QALAMGER.KZ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ ПОРТАЛЫ БАС РЕДАКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Жас ақын Дәурен ТІЛЕУХАН Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының бас редакторының орынбасары болып тағайындалды.

Дәурен ТІЛЕУХАН—2000 жылы 28 қазанда Ақтөбе облысы, Әйтеке би  ауданы Көрпе ауылында  дүниеге келген.  «Сағыныш сыбыры» кітабының авторы. Халықаралық «Алтын қалам» байқауының «Жылдың үздік поэзиясы» аталымы бойынша жеңімпазы. Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенті

Есіңізге сала кетейік, Qalamger.kz — қазақ қаламгерлерінің шығармашылығын насихаттай отырып,  танымдық әрі медиа жобалар арқылы қазіргі қазақ әдебиетінің жаңа кеңістігін қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізіп жатқан әдеби-танымдық портал.