«ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ТҮРКІСТАН» ДЕРЕКТІ ФИЛЬМІ ЖАРЫҚ КӨРДІ

Қазіргі таңда үлкен туристтік орталыққа айналып, жаңа келбеті қалыптасқан Түркістан қаласының тарихын баяндайтын «Тарихы терең Түркістан» деректі фильмі жарық көрді.

Деректі фильмде Түркістан қаласының нақты жасы, Күлтөбе қалашығындағы қазба жұмыстары, Қожа Ахмет Яссауи кесенесің ерекшелігі мен сопылық ілімнің таралуындағы рөлі айтылады. Сондай-ақ, деректі фильмде Түркістанды алғаш зерттеген зерттеушілердің еңбектері мен қызықты пікірлері келтіріледі.

Тарихи деректердегі, зерттеушілер мен саяхатшылардың жазбаларындағы Түркістан мен біз білетін Түркістанның арасында қандай айырмашылық болуы мүмкін? Ертеде Көне Түркістанның ажарын айшықтай түсу үшін  бояуы алуан түрлі гүлдер мен бау-бақша отырғызу да сәнге айналған. Ерте замандағы жасыл желекті бау-бақшаларға оранған Түркістанның келбетінінің көркем болғаны соншалық, Түркістанды Еуропаның ең сұлу қалаларының бірі Парижге теңеген.

Сұлулығы Парижбен тең болған Түркістан шаһарының тарихына үңілген «Тарихы терең Түркістан» деректі фильмін жоғарыдағы сілтемеден көре аласыздар!