18

Ирандағы мәңгілік сұлулық пен қонақжайлық мәдениеті

Иран ғажайып өнер мен сиқырлы сәулет мекені, халқы  қонақжайлықтың үлгісі.

Егер өнер мен сәулетті бір халықтың жан дүниесінің айнасы санасақ, ирандық сәулет өнері – таңғажайып нәзіктікке толы, көз тартарлық ғажап сурет іспеттес.

Иранның тарихи қалаларын араласақ, Исфаһандағы көздің жауын алатын көгілдір қыш тақташаларымен көмкерілген Шейх Лутфолла мешітінен бастап, жердегі жұмақтың нышанындай иран бақтарынан ирандықтардың таланты мен сұлулықты терең түсінетін талғамын танытатын теңдессіз жауһарларды көреміз.

Егжейегжейіне дейін мұқият өрнектеліп, қанық бояуларымен хикаялар мен аңыз-әпсаналарды баяндайтын миниатюра өнері және күрделі де бірегей тоқыма нақыштарымен әлемге әйгілі иран кілемдері — осы бай материалды мұраның ажырамас бөлігі.

Алайда, материалдық сұлулықтан жоғары, Иранды өзге мәдениет өкілдерінің жүрегіне жақындататын ерекшелік халқының қонақжайлығының асқақ рухы. Иран мәдениетінде қонақ күту – жай ғана міндет емес, бұл мәртебе әрі әлеуметтік негізгі құндылықтардың бірі.

Ирандықтардың дастарқаны әрдайым берекелі де алуан түрлі, ал үй иесі қонақтың жайлылығын қамтамасыз етіп, көңілінен шығу үшін оны бар ықыласымен күтеді. Иранның ежелгі мәдениетінен басталатын бұл көне дәстүр Қазақстанның қонақтарға деген құрмет пен жылы шырай жоғары бағаланатын бай мәдениетіндегі қонақжайлық рухына қатты ұқсайды.

Табиғаттың жаңарып, көктемнің келуін айшықтайтын және осы мәдени кеңістіктегі халықтар арасында ортақ терең тамырға ие Наурыз секілді мейрамдар –Иран мен аймақ елдері арасындағы ежелгі мәдени байланыстың келесі айқын нышаны.

Осындай дәстүрлер, отбасылық салт-жоралғылар мен адамгершілік құндылықтар Иранның бүгінгі болмысын қалыптастыратын біртұтас үдеріс құрайды.

 

Мұхаммад Масуд Садеқи – Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы

Бас консулдығының мәдени істер жөніндегі атташесі