«KitapTime - 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

«KitapTime - 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 23 қыркүйек күні сағат 10.00-18.00 аралығында «KitapTime – 2022» жалпы республикалық кітап фестивалі өтеді.

«KitapTime - 2022» фестивалінің мақсаты – кітап оқу мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, тұрғындарды кітапханаларға тар­ту және оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру

Фестиваль аясында:

Кітап көрмесі

–Кітап жәрмеңкесі

Буккросинг

«АвтографTime»

KazakhComic

«Журналистің қоғамдық миссиясы»  (Бас редакторламен кездесу)

 «ПоэзияParty»

«Non-Fiction»

«Блогерлер құпиясы»,

«OYNA» балалар институтымен бірлесе өтетін «Оқимыз, жазамыз, сурет саламыз!» шарасы

Моно қойылымдар, және басқа да мәдени шаралар өтеді.

Сондай-ақ, «Отандастар қоры» КЕ АҚ ұйымы алыс-жақын шетелде тұратын қазақтарға «ӘР ҚАЗАҚҚА БІР КІТАП!» жобасымен кітап сыйлау акциясын жариялайды.

Аталмыш шараға зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, суретшілер, ұстаздар, әртістер, студенттер, оқушылар, БАҚ өкілдерімен бірге Несіпбек Айтұлы, Тұрсын Жұртбай, Айгүл Ісмақова, Маралтай Райымбекұлы, Елена Әбдіхалықова, Жанат Әскербек, Роза Мұқанова, Айгүл Кемелбаева, Дәулеткерек Кәпұлы  Танакөз Толқынқызы сынды бір топ зиялы қауым қатысады.

 

Байланыс ақпараттары:

Астана қаласы,  Достық көшесі, 11.

e-mail: uak_2022@mail.ru 

 тел:+7 775 768 76 28