ЖАҢАЛЫҚТАР
«Баян батыр» қоғамдық қоры мүшәйра жариялады

Павлодар облыстық «Баян батыр» қоғамдық қоры «2019-Жастар жылы» аясында қазақтың һас батыры Баян Қасаболатұлының 305 жылдығына орай «Бабалар ерлігі-ұрпаққа ұран» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасын жариялайды.

 

Мүшәйраның мақсаты:
Ұлттық өнеріміздің аясын кеңейту, жас талант иелерін іздеп табу, қазақтың азаттығы үшін қол бастаған Баян, Сары, Малайсары, Бармақ, Олжабай, Есенқұл, Дербісәлі сынды батырлардың ерлік- істерін мадақтау, тәуелсіздік жылдары қол жеткізген құндылықтарды дәріптеу, мемлекетімізді нығайтып, жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбилеу.

 

Мүшәйраның ерекшелігі:
Бұл жыр бәйгесінде бас жүлде және орындар анықталмайды. «Батыр Баян», «Малайсары батыр», «Дербісәлі батыр», «Олжабай батыр» аттарында арнайы 4 номинация бойынша ақшалай және бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

 

Мүшәйра талабы:
Облыстық жас ақындар мүшәйрасына жас шамасы 17-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады.
- Шығармалар жеке өлең түрінде қабылданады. 
-Көлемі компьютерге басылған 15 шумақтан аспауы керек.
Автордың толық аты-жөні, мекен-жайы, телефоны жазылған мәлімет пен шығармасы мына электронды поштаға eabl@bk.ru адресіне 2019 жылдың 25 наурызына дейін жіберілуі тиіс.
Қосымша ақпаратты 8-705-132-1515 телефоны арқылы білуге болады.

 

Мүшәйраның қорытындысы:
Бәйгеге келген жырларды арнайы тағайындалған комиссия талқылап, қорытындысын сәуір айының 10-нан қалмай жариялайды. Жеңімпаздарға сыйлық салтанатты шарада табысталады.

«Батыр Баян» қоғамдық қоры

 

qalamger.kz