ГИ ДЕ МОПАССАН. КЕСІК ҚОЛ

         Шамамен сегіз ай бұрын достарымның бірі Ловис Р. бір күні кешкісін бірнеше қызыметтес достарын жиған-ды. Пунч ішіп темекі тұтатып, әдебиет пен сурет жайында тартысып әрі бір жерге топтала қалған желікпе жастар сияқты бір-бірімізге күлкілі жәйлар айтып отырдық. Кенет есік ашылды да балалық шақтан етене жақын досымның бірі дауыл іспетті ішке кіре қалды. Дереу, "Қайдан келгенімді табыңдар?" деп айғай салғаны. "Мабилледен келгеніңе бәс тігемін" - деді бірі. "Жоқ, соншалық көңілдісің, біреуден қарызға ақша алып, ағайыңды сазға отырғыздың, иә, болмаса сағатыңды кепілге қойдың"- деді бірі. "Массың", - деді тағы үшіншісі " және Ловистің үйінде пунч барын білген соң тағы да шылқа тою үшін келдің". "Ешқайсысыңыз таппадыңыз, Нормандиядағы П...-дан келдім. Онда сегіз күн болдым және атышулы қылмыскер санатындағы бір досымды алып бардым, рұқсат етсеңіз сізге өзін таныстырайын". Сөзін бітірген соң қалтасынан бір кесік қол шығарды. Қарылтым, құрғақ, ұзын кесік қол сондай қорқынышты көрінді әрі орасан күштің әсерінен мыжылғандай бұлшық етінің іші мен сыртында қабыршақты іздер бар. Сарғыш, жіңішке тырнақтары әлі саусақтарының ұшында еді. Бұндай зардапты ұсықынның салдары көз жүгіртім жерден көрінетіндей. «Тыңда!» -деді досым, «бұл қолдың 1736 жылда, алдымен заңды жарының басын құдыққа тастаған, апшыған ашулы шағында не істеп қойғанын түсініп, бармағын шайнаған соң енді оған лайық емеспін»-деп, тағы соңынан шіркеудің қоңырау мұнарасына онымен үйленген священникті асқан, соңынан өлім жазасына кесілген атышулы бір қылмыскерге  тәуелді екенін айтайын. Бұл қос қастандықтан кейін, ол дүниені аралаған және қысқа өмірінде он екі саяхатшыны тонап, әйелдер монастрында жиырмаға жуық монахты түтінге тұншықтырған әрі бір монахтар монастырын  гаремге айналдыру қылмысымен толтырған». ''Иә, бұл қорқынышты бәлемен сен не істемексің?" деп дауыстадық. "О, құдайақы, қарыз берушілерді үйрейлендіру үшін есік тұтқасын жасаймын". "Досым", деді аңғал әрі ірі ағылшын Генри Смит" ойымша бұл қол жаңа өңделіп барынша жақсы сақталған бір хинт еті, саған кеңесім - еш баұқтырамағайсың". "Мазаққа айналдырмаңыздар мырзалар", - деді шала мас дәрігер студент бипаздап "енді Фирре, саған бір кеңес беру қажеттігі бола қалса, иесінің келіп қолын іздегенін қаламасаң, бұл адам денесі бөлшегін Христиан дәстүріне сай көм, кім білсін бәлкім бұл, ескі мақалдағыдай жамандық тудырар: «өлтірілген өлтірер, мас болған, ішер», деді де үй иесі студентке бір тостаған пунч толтырды, студент бір көтеріп-ақ бәрін жұтты әрі есінен тана мастанып құлады. Бұған бәрі қарқылдай күлді және Фирреге, тостағанын көтеріп қолын жәя:" иесінің құрметіне ішемін", деді. Соңынан басқа тақырыптар айтылды да әркім үйіне қайтты.

