Әзіз екеуміз бала кезден бірге өскен едік. Бір жас үлкендiгі болғанымен, доп вәллайды (біздің бала кезімізде екі жағы ұшталған қысқа таяқты бір ұшынан ұзын таяқпен ұрып, алысқа ұшырып жіберетін ойын) бірге ойнайтынбыз. Кейін, мектеп бітірген соң ол екеуміз бөлек қалаларға оқуға кеткенімізбен, бірақ, бір-бірімізден хабар үзбедік. Кейiн үй болып, бала-шағаның күтімі көбейген соң онымен хабарласпай кеттім. Оның үстіне, оқу бітірген соң мен қалада қалдым да, ол ауылға оралған. Ол бізді үйлену тойына шақырды. Оның жарының есімі Гөзәл екен, аты өзіне лайық сондай бір сүйкімді жан. Көрші ауылдан біздің мектепке мұғалім болып келіпті, осында үлкен әпкесі тұратын көрінеді. Мен ауылға барғанда оның үйіне соғып, Гөзәлдің балдай тамағы мен тәтті шайына қанып қайтамын. Олар қалаға келсе біздің үйге келмей кетпейді. Осы Әзіз бен Гөзәл екеуі әу баста бір-бірі үшін арнайы жаралған жандай, жарасып тұратын. Олардың екі қыз, бір ұлының да қас- кірпіктері мойылдай болып, жанарлары тұңғиықтанып, жұмақтағы періштедей әсер беретін.
Бір күні біздің үйге Әзіз бен Гөзәл келді. Қуана қарсы алып жатырмын, Бұл жолы оларда бір түсінбестік бар секілді, бір сөздері екіншісімен қабыспай жатты. Мен басында «ұсақ-түйек бір нәрсе шығар» деп, елемегендей болып, əзілдеп қойдым. Менің ойымша, осы жылдар Әзіз үшін ләззатпен өтіп жатқандай көрінетін. Қуаныштың көлеңкесінде әлдебір нәрселердің болуы табиғи заңдылық болар. Екеуінің бүгінгі түріне қарап, бұлардың айтпақ мәселесінің жеңіл еместігін аңғардым. Кешкі тамақтан кейін Әзіз бір бос сәтті пайдаланып, Гөзәлдің басының қатты ауыратынын, дәрігерге көрсету үшін менің көмегімнің керек екенін айтты. Мен оған:
- Сонша уайымға салынып не болды? Адам болған соң ауырады да. Тексертеміз, ауруды жаратқан Құдай оның емін де береді, - деп жұбатып қойдым.
Бірақ бұл сөздер оған әсер етпегендей, сүлесоқ қалпын өзгертпеді. Бұл күні мен де ешнәрсенің байыбына бармай, оларға да еш сұрақ қоймай тоң-теріс жатып қалдым.
Ертесі оларды ауруханаға алып бардым. Дәрігерлер оның ауруының ауыр екендігін айтып мен мұнайтып тастады. Мен мұны Гөзәлге білдірмей, өзімді сабырға шақыру үшін біраз уақыт олардан қашқақтап жүрдім. Содан кейін «бұл жердің тексеретін құралы сынып қалыпты, басқа жерге апарып керейік» деген сылтаумен өзге жерге барайық дедім. Жол бойы дәрігер айтқан ауруды ойлап келемін. Ал Гөзәл машина терезесінен сыртқа кез жіберіп, бей-жай отыр.
Бұл жердегілер де бастапқы дәрігердің айтқанын қайталады. Бір-екі күн ішінде аурудың жағдайын, емдеу мүмкіндігінің бар-жоғын айтпакшы болды. Мен айран-асырмын. «Бұл не деген қиындық! Жап-жас адамға да осынша салмақ түсіргені несі? Әзіздің күні не болмақ? Балаларына да оба болды-ау! Енді не істесем екен? Әзізге не айтамын? Гезелді ауруханада калай қалдырамын? Олар мені сыртта күтіп тұр ғой Тағдырдың мынандай тәлкегін-ай! Енді не істесем екен? Мың бір қиял құшағында қалдым.
Дәрігерлер: Біраз күн ауруханада жатсын, әр түрлі тексерісті өткізіп көрейік, казірше ешқандай қорытындыға келе алмай жатырмыз, - дейді. Солай істегеніңіз дұрыс болар еді, ауруыңызды жеңілдетіп қайтқаныңыз, жөн-ау, - дедім татыға сөйлеп.
