Әдеби сыйлық екі аталым бойынша өткен болатын
I аталым «Ең үздік зерттеу мақала»
1) Т. Әсемқұлов рухани мұрасын зерттеу өзегі етіп алу;
2) Интеллектуалдық деңгейі жоғары болу;
II аталым «Ең үздік әдеби шығарма»
1) Бейнелеу тілінің сонылығы, стиль мен шеберлік;
2) Ұлттық болмыс пен мифологиялық қатпарының болуы;
3) Адам құқығы мен шынайы құндылықтар;
Осы уақыт аралығында әдеби сыйлыққа бәйгеге түскен 43 үміткер тіркелген.
Олардың қатарында:
«Ең үздік әдеби шығарма» аталымына 32 үміткер қатысты
«Ең үздік зерттеу мақала» аталымына 11 үміткер қатысты
Сонымен, бірегей әдеби сыйлыққа үміткерлер тізімі:
«Ең үздік әдеби шығарма» аталымы бойынша:
Әлихан Жақсылық
Абай Аймағамбетов
Ғалымбек Елубай
Жантас Еркінұлы
«Ең үздік зерттеу мақала» аталымы бойынша:
Алтынбек Мерсадық
Айгүл Өтеміс
Анар Абдулллина
Естеріңізге сала кетейік IV «ТАЛАСБЕК» СЫЙЛЫҒЫ БАЙҚАУЫ қазақ руханиятының көкжиегін кеңітіп, XXI ғасыр басындағы бейресми көшбасшысына айналған, саналы ғұмырын ұлтына қызмет етуге арнаған Таласбек Әсемқұловтің шығармашылығын насихаттау, жазушы есімін болашаққа жеткізу жолындағы рухани жұмыстарды жалғастыру, соңында қалған әдеби мұралардың сыры мен жұмбағын ашып, тың зерттеу салаларына өзек ету мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Ербол Алшынбай, Зира Наурызбай, Сағадат Ордашева, Мадина Омарова, Әсия Бағдәулет, Шерхан Талап, Ажар Ерболған сынды қаламгерлерден құралған комиссия мүшелері түскен жұмыстарды саралап, өз пікірлерін білдірді.