Ауқымды шараның маңыздылығы мен нақты атқаратын міндеттерін атап көрсетті. Азия елдері жазушыларының басын қосып, шығармаларының ортақ электронды жүйесі жасалатын уақыттың жеткендігін айтады. Алдағы уақытта жазушылар мен үздік шығармаларға арналған, Азия елдері арасында биік беделі болатын əдеби сыйлықтың қажеттігін айтты. Сонымен қатар форумға қатысушыларды жəне ақын- жазушыларды құттықтады. Ары қарай жазушылардың пленарлық отырысымен жалғасты.
Азия елдері əлебиетшілерінің І форумы үш күнге созылмақ. "Ортақ тамыр. Ортақ дүниетаным. Ортақ өркениет." Жаһандық шараның ұраны осындай.
Алғашқы күнгі жазушылардың пленарлық отырысының дискуссиясы екі тақырып төңірегінде болмақ. Біріншісі: "Қазіргі Азия өркениетінің əдеби панорамасы". Дискуссия аясында бес баяндама оқылды.