Оуяң Ю-дан жеті өлең

Оуяң Ю - Австралияның батыс әлеміне белгілі ақыны, жазушы. Қытай-ағылшын тілдерінде жазады. Роман, жыр жинақ, монографиялық және өзгеде ғылми еңбектерден тұратын 130 кітаптың авторы. 1996 жылы ағылшын тіліндегі поэзия және әдеби аудармаға қатысты 4 конкурыстың жеңімпазы атанған. 1997 жылы Австралияның үздік аударма әдеби сыйлығымен марапатталған. 2011 жылы «Ағылшын сыныбы» («English Class») романы Австралияның оңтүстік Уилист штат гобернаторы атындағы әдебиет сыйлығына ие болған. Бейжің универсиетінде, Гонкоң универсиетінде, Швед универсиетінде жұмыс істеген. Қазір Шанхай универсиетінде сабақ береді және поэтикалық семинар жүргізеді.

 

Осы шақ

 

Бар мен жоқтың арасында, қыс айы

Шілденің күні

Ойсырап-ақ қалған тұс

 

Толассыз жауын

Бір тынбайды

Соңы шұбалып кеткендей

 

Бір құс үзбей шақырады

Тәңертең, түсте

Және кеште

 

Үн-түнсіз үзай берген жан сияқты

Аңғармайсың

Бір ғасырды тура осында өткізіп жіберген тәріздісің

 

Анау бір шөптесінге

Бір үйір торғай келіп қонды

Қызылы, жасыл, тұмсығында ақсарысы бар

 

Біз тілдеспейміз

Жақын да, алыс та емеспіз

Осындамыз

 

Жаңадан құлаған ағаш томарлары жатыр

Томпайып, мола құсап

Топыраққа сіңіп, шөгіп бара жатқандай

 

Мен осы жолмен ұзап кетіп

Үйге қайтып оралдым

Қыстың айында, Kingsbury –те.

 

Бірдеңе болайын деп тұр-ау

 

Қашан да тусырты, балық аулап тұрса да

Бұлт тамашаласа да

Бұлт сияқты тылсым

 

Өң мен түс

Алақанның іші мен сырты

Күндіз бен түн

Сәт сайын құбылған бұлт сияқты

 

Тамақ сұрау

 

Столдың қасында шығармашылықпен айналысып

Кейде, күні бойы табжылмай отырамын,

Әйелім айтады: қарашы өзіңді

Мен күні бойы бір тыным алмаймын,

Ал сен түк бітірмейсің, тек тамақ жегенді ғана білесің.

 

Бүгін сағат он екі болмай

Қарыным ашып тоқтай алмадым,

Есімде тәңертең бір мәнті жеп, бір аяқ көже ішкенім

Дәл әйелім айтатындай ештеңе бітірмесем де

Қарынымның өлердей ақшаны.

 

Неге бұлай қарыным ашады? –

Гүріш жуып, көкөніс тазалап тұрып ойландым:

Шығармашылықпен айналысатын біздің

Басымыз қаранымыз екен,

Жазу жазған қолымыз бір тынбаған соң

Басымыздағы қарын ізінше бос, қаңырап қалады екен.

 

Теңіздің үні ме

 

Теңіз бе үн қатып тұрған,

Әлде ағаш жапырақтары ма

Сыңсыған,

Мүмкін, құлағым өзі солай

Жаңғырып тұрған шығар.

 

Қаламның үшінен де

Бір үн,

Бір елестің көтерілетіні бар.

 

Тегі көк аспанды тіліп

Алысқа, тіпті алысқа сапар шеккен

Ұшақтың үні ме екен,

Үмітті үмітке байлаған.

 

Күлкі ету ме, әлде мысқылдау ма

 

Осы өлеңді жазсам да,

Жазғым келмеген.

 

Сол қыз студентім, қызық

Күлім қағады.

 

Мен аузымды ашып сөйлесем болды,

Оның жүзіне күлкі үйіріледі.

 

Содан мен сабақта,

Оның жүзіне қараудан қалдым.

 

Десе де бәрібір,

Сабақ көңілді өтсе болды.

 

Арада үзілісте қатар тұра қалдық,

Әлгі студентім менен әлде қайда биік екен.

 

Шамасы бойы бір метір сексен бар-ау деймін,

Оның үстіне шаштарын ала-құла қылып бояп алғанын сонда байқадым.

 

Сабақтан соң лифтте,

Бір студентіммен ұшырасып қалдым.

 

Ол маған өте жақын тұрды,

Мүмкін, тіпті біз бір-бірімізге сүйеніп тұрған шығармыз.

 

Бірақ, ол маған қарағанда

Танымайтын адам сияқты қарайды.

 

Мен ашудан жынданғаным жоқ,

Қайта, желпініп кеттім.

 

Түстен кейініг сабақта бәрінің атын атадым,

Тек әлгі студентті қалыс қалтырдым.

 

Сен мені танымасаң,

Мен сені неге тануым керек?

 

Осылайша оқытушы мен студент,

Дүлдараз болып шыға келдік.

 

Міне біздің ақшаға құрылған заман,

Ашқарақтаған заманның тұрқы.

 

Көп ойланбай-ақ жазып тасауға болатын

Тамаша өлең.

 

Мигрант

 

Бір досым АҚШ та өткен митнигінің бір парша фотосын жіберіп:

«Ереуілге қатысқандар көтерген плакат» деп түсіндірді.

 Қарасам, фотада бір мұсылман әйел плакат көтеріп алыпты,

Онда ірі әріптермен былай деп жазылған:

2/3 of Trump’s WIVES

Were immigrants

Proving once again we need immigrants to do jobs most Americans

WOULDN’T DO

 

Айтайын дегені:

«Трамптың әйелдерінің үштен екісі

бұрынғы мигранттар.

 

Бұл мигранттардың елге қажет екенін

Тағы бір мәрте дәлелдейді.

Олар сіздер істемейтін лас жұмыстарды істейді»

 

Осыны оқыған соң, мен

Досыма бірден «керемет!» деген, лайык жібердім.

 

Басыма оралған ой:

Тек АҚШ, Англияда ғана емес,

Әлемде өзгелер істегісі келмейтін лас, қиын жұмыстарды

Мигранттар істейді.

 

Мигранттар жүрген жер де қиындық,

Лас, алаяақтық, алдамшылық, қитұрқылық та бірге жүреді.

 

Сонда мен екем, осылардың біріне бармаған,

Мигрант болсам да, шығарма жазып күн көрген.

 

Осыларды күбірлеп тұранымда,

Әйелім: жүгір, өлең жазып таста, дегені.

 

Орнымнан тұра беріп:

Өлең жазатынымды қайдан біле қойдың? – деп сұрасам,

-Мен сенің әйелің емеспін бе? – дейді.

 

Мен, сол баяғысындай ақынмын

 

Талай жыл өткен соң,

Ауылыма оралсам.

Таныстарымның көбі,

Алтын тақтаға аты шығып,

Даңқы төске өрлепті.

Мен екем сол баяғы ақын.

 

Талай жыл өтті.

Шет елде жортып жүрген ағайынның көбі,

Байлыққа белшесінен батып,

Ақшаға кекіреді.

Мен екем баяғысындай ақын.

 

Талай жыл өтер,

Мына дүниеде ақша үшін үймелегендер көзден де,

Көңілден де кетер.

Мен сонда баяғысындай ақынмын.

 

Аударған Ardakh Nurgaz

(Ардақ Нұрғазы. 2022.04.07)