Содан кейін:
- Әзіз, сен Гезәлдің ауруханада киетін киімдерін әкел - деп көзімді Гөзәлдан ала қашып, Әзізге бұрылдым. Бір таңқаларлыгы. Гөзәл қарсылықсыз көнді. Оның жүзіндегі өзінің мына хәліне деген немқұрайлылық мені таңқалдырды да. Өзін қоярға жер таба алмай перуана болған Әзіздің қылығынан өзінің жағдайының қандай екендігін түсінгені де аңғарылады.
* * *
...- Гөзәл біздің ауылға келгенде сен жоқ болатынсың. Одан бұрын бірер қызға көзім түссе сенімен ақылдасушы едім ғой. Онымен жаңа жылда таныстым да бір көргеннен жақсы көріп қалдым Сенсең де, сенбесең де оны қайта-қайта көргім келіп, істеген ісімнің берекесі болмай кетті. Әзіз дастарқан басында отырып, өткенге сапар шегіп кеткендей ұзақ уақыт үнсіз қалды. Оның жүзіне қараған адам «Мына жігіт ауыр науқасқа шалдыққан-ау» деп ойлайтыны сөзсіз. Бір ауыз жылы сөйлесең жылауға дайын Гөзәлдің жағдайын ойласам, менің де алқымыма өксік тығылады.
Мен өзімнің босамау керектігімді ойлап, бірде ойдағы, бірде қырдағы әңгімені сөз етудемін. Ол туралы «ішімдікке салынып кетіпті» деп естігенмін, тағы бірде ол ішімдікті аузына алмайды екен» дегенді құлағым шалған. Сондықтан оған дастарқан үстінде арак құярымды да, құймасымды да білмей екі ойлы болып отырғанмын.
- Ренжімей, жүз грамм құйып берші, деп жұмысымды жеңілдетіп жіберді. Мен де оның ауыр ойдан арылуына септігі тие ме деп сұрағанын бердім.
Кейінірек сұрастырсам, талай жігіт одан дәмелі болыпты, - біраз үнсіздіктен кейін бағана Гөзәлмен танысқан кездегі бастаған әңгімесін жалғастырып, - Оны естігенде тіптен қиналып қалдым. Қойған нәрсемнің орнын таба алмайтын қияли күйге тап болдым. Менің көзіме ешкім көрінбей, әлемдегі бар жалғыз Гөзәл болып елестейтін. Оның көңілін аудару да оңайға түспеді.
Осы екі арада екі жылдай уақыт өтіп кетті. Тағдырдың маған мейірі түсетін мезгіл келген сияқты. Ол да мені ұнатып қалғандай. Мен Гөзәлмен бас қосып, шаңырақ көтердім. Онымен шынында бақытты өмір сүріп жаттым...
Ол мойны үзiлердей басын салбыратып біраз отырды да:
- Гөзәл жазыла ма? Айтшы, сен бәрін білесің ғой. Шыныңды айтшы, дәрігерлер саған айтты ғой. Сен бізді алдамашы. Жазылмаса, мен қалай өмір сүремін? Балаларыма қалай қараймын? Айтшы, не істеймін? - деп көз жасын төгіп-төгіп жіберді.
Мен оған дәл қазіргі жағдайында сөзбен болса да медет бергім келді де :
- Сен неге жамандықты ауызға алып жатырсың? Ауырған адам жазылмай ма екен? Еркек басыңмен мырсылдап жылай берсең, Гөзәлдің қалай көңілі көтеріледі? Кәне, кеудеңді көтеріп, оның жазылып кетуіне жәрдемдес. Гөзәлға көз жасың тұрмақ, түріңнің бұзылғанын байқатушы болма. Ертемен тұрып ауруханаға барамыз, кәне, жатып демал, дедім оған бұйыра сөйлеп.
Оның көңіліңде үміт оты жанғандай, жаны сәл тынышталып:
- Лайым айтқаның келіп, Гөзәл жақсы болып кетсін. Мен саған бір оқиғаны айтуға аузымның бармай тұрғаны...
- Кейін айтарсың, алда уақыт бар ғой, қазір дем ал.
* * *
Гөзәлді емдейтін дәрігердің кабинетіне кірсем ол ауруды ілестіріп кіруімді өтінді.
- Басыңызбен қатты құлап па едіңіз? - деді дәрігер оның бетіне барлай қарап.
- Жоқ - деп қысқа жауап қайтарды.
- Басыңыздан ауыр соққы алдыңыз ба?
– Жоқ, - төмен қарап әлсіз жауап берді.
Дәрігер таңданған кейіпте біраз үнсіз қалды да, одан кейін:
- Күйеуіңізбен ара-қатысыңыз қалай? Арақ іше ме? - деп төтесінен сұрады.
Гөзәл тағы да:
– Жоқ, - деп жауап берді де, «мен сыртқа шыға берсем бола ма?» деді.
Дәрігер маған бір қарады да, содан кейін оған басын изеді. Мені Гөзәлдің осыншама салқынқандылығы қайран қалдырды.
- Досыңыздың ауруы тым ауыр. Мені қайран қалдырғаны, жан шыдатпас осындай аурудың алдын алмай, оны ушықтырғаны. Бастапқыда емделсе, бұлай болмас па еді... - деді шарасыз кейіпте. Мен оған шошына қарадым:
- Иә, солай. Аурудың ең ауыр түрі. Жазылуға болады-ау деген ешқандай саңлау жоқ, - дегенінде:
- Жо-жоқ, олай демеңізші. Әрбір қиын жағдайдың бір көзi табылады ғой, сіз... сіз соны ойластырып көріңізші. Оның балалары әлі кішкентай, өзі де жап-жас. Мен оларға не айтамын? Гөзәл үшін жанын беруге дайын тұрған Әзізге не айтамын? - дедім көз жасымды тия алмай.
- Мен сізді түсінемін. Өздері әбден кешіктіріп алған. Оның үстіне, сіз байқадыңыз ба, байқамадыңыз ба, бұл адам іштей бір нәрсеге соншама
қапалы. Күйеуі туралы сұрағаным да сондықтан, – деп сөзін аяқтады.
- Бұл тұрғыда сіз қателесесіз. Күйеуі оны ерекше жақсы көреді. Бірақ қапалық туралы айтқаныңыздың жаны бар. Мен де оны көрген сәттен бастап, жан күйзелісінің бар екендігін аңғарғандаймын, - дедім сөзін қостап.
- Ендігі бір амал- операция жасау. Бас - адам ағзасының ең нәзік мүшесі екенін білесіз. Оған жасалған операция біз күткен нәтижесін бермеуі де мүмкін, одан үміттендіруге қақым да жоқ, менің бар айтарым осы, - деп ол орнынан қозғалды.
«Енді не істемекпін? Әзіз бен Гөзәлдің жанына қалай барамын? Екеуіне көрінбейтіндей амал жоқ -ау» деп өзімді қажап тастадым. Операция жасау керектігін мығымдау дауыспен жеткіздім, бір таңқаларлығы Гөзәл еш ойланбастан келісті.
* * *
Операциядан кейін үш күн өтсе де Гөзел сұлық жатыр. Дәрігерлер де көңіл тыныштататындай әңгіме айтпайды. Керісінше, операция кезінде олардың ойламаған сан нәрсеге тап болғандығын, аурудың басындағы ісіктің соншама шырматылып кеткендігін, мұның артының қайғылы болатындығын жасырмай айтты. Енді бар жағдайды Әзізге айтып, оны алдағы ауыр жағдайға даярлау керектігін ұғындым.
Оның бұл жағдайды мүлдем қабылдай алмайтындығын түсінемін. Бүгінге дейін оның өзін жас балаша алдаусыратып, үміт отын өтірік жағып жүргенім ақиқат. Дәрігердің алдынан шыққан сайын мұңға толған тостағандай жанарын маған қадап, «не айтасыңды?» үнсіз сұрайтын. Мен оған шындықты түгел айтқым келгенімен, оның адам аярлық кейпін көргенде оны да алдаусыратуға мәжбүр болатынмын. Сол кезде ол қанаттанып:
- Оның жазылатынына сен де сенесің ғой, ә! Ол жазылады. Біздің үйде оның күлкісі қайта естілетін болады. Білесің бе, ол өзі, өз болғалы отбасында кикілжің тудырып көрмепті. Кей сетте мен оны орынсыз кінәлап, ашу шақырсам да ол мені үнсіз тындап, жумысын істей беретін. Тамақтың түр- түрін асқан бір кірпияздык гана анындай ын. Менің туыстарымның оны қалай жақсы көретіндігін білсең ғой... Гөзәл оларға қолында барын бөліп беруден ешуақытта қашқан емес. дің кездері жасқа толып, иегі кемсеңдеп, үнсіз отырып қалды, содан кейін барып, біз, адамдар, бір-біріміздің қадірімізге толық жетіп, бақытымызды қадірлеуіміз үшін біреуміз қатты ауырып қалуымыз керек сияқты ма... Гөзәлмен өткізген күндерімнің соншама қымбат екендігін бұрындары ойлап та көрмеппін-ау. Енді көрерсің, Гөзәл аман-есен сауығып шыққаннан кейін, оның қасымда болған әр сәтін қадірлеуге тырысамын. Ошағымның ұйытқысы болған Гөзәлді көзімнің қарашығындай сақтаймын, – деп өзінше бір қиялдарға берілетін.