        Келесі күні, үйінің алдынан өтіп бара жатып есігін қақтым, әлдеқашан сағат екі болып еді. Оны темекі тартып, бірдеңе оқып жатқан кезінде көрдім. " Жә, жағдайың қалай?", дедім. "Жақсы", деді маған. " иә, қолың қалай". " Қолымды, есіктің тұтқасынан көруің керек еді, түнде үйге қайтқанымда орналастырдым; бірақ түріндегі мына белгіге қарасақ, түн жарымында төте келіп, еш шүбәсіз есігімді әлдебір ақымақтың қақақанын айта аламын. Кімінің келгенін сұрасам да жауап болмағандықтан келіп жатып ұйықтадым".
          Осы кезде есік қағылды; келген, мейлінше тәкаппар, дөрекі және зор үй иесі еді. Аман-сәлемсіз ішке ұмтылды: "Мырза" деді досым, "есік қоңыраына ілген өлексені дереу алып тастауыңзды өтінемін; болмаса сізді орныңыздан кетіруге мәжбүрмін". "Мырза", деді Фирре салтанатпен "бұл сөздеіңізбен оған лайықсыз бір кінә тағудасыз; бұл қолдың, мейлінше бір білімді  адамға тәуелді екендігінің білмессіз? Үй иесі кері шегініп, келген ізімен шығып кетті. Фирре адамның соңынан шығып қолды жерден алды да қуыстағы қоңыраудың жібіне байлады. "Осылай болғаны тіпті жақсы", деді. "Бұл қол, бейне Траффиисестің «бауырым, өлу керегіндегі» сияқты әр түні жатардың алдында маған ауыр пікірлер беретін болады".
        Бір сағаттан кейін ол жерден айырылып, үйіме қайттым. Ертесі кеште зорға ұйықтадым
, жайсыз әрі ашулы едім. Қайта-қайта орныман тұра беріппін, тіпті бірде біреу үйіме кіргендей, тұрып шкафтардың ішіне, төсегімнің астына қарағыштадым. Сөйтіп таңғы алты да көзім іліне бастағанда, күшпен есік қағылды. Тағы  ұшып орныман тұрдым. Келген досымның қызыметшісі еді, "Аһ мырза!", деп жыламсырай, "бейшара мырза соққыға ұшырады". Асығыс киініп, Фирренің үйіне жүгірдім. Басқалар да үйге қарай жүгірісті; Тартысып, кейі жанашырлықпен күбірлесіп, жағдай жайлы әркім әр түрлі болжам айтуда. Бөлмеге қарай күшпен ілгерледім, есікте күзет тұрды, атымды айтқан соң барып ішке кіруге рұқсат етті. Қолдарында дәптері бар төрт әскери офицер бөлменің ортасында тексеру жұмысын жүргізіп жатты. Ара-тұра бәсең ғана сөйлесіп, бірі жазу үстінде. Ессіз жатқан Фирренің төсегінің аяқ жағыда екі дәрігер тартысып тұр. Өлмепті; бірақ бейнесінде бір қорқынышты үрей барды. Алая, ісінген көз жанары ауыр бір қайғы ішінде булығып немесе белгісіз бірдеңеге тесіліп қарап тұрған сияқты, саусақтары бүгілген; денесі иегіне дейін жабылған; жабуын аштым. Мойын етінде күшпен қинағанын көрсететін саусақ іздері бар және жейдесіне бірнеше тамшы қан жұғыпты. Бірден ақылыма әлдене келе қалды; ішке кіріп қоңырауға қарасам, асылған қол, орнында болмай шықты. Еш шүбәсіз докторлар, сүйекті көруге келгендердің назарын қозғамау үшін көрер көзге қорқынышты қолды алып тастаған. Мен де не болғанын біле алмадым.  Енді, ертесі күнгі газетте, сақшының тексеріп, сараптаған жазбасынан бір үзінді келтірейін:

         «Кеше, Нормандияднің әлеуетті отбасыларының бірінен шыққан құқық студенті, жас Мырза Фирре Б...ға қорқынышты бір қастандық жасалды. Жас жігіт кешкі сағат 10-да төте үйне қайтты, қатты шаршау екенін айтып қызыметшісі Бовин мырзаны қайтарды да өзі ұйқыға жатты. Кейін, түн жарымында қызметші, қожасының қоңырауының ащы дауысынан оянады. Қорыққанынан жарық жағып күтеді. Қоңырау шамамен бір минут тынышталып, соңын қайта азынай бастайды. Қызыметшінің қорыққаны сонша, бөлмеден атып шығып, қақпашыны оятуға жанталасады; қақпашы сақышыға хабар береді, шамамен он бес  минуттан соң екі сақшы үйге келеді.

       Қорқынышты бір көрініске тап болады: құрбан мен жендет арасында бір күрес болғанын білдірерліктей бүкіл жиһаздар қирап қалған. Бөлменің ортасында шалқасынан жүзі  солып,  қол аяғы серейіп, қорқынышты бейнеде жас Фирре Б... әрекетсіз жатыр. Мойнында таңбаланған бес саусақтың анық ізі көрінеді. Дереу оқиға орнына шақырылған дәрігер Бордеаудың есебіне қарағанда, шабуылшы ерекше күшті біреу әрі бір қолы мейлінше қуатты болса керек;  себебі өліктің мойнында қалған ізден етінің ішіне бата тоқтаған бес саусақтың табы көрінеді. Қылмыс себебі яки қылмыскер жайында күмән тудырарлық қандай да бір кісі жоқ».
          Келесі күні сол газетте мыналар жазылд
ы:

«Кешегі жазған қол құрбаны Мырза Фирре Б..., Дәрігер Бордеаудың екі сағаттық зор еңбегінің арқасында есін жиды. Өміріне қауіп жоқ; бірақ есте сақтау қабілетін жоғалтқаны анықталды. Қылмыскер жайында қандай да бір жіп ұшы табылмады».  

 Соңында менің бейшара досым жынданып кетті. Жеті ай бойы, әр күні, емханаға оны көруге бардым; бірақ азда болса еш оңала алмады. Сандырақтаған кезде аузына не келсе соны көпіріп әрі бүтін жынды біткен сияқты тек бір пікірге байланып, бір елестің өз ізіне түскеніне имандай сенді. Бір күні емханадан бірі келіп, досымның жағдайының қиындап бара жатқанын айтты. Өзін сондай азапты бейнеде көрдім. Екі сағат бойы әдеттегідей еді; соңында бірден, барынша тыныштандырмақ болғанымызға қарамастан төсегінің үстінде тұрып, қолын сермеп, бейне оны біреу ұстамақ болғандай үрейленіп бақыра бастады. :"Ал, оны! Ұста, оны! Мені бауыздамақ, көмек, көмек!". Айғайға баса бөлмені екі айналды да соңында жерге құлай бере жан тапсырды.
            Жетім болғандықтан, жаназасының Нормандиядағы шағын П...
ауылында өткеріліп отбасының жанына жерленуін мен мойныма алдым. Бізге Ловис Р.ның үйінде пунч ішіп кезіккен кеште де осы ауылдан келіп әрі осындан тапқан кесік қолды  көрсетіп еді. Мәйіт шағын ғана табытқа салынды; төрт күннен кейін, оған алғаш дәріс берген священникпен бірге  қайғы құшағында, табытты қою үшін қазылған мазарлыққа аяңдадық. Ауа тамаша еді,  көк жүзінде құбылған жарық сәуле ойнайды. Бала кезімізде екеуміз қаншама рет тұт жеу үшін келген тұт ағашының бұтағында құстар сайрайды. Әлі де оны тұт ағашының арасынан қуана алға жүгіргенін көретіндей, ондағы, егіншілер көмген топырақтың шетіндегі өзім жақсы білетін кішкентай шұңқырға сырғып құлайтындай, соңында тоя жеген қап-қара тұттың  аузы-мұрнымызды қарала дағына көмілткен күйі үйге қайтып бара жататындай көрінді. Бұтақтарға қарадым, тұт самсып тұр; Өзім бір данасын үзіп аузыма салдым. Священник, дұға кітабын шығарып, бәсең дауыспен дұғасын күбірлей бастады; жолдың басында, табыт үшін орын қазған, қабыр қазушылардың күректерінің дыбысын естідім. Бірден бізді шақырды, священник кітабын жапты, бізге не айтпағын білмек үшін жандарына бардық. Бір табыт шығыпты. Бірі күректің ұшымен қақпағын итеріп ашып еді, шалқасынан жатқан, мейлінше ұзын бір қаңқаны көрдік; ойық көздері әлі де бізге қадала қарсылық танып тұрған сияқты. Бір рахатсыздық  сезіндім; неге екенін білмедім бірақ қорықтым. " Туһ" деп адамдардың бірі бақырды "Қара, алаяқтың бір қолы кесілген; міне ол да мұнда". Денесінің қасына, бізге нұсқаған үлкен, қуара бастаған қолды жерлестірді.  " Айтыңдаршы!", деді тағы бірі күлімсірей "Бейне қолы табысталғаны үшін мойнына асыла құшақтайтындай қарауда". "Ал, ағайындар", деді священник "өліні өз еркіне қалдыралық, қабырды көміңдер, бейшара Фирре мырза үшін басқа бір орын қазамыз".  

         Келесі күні бәрі тәмәмдалды. Кәрі священникке қабырын бұзған рухтың рахат ұйықтауы үшін де дұға етуін өтіне 50 франк бердім де Парижге жолға шықтым.

                                                                                                   1875 ж.

                                                           Түрік тілінен аударған Естемес Шакіржан