«ДАРЫН» МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР СЫЙЛЫҒЫН КІМДЕР АЛДЫ?

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру туралы қаулысы:

 

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің
2023 жылғы 1 шiлдедегi № 271-НҚ бұйрығымен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 14-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мыналарға Қазақстан Республикасының 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы берілсін:

 

«Ғылым» номинациясы бойынша

Кенжина Инеш Ергазықызы

- «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның «Жалпы физика» кафедрасының зерттеуші-профессоры

Өтепов Елбек Бахитұлы

- «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ - ның «Құрылыс» кафедрасының профессоры

 

«Эстрада» номинациясы бойынша

Абдықалықова Айзада Абдуахитқызы

- Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының әртісі

Пазылақын Толғанай Ұланқызы

- «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РМҚ-ның «Эстрадалық вокал» кафедрасының оқытушысы

 

«Классикалық музыка» номинациясы бойынша

Аманжолова Айгерім Меңдібайқызы

- Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы  Мемлекеттік кадемиялық  филармония» МКҚК-ның «Классикалық вокал» бөлімінің әртісі

Алғи Ақбике Ғалымқызы

- «Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК-нің Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі

 

«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша

Долдашев Болат Маханбетұлы

- «Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Дина Нұрпейсова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» КМҚК-ның бас дирижері және көркемдік жетекшісі

Әбдіберікұлы Бекболат

- «Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» ММ-нің «Қазақ халық аспаптары» оркестрінің жетекшісі

 

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша

Касьянов Дамир Рашидович

- Шымкент қаласы Білім басқармасының «Балалар шығармашылық мектебі» МКҚМ-нің «Композиция» және «Сурет» қосымша білім беру пәндерінің мұғалімі

Жапарова Салтанат Аминқызы

- «Қазақстан этнодизайнерлер одағының» төрайымы

 

«Журналистика» номинациясы бойынша

Бектас Ақерке Бағдабекқызы

- «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясы жедел және саяси жобалар бөлімі «Aқорда» бағдарламасының авторы-продюсері

 

«Креативті бастамалар» номинациясы бойынша

Қопабаев Әділхан Амангелдіұлы

- Қазақстан Республикасының Отын-энергетикалық кешенің Ахуалдық-таңдамалы орталығының басқарма төрағасы

Қуатбаев Айбек Нұрланұлы

- «Bugin Holding Corp» ЖШС бас директоры

 

«Спорт» номинациясы бойынша

Айтмұхан Ризабек Қанатұлы

- Ұлттық құраманың спортшысы, ересектер арасындағы Азия чемпионатында, жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иегері, еркін күрестен Әлем чемпионы

Құлымбетова Жібек Алимханқызы

- джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы және грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері. 

 

«Әдебиет» номинациясы бойынша

Хадыр  Бахытбек

- «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі

Жылқыбай Мейіржан Сейтжанұлы

- «QIT Enterprise» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жобалар менеджері

 

«Театр және кино» номинациясы бойынша

Птыралиев Еркінбек Абайбекұлы

- Қазақ ұлттық өнер университетінің «Операторлық өнер, дыбыс режиссура және арт менеджмент» кафедрасының меңгерушісі

Булатов Фархад Булатович

- «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» АҚ-ның әртісі

 

2. Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының 2023 жылға арналған мөлшері әр номинация бойынша 600000 (алты жүз мың) теңге сомасында белгіленсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаева.