АҚШАҢДЫ АРТТЫРАТЫН АРТ-НЫСАН

 «Теңге тиыннан», «Тарта жесең тай қалар» деп, есепке түгел болуға шақыратын жаңа нысан ашылды. Яндекс Плюс Forte виртуалды картасының іске қосылуына байланысты тұрғызылған бұл нысан алматылықтардың кәдесіне жарамақ. Коллаборациялық туынды - өнер, қаржылық сауаттылық және қазақтың халық даналығын үндестіре білген. Қала келбетін тартымды ете түскен бұл «Плюстегі қала» инсталляциясы  ақшаны тиімді пайдалану құралы ретінде ұсынылады.

Қаржылық салада өз имиджін қалыптастырған ForteBank Яндекс Плюс-пен бірге жаңа жобаны жүзеге асырды. Виртуалды карта - Қазақстандағы Яндекс сервистеріне 20%-ға дейін және басқа да сатып алуларға 1%-ға дейін кэшбэк ұсынады. Яндекс Плюс Forteнің артықшылықтарын арт-нысанда бейнеленгенін байқауға болады. Онда карта арқылы күнделікті шығындарды тиімді жұмсап, шығын мен табыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауға үйретеді. Ұлттық құндылықтарға ерекше назар аударатын банк қазақ халқының мақал-мәтелдеріне де бұл жолы басымдық беріпті. Сөздің шырайын мақалмен келтіретін халқымыздың ежелден қаржылық сауаттылыққа ден қойғанын аңғарасыз. «Есеп ұстауға тырысады», «өсімге алған қарыздың қайыры жоқ» деп, есеп-қисап жүргізудің жөнін білгенге шақырғанын көреміз. Бірлескен бұл жоба қазақтың бай мәдени мұрасын заман талабына сай жандандырып, ескі сөздерді есті сөздерге айналдыра білген. Арбатта бой көтерген нысанға қала тұрғындары ғана емес, туристер де қызығып келері рас. Яндекс Плюс Forte - ақшаны да санап, саналы болуға шақыратын жаңа орынның жаңа келбеті. Алматыға жол түссе, арбаттағы стрит-инсталляция «Плюстегі қаланы» көруге 5 себеп:

1-себеп: Алматының көрікті жерлерін тауып алу.

«Плюстегі қала» арт-нысаны — бұл Алматының ерекше стилінің бейнесі, өмірі мен тұрмысын суреттейтін иллюстрация. Онда Яндекс Плюс Forte картасы күнделікті шығындарды оңтайлы жұмсауға көмектеседі. Арт-нысанжа Алматының энергиясын айшықтайтын  көрнекті нышандар бейнеленген.

2-себеп: Қазақтың халық мақал-мәтелдерін қаншалықты білетініңізді тексеріңіз.

Инсталляцияға қазақ халқының ақша, еңбек туралы мақал-мәтелдері, өзін-өзі дамытуға, тәрбиелеуге арналған нақыл сөздер енген. Халық даналығы тек сөзбен емес, қаржылық лайфхактарға құрылған көріністер арқылы берілген. Мысалы, картадағы кешбэк арқылы таңертеңгі сүйікті кофеңізді сатып алуда, Яндекс Go арқылы жол ақысын төлеуде немесе Яндекс Еда жеткізуінде үнемдеуге болатын жолдарды көрсетеді.

3-себеп: Жұлдызды тап

Арт-объектіні суретші Uno.Raf, Алишер Сейітов, Anstzia will, Aigerim Sattar, Steve Duddits, Алишер Хасанов және 180 prod. командасы жасаған. Стрит-арт өнерінің үздік дәстүрлері бойынша олар суретке Алматының танымал нысандарын ғана емес, театр, спорт және музыканың танымал тұлғаларын біріктірді.

Стрит-арт «құпияларға» толы әлем. Белгілі тұлғалардың нешеуін таба аласыз, тексеріп көріңіз.

4-себеп: Үнемдеуді үйрену

Арт-нысан визуалды түрде Яндекс Плюс Forte картаның артықшылықтарын көрсетеді. Мысалы, Қазақстандағы Яндекс қызметтеріне 20%-ға дейінгі кешбэк: такси, тамақ, самокаттар, жанармай құю және басқалар. Сондай-ақ карта Яндекс экожүйесінен тыс басқа карталарды сатып алу кезінде 1% дейін кешбэк ұсынады.

Әрбір адам өз қаржысын саналы түрде басқара алатындай және жұмсау, үнемдеу арасындағы тепе-теңдікті таба алатындай пайдалы тұстары жасалған.

5-себеп: Сүйікті Арбаттағы арт-нысан фонында селфи жасауға үлгеріңіз

Арт-нысан Арбатта желтоқсанның 20-на дейін тұрады. Жаңа жыл қарсаңында жарқын көңіл-күйге бөленгіңіз келсе, әдемі фотосессия жасаңыз. Арман қала – Алматы шаһарының шырайлы жерлері мен аңыз тұлғалары тоғысқан нысаннан естелік болсын.  Телефон галереяңызда жаңа локациядағы суреттеріңіз қуантсын!

Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары да Яндекс Плюс Forte картасының артықшылықтарын Яндекс Go және Яндекс Еда қосымшаларында пайдалана алады. 

Яндекс Плюс Forte картасы туралы

Яндекс Плюс Forte картасы күнделікті өмірде жайлылық пен тиімділікті бағалайтын адамдарға арналған. Картаны Яндекс Go және Яндекс Еда қосымшалары арқылы санаулы минутта ашуға болады, кез келген банктің картасынан немесе ForteBank банкоматтары, терминалдары және кассалары арқылы қолма-қол ақшамен толтыруға мүмкіндік бар. ForteBank желісі Қазақстанның барлық дерлік өңірін қамтиды. Картаны шығару және қызмет көрсету тегін.

Яндекс Плюс Forte картасы пайдаланушыларға шығындарын саналы түрде басқаруға және күнделікті сатып алулардан барынша пайда алуға көмектесетін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.

ҚНРДА 03.02.2020 ж. «ForteBank» АҚ-ға берген №1.2.29/197/36 лицензиясы.