Мен оның үмітке толы жанарына қарап отырып, шынайы беріле тыңдаған қалып танытқаныммен, іштей: «Әй, әй, қайғы жеңген, досым-ау, бұл сөздерді әлемдегі бар еркек осылай кешігіп айтады-ау. Бүгінгі қайғы-дертің алдағы көреріңмен салыстырғанда әлі ешнәрсе емес, оны сен әлі ұғына қоймаған секілдісің. Мен де үмітіңнің ерте үзілуіне септігімді тигізбей қоя тұрайын.
Енді аз уақытта бұл күнге де зар боларсың», - деймін ішімнен. Мен дәрігердің манағы сөзінен кейін бойымдағы күш-қайратымды жоғалтқандаймын, аяғымды сылбыр басамын. Әзіз маған жүрексіне көз тастады. Мен одан көзімді ала қашқандай болып:
- Гөзәлдің жанына кіріп шығуыңа болады, – дедім. Шындығында, дәрігерге зор өтініш айтып, рұқсатты әзер алғанмын. Гөзәлдің көзін ашпай кетуі де мүмкін екендігін ескерген дәрігер оның кіруіне қарсы болмады. Ол асқан бір ептілікпен ауыр науқастар жатқан бөлмеге кірді. Дәрігер оған сөйлемеу керектігін ескерткен, мен оны айтпадым. Себебі... мүмкін ол соңғы рет жұбайымен жүз көрісер... Әзіз палатаға кірісімен менің ішке тығылған
көз жасым төгіліп жүре берді. Өз-өзіме келгенде оның туыстарына телефон соғып, балаларын көргісі келіп жатқанын хабарладым.
Әзіз Гөзәлді шошытып алмайын деген адамша аяғының ұшымен басып, оның жанындағы орындыққа отырды. Бастапқыда Гөзәлдің қан-сөлсіз жүзіне, ұзын шашының жоқ екендігіне, оның орнына басының ақ дәкемен оралғандығына аңтарыла қарап, бірақ іле-шала бойын тіктеп алды. Одан кейін оның сұлық жатқан қолын алақанына салып біраз отырды. Осы уақытқа дейін оған айтамын деген сөздерінің бірде-біреуі аузына түсер емес. Оның үстіне, көз жасы төгіліп қоймайды. Ақыры бар күш-қайратын жинап:
- Ардақтым, дәл қазір сенің орныңда өзім болғанымда, мүмкін, жүрек- бауырым бұлайша езілмес еді, азаптанбас едім. Амалым нешік, Алла мені осылайша жазалағысы келген болар. Қазір өткен жылғы оқиғаны ойласам, өзімді қоярға жер таппаймын. Мен сені шексіз жаксы көретінімді білесің. Бірақ сол күні мені қандай шайтан иектегенін білмеймін... Жоқ, жо-қ... Бұл өзімді ақтаудың бір түрі ғой. Ешқандай да шайтан еме, өзімнің бақытымды сезінбегендік қой. Арақ іше алмайтынымды біле тұра ішімдікті басыма төңкермедім бе! Адамгершілігімнің жеткен жері ғой, екі күн қатарынан келген қонақтарымды тыным таппай күткенің аздай аяқ астынан қызғанышым қозып, «ашу» шақырып, өз қызығымның өзім ту-талақайын шығармадым ба?! Кейін сен оны ұмытқандай болғаныңмен, кешірмегеніңді түсіндім. Дұрыс қой. Мұндайға қандай кешірім салын. Ме де кешірім сұраудың амалын таба алмағанымды айтсайшы. (Айналып келгенде еркектік көкірек қой). Қымбаттым, мен сенің алдыңда сол бір шақтағы білместігім үшін қатты өкініп кешірім сұраймын. Тезірек айығып кет. Алтындай перзенттерімізді ойла, сен қасымда болғаныңда артық-ауыз сөз айтпауға уәде беремін. Ең абзалы – көзіңді ашсаң екен. Біз сенің шырайлы күлкіңе зәрумiз. Сенсең де, сенбесең де мен үшін сенсіз атқан таңның да, сенсіз батқан күннің де еш мағынасы жоқ...
Гөзәл көзін ашпады. Бірақ оның кірпіктерінің арасынан жас тамшылары мөлдіреп тұрды. Әзіз өзін сыртқа шығаруға әрекеттенген дәрігерге: «Гөзәл бәрін сезіп жатыр, тағы отыра тұрайыншы», - деп қанша өтінгенімен, дәрігер оны сүйреп шығарғандай болды. Гөзәл Әзіздің барлық сөзін естіді, бірақ көзін аша алмады. Аша алмады ма, жоқ, ашқысы келмеді ме, бұл жағдай оның өзіне ғана мәлім. Әзіз есікті жабысымен:
- …Әзіз! Бұл әлемде мен үшін сенен артық, сенен ұлық жан жоқтай сезілетін. Саған қызмет етуді өзіме бақыт санайтынмын. Сен жұмыстан оралғанша екі көзім төрт болып жолыңды күтуші едім. Бірақ, жақсы нәрсе тез таусылады екен. Өз-өзіңді түсінбейтін кезің де болады екен, сенсіз өмір сүре алмайтын болсам да, сол бір қылығыңды кешіре алмадым. Бәлкім, мұным дұрыс емес те шығар, бірақ оның бұрыс-оңын салмақтап жатуға екеуміздің де мұршамыз болмады. Енді, Әзіз, мен мәңгілікке сіңіп бара жатырмын. Оны дәрігерге келмей тұрып-ақ аңғарған болатынмын. Бірақ, тағы бір қызығы, ішкі дүниемде қимастық, өкініш жоқ. Мына өмірдің жалғандығына, өткінші екендігіне өзімді сендіріп қойғанмын. Тек, балаларымның анасыз қалатындығына қайғырамын. Олардан әкелік мейіріміңді аяма, көңіліне қара. Қатал тағдыр біздің бақытымызға осы жерде нүкте қойды. Енді балалар саған аманат, - деді даусы қалтырай, әрең шығып.
...Мен Әзізді қолтығынан демеп үйге алып келдім. Ол меңіреу адамдай сүле-сапа болып қалған. Оны демалып ал деп бөлек бөлмеге кіргіздім де, өзім үй шаруасымен айналысатындай кейіп танытып, қайтадан ауруханаға қарай тарттым.
- Гөзәл, халіңіз қалай? Бізді қатты қорқыттыңыз ғой, көңіл-күйіңіз қандай? - деп бірнеше сұрақты қатарынан қойып, алақаныммен оның маңдайынан сипадым. Ол біраз уақыт үнсіз жатты да:
- Жақсы, - деді, жанары мөлтілдеген жасқа толып. Содан кейін:
- Егер... мен сізге... бір . өтініш... айтсам... орындайсыз ба? – деді сөздерін үзіп-үзіп, жалынғандай үнде.
- Әрине, әрине, оне дегеніңіз, – дедім оған тақай түсіп,
- Мүмкін болса, балаларымды ... шақырсаңыз дұрыс болар еді...
- Олар да сізді көргісі келіп жолға шықты деген. Ендігі келіп қалар.
Ол разы болғандай сəл иілді.
- Оларды, мүмкін болса бүгін көре аламын ба?
- Әрине, олар келісімен Әзіз осында ертіп әкеледі. Ол тағы да біраз уақыт
үнсіз қалды да:
- Тағы бір өтініші айтсам орындайсыз ба? – Осы сөзді айту үшін қатты қиналғаны аңғарылды,
- Айта беріңіз, - дедім одан көзімді алмай. Ол бір жоқ нәрсені сұрайтындай, жас толы көзін жүзіме қадап, ешкімге айтпаған сырын айтатындай:
- Әзіз... Әзіз менің жаныма келмесінші, - деді де бетін ары бұрып әкетті. Менің енді оған ешқандай сұрақ қоймауымды қалайтынын аңғардым. «Бұл сонда не болғаны? Неге Әзізді көргісі келмейді? Ол соншалықты кінәлі ме?» - деймін өз-өзіме айран-асыр болып. Мен әу баста Гөзәлдің немқұрайды кейпінен күмән алған едім. Бірақ Гөзәл үшін жанын беруге дайын Әзіздің әлдебір жамандыққа қатысы бар деген ой басыма келмепті. Үйге жанұшыра жеттім. Әзіздің балалары әлі келе қоймапты.
- Сен мені алдап, ауруханаға кетіп қалғансың ба? Әлде Гөзәлге бір нәрсе болды ма? - деген сұрағына жауап қайырмай:
- Гөзәл жанынан баз кешіп, өлер алдында да сені кешірмейтіндