арнайы мадақтама қағаздары табысталады.
 
Байқау шарттары
1. Қатысушылар 3 адамнан құралған толық команда жасақтап, төмендегі сілтеме арқылы өтінім беруі тиіс.
 
2. Интеллектуалды ойын 3 кітап негізінде өтеді. Оның ішінде қазақ әдебиетінің екі классикалық туындысы және тәуелсіздік кезеңіндегі белгілі бір қаламгердің шығармасы қамтылады.
 
3. Әділ бәсекелестікті қамтамасыз ету мақсатында жоғары оқу орындарында әдебиеттану немесе қазақ әдебиеті бағыты бойынша арнайы білім алып жатқан немесе білім алған жандар қатысушылар қатарында бола алмайды.
Алайда мұндай мамандар іс-шараны ұйымдастыру жұмыстарына ерікті ретінде қатысу үшін өтінім бере алады.
 
Сайысқа қатысу үшін QR кодты сканерлеп, командаңызбен бірге өтінім жолдаңыз.