МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚҚА ҮМІТКЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

2024 жылғы Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалар тізімін ұсынды

 

ӘДЕБИЕТ САЛАСЫ:

 

1. Айымбетов Мәди – «Бопай ханым» тарихи романы;

2. Алпысбай Асқар – «Былғары табыт» роман кітабы;

3. Алпысбай Әділбек – «Семсер жүзіндегі серт» роман трилогиясы;

4. Амантай Дидар – «Майдақоңыр» әңгімелер жинағы;

5. Асылбекұлы Серік – «Империядағы кеш» драмалық туындысы;

6. Ергөбек Құлбек – «Адамның бір қызығы бала деген» туындысы;

7. Есенқарақызы Ханбибі – «Эсселер» жыр кітабы;

8. Жақып Бауыржан – «Білте шамның жарығы» жыр кітабы;

9. Жиенбай Қуаныш – «У мен уылдырық» туындысы;

10. Иса Қазыбек – «Сыртолғау» жыр кітабы;

11. Нұржан Светқали – «Көкірегім көне кітап» жыр кітабы;

12. Рамазан Думан – «Жошы хан» драматургиялық шығармалар жинағы;

13. Сматаев Софы – «Шахминам – мәңгілік махаббатым менің» кітабы;

14. Түменбаев Қуандық – «Саябақтағы классикалық әуен» әңгімелер жинағы;

15. Үсенбаев Болат – «Тәуелсіздік деген не?» жыр кітабы.

 

ӨНЕР САЛАСЫ:

 

1. Авторлық ұжым (Молдағали Фархат, Әбіл Мирас, Жақыпбеков Олжас, Қыстықбай Қуандық, Нұрымбек Ержан) – «Алтайдан ауған ел» спектаклі;

2. Авторлық ұжым (Бапанов Алибай мен Бапанова Сәуле) – «Көшпенді фрескалар» киізден бастырылған паннолары мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы;

3. Авторлық ұжым (Жуасбек Еркін, Жаманқұлов Тұңғышбай, Сапаров Мұрат, Дария Жүсіп) – Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі бойынша жазылған «Ай мен Айша» драмасы (өңделген нұсқасы);

4. Жақып Құттыбек – «Түркі қағанаты» көркем шығармалар топтамасы;

5. Мүсәпір Жанұзақ – «Балалықтан даналыққа жол» топтамалар жинағы;

6. Шакрат Сержан – «Алтын коллекция» күйлер жинағы:

 

Комиссия аталған шығармаларды талқылауға шығармашылық және мәдениет ұжымдарын, осы сала мамандарын шақырады.