«АЛМАТЫ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ӘДЕБИ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай,

Алматы қаласы әкімінің «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты грантына әдеби байқаудың

ЕРЕЖЕСІ

 

БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстан Жазушылар одағы

 

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ

-                Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, тәуелсіздігімізді дәріптеу, абыройын асқақтау, тарихқа үңілу, тағзым ету;

-                Тәуелсіздігіміздің куәгері, ел тарихының бастауы және алтын қазығы болған Алматының бүгінгі болмысын көрсету үшін аға буын қаламгерлерді де жастарды да осы байқауға тарту.

-                қазақ әдебиетінің қазіргі әлеуетін байқатып, жастардаың шығармашылығын таныту;

 

БАЙҚАУДЫҢ ӨТЕТІН УАҚЫТЫ

-                Байқауға өтініштерді қабылдау жарияланған күннен 26 қараша2021 жылға дейін жүргізіледі.

-                Қабылданған жұмыстардың ішінен сарапшылар шешімімен іріктелгендері келесі кезеңге өтеді.

 

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

-                Ел руханияты мен қазақ әдебиетіне өз үлесін қосып жүрген барлық қаламгерлер қатыса алады. (Жасқа шектеу қойылмайды).

 

БАЙҚАУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ

-                Байқауға қатысушылар «Алматы – Тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты ортақ тақырыпта әдеби жанрларға байланысты төмендегідей аталым бойынша бақ сынайды:

1.            Поэзия;

2.            Проза;

3.            Балалар әдебиеті (поэзия немесе проза);

4.            Драматургия;

 

ПОЭЗИЯ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткерлер байқауға екі өлеңімен қатысады:

-               Тақырыпқа байланысты бір өлең

-               Еркін тақырыптағы өлеңі;

Қатысушыға қойылатын талаптар:

-                Байқауға қатысушы берілген тақырып бойынша өзінің бір арнау өлеңімен және еркін тақырыптағы бір өлеңімен қатысады; 

-                Өлеңнің көлемі 3 беттен аспау керек (А 4 форматында);

-                Өлеңнің көркемдігіне, тақырыпты ашуына, ой ұшқырлығына басты назар аударылады;

Өлең Microsoft Word түрінде ( Times New Roman 14) жазылып  jazushylar_odagy@mail.ru эл.поштасына жіберілуі керек;

 

ПРОЗА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Қатысушылар берілген тақырып бойынша прозалық шығарма жазады.

Жұмыстың көлемі 10 беттен аспауы керек;

Қатысушыға қойылатын талаптар:

-               Әдеби жанрға тән қалыптарды сақтап, көркем мәтінде тақырыпты ашу;

-               Байқауға қатысушылар еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен отыз жыл ішіндегі өмірін суреттеген прозалық әңгімелерін жолдай алады. Сондай-ақ, Қазақстан тарихын арқау еткен әңгімелер де қабылданады.

Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) жазылып  jazushylar_odagy@mail.ru эл.поштасына жіберілуі керек; 

 

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Қатысушылар берілген тақырып бойынша проза немесе поэзия аталымдары бойынша балаларға арналған шығармаларын ұсынады.

 

Қатысушыға қойылатын талаптар:

-                Әдеби жанрға сай ерекшеліктерді сақтай отырып, көркем мәтінде тақырыпты ашу;

-                Жазылған жұмыстың көлемі 5 беттен аспауы керек (А 4 форматында);

-                Шығарманың желісі тәуелсіздікпен байланысты болуы шарт;

-                Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) jazushylar_odagy@mail.ruэл.поштасына жіберілуі керек;

 

ДРАМА АТАЛЫМЫ БОЙЫНША

Үміткер берілген тақырып бойынша драмалық шығармасын ұсынады.

Қатысушыға қойылатын талаптар:

-                Қатысушылар аталған тақырыптық идеяның негізінде өз шығармаларын ұсынады;

-                Драмалық шығарма І актылы немесе ІІ актылы бола береді;

-                Шығарма Microsoft Word түрінде(Times New Roman 14) jazushylar_odagy@mail.ru эл. поштаға жіберілуі керек;

 

Жоғарыда аталған аталымдар бойынша жіберілген жұмыстарды арнайы тағайындалған сарапшылар тексеруден өткізіп, үздік деп танылған жұмыстар қорытынды жиында марапатталады.

Әр жанрды сараптаушылар 3 адамнан. Жалпы саны 12 адам. (Жабық түрде)

 

БАЙҚАУДЫҢ МАРАПАТТАУ КЕЗЕҢІ

-                Байқауға қатысушыларды марапаттау кеші Алматы қаласы әкімдігінің және Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының ұйымдастыруыменөткізіледі.

-                Марапаттау кешіне елімізге белгілі әдебиет өкілдері мен қоғам қайраткерлері  қатысады;

-                Әр номинация бойынша бір ғана жеңімпаз анықталады;

-                Әр аталым бойынша тағайындалған қазылардың шешімімен анықталған үздік жұмыстар республика көлемінде дәріптеледі. (БАҚ-да, Теле бағдарламаларда)

 

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

-         Байқауға қатысушылар жазылған жұмысымен бірге төменде көрсетілген (қосымша 1)үлгі бойынша өтініштерін толтырып, өзінің аталымы бойынша электронды мекен-жайға жібереді.

 

Қосымша 1

Өтініш беру үлгісі

Қатысушының аты-жөні

 

Қатысушының аталымы, шығармасының атауы

 

Туған жылы, айы, күні

 

Мекен-жайы, (облыс, қала, аудан, ауыл)

 

Электронды мекен-жайы

 

Байланыс номері

 

 

 

Ескерту! Өтініштің қате толтырылғандығы үшін ұйымдастырушылар жауап бермейді.