«ЕР ТӨСТІК» ӘДЕБИ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Qalamger.kz әдеби-танымдық сайтында «Балалар әдебиеті жылы» аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жариялаған балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалардың  «ЕР ТӨСТІК» әдеби байқауы өз мәресіне келіп жетті. Нұртөре Жүсіп, Қазыбек Иса, Тоқтарәлі таңжарық бастаған қазылар алқасы байқауға қатысқан 93 автордың жұмысын әр жанр бойынша қз бағаларын берді.

 

«БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ӨЛЕҢДЕР» АТАЛЫМЫ БОЙЫНША:

I орын: Шәмшия Жұбатова

II орын:Сағыныш Намазшамова

III орын:Олжас Қасым

 

«ПРОЗА» АТАЛЫМЫ БОЙЫНША:

I орын: Нұрбек Нұржанұлы

II орын: Алтыншаш Құрманаева

III орын: Мейіржан Жылқыбай 

 

«ЕРТЕГІ» АТАЛЫМЫ БОЙЫНША:

I орын: Балнұр Қызырбекқызы

II орын:Назерке Серікқызы

III орын: Баян Болатханова

 

«ИЛЛЮСТРАЦИЯ» АТАЛЫМЫ БОЙЫНША:

 

I орын: Жеңіс Кәкенұлы

II орын:Нүсіпхан Қадырсұлтан

III орын:Айсұлу Алмасбаева

 

ПРОЗА жанры бойынша «Жүсіпбек Аймауытов» атындағы арнайы сыйлық:

Асылан Қуанышұлына – «Қуыршақ» шығармасы үшін;

Әлихан Жақсылыққа – «Альпіні азат ету. Мәңгілік пирамидалар» шығармасы үшін;

Ақмаңдай Иманғазықызына, «Қара теңіз» шығармасы үшін;

Қанат Қайымға, «Алабай» әңгімесі үшін берілді.

 

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Самат Мұсабаев тағайындаған арнайы сыйлық Ділдар Мамырбаеваға «Робот.Вирус.Сезім» шығармасы үшін; Заря Жұмановаға «Ормандағы таңғажайып оқиғалар» шығармасы үшін беріледі.

 

«Қазығұрт» баспасы тағайындап отырған арнайы сыйлығы Марғұлан Ақанға «Интернет өшкен түн» шығармасы үшін беріледі.

 

Балаларға арналған өлеңдер бойынша «Мұзафар Әлімбаев» атындағы арнайы сыйлық:

Арасанбай Естенов, «Өлең жаттап өсейік» топтамасы үшін;

Асылан Тілеген, «Танымдық өлеңдер» топтамасы үшін;

Абзал Бөкен, «Достық» микропоэмасы үшін;

Назгүл Алаудин, «Өлеңдер» топтамасы үшін;

 

«Ордаген» жобасы үйлестірушілері тағайындаған арнайы сыйлық

Айдана Сегізбаеваға «Өлеңдер» топтамасы берілді.

 

«Қазбілім» орталығының директоры Аятжан Ахметжанұлы тағайындаған арнайы сыйлық «Мен де беске толамын» өлеңдер топтамасы үшін Ернұр Сейдахметке берілді.

 

«ЕРТЕГІ» аталымы  бойынша  Ыбырай Алтынсарин атындағы арнайы сыйлық:

Ертегішілерді қолдау мақсатында академик, «Құрмет» орденінің иегері, денсаулық саласының үздігі Қайрат Айдарханұлы тағайындаған арнайы сыйлық Рузанна Жанболатқа, «Кірпияз кірпі» ертегілер жинағы үшін беріледі.

Жас жазушыларды қолдау мақсатында белгілі жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан тағайындап отырған арнайы сыйлық Асхат Өмірбаевқа «Ғажайып қалам иесі» ертегісі үшін; Марфуға Ахметоваға «Сказка о ветре» ертегісі үшін беріледі.

 

Сол сияқты, жас ертегішілерді қолдау мақсатында «Heritage» қорының арнайы сыйлығы Зәуре Төреханға «Айша және үй пірлері» ертегісі үшін; Нұрислам Әбділге «Жеті күн» ертегі поэмасы үшін беріледі.

Сондай-ақ, осындай жас жазушыларды қолдау мақсатында ақын, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл  тағайындаған арнайы сыйлық

«Ер Төстік» балалар мен жасөспірімдер шығармаларына арналған байқаудың ең жас қатысушысы Рәзия Акпарға «Жолбарыстың телефоны» шығармасы үшін ұсынылады. 

 

Ауған соғысы ардагері Бақытбек Смағұлов тағайындаған сыйлық Мира Сембайқызына «Дос іздеген ұшақ» ертегісі үшін берілді.

 

Ертегішілерімізге осындай тағайындаулы сыйлық республикалық «Қазбілім» орталығы атынан

Камал Әлпейісоваға «Кішкентай автобус туралы ертегі» шығармасы үшін;

Рүстем Сауытбайға «Ғажайып түстер» шығармасы үшін беріледі.

 

«ҮЗДІК ИЛЛЮСТРАЦИЯ» аталымы бойынша арнайы сыйлық Қайрат Жәйірбекке берілді.

 

Барша жеңімпаздар мен арнайы сыйлық иегерлеріне қаржылай сыйлық сертификаты табысталды.