ЖАҢАЛЫҚТАР
АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Мәртебелі оқырманға тағы бір сүйінші хабарды жеткізгелі отырмыз. Qyr balasy қоғамдық қорының баспасынан Алаш қайраткерлері Біләл Сүлейұлының «Үміт», Сейітбаттал Мұстафаұлының «Имам Ғазали», Біләл Малдыбайұлының «Кенесары заманынан...», Абдолла Байтасұлының «Көркем әдебиет туралы», Ғазымбек Бірімжанның Шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Қор директоры, алаштанушы Елдос Тоқтарбайдың айтуынша, жобаның негізгі мақсаты –  «Алаш кітапханасы» сериясын жасақтап, беймәлім, атаусыз қалған тұлғаларды насихаттау және олардың еңбектерін жариялау. Жақында ғана жарыққа шыққан осы кітаптардың бәрі кәсіпкерлердің қаржылай қолдауымен басылған. Кітап туралы толық ақпарат алу үшін 8707-793-0574 нөміріне хабарласа аласыздар!