«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысының әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен көрнекті жазушы, Мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған «Алаштың айбоз Әбіші» атты республикалық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті.
www.qalamger.kz әдеби-танымдық порталында онлайн түрде өткен бұл жыр бәйгесіне 162 ақын қатысып, 370 өлең ұсынылған болатын.
Светқали Нұржан, Серік Ақсұңқар, Гүлнар Салықбай бастаған танымал ақын-жазушылар қазылық еткен мүшәйра Атырауда қорытындыланды.
Бас жүлде: Бекзат Смадияр
I орын Олжас Қасым
II орын Ерлан Жүніс, Табиғат Абаилдаев
III орын Аскерхан Ақтай, Жоламан Айткен
Әбіш Кекілбаев атындағы арнайы сыйлық: Бауыржан Халиолла
Фариза Оңғарсынова атындағы сыйлық: Ұлмекен Шаукенова
Мүшәйраның жүлде қоры төмендегідей:
Бас жүлде - 800000 (сегіз жүз мың теңге)
І орын – 600000 (алты жүз мың теңге)
ІІ орын (екеу) – 400000 (төрт жүз мың теңгеден)
ІІІ орын (екеу) – 300000 (үш жүз мың теңгеден)
Әбіш Кекілбаев атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге)
Фариза Оңғарсынова атындағы Арнайы сыйлық – 300000 (үш жүз мың теңге).
qalamger.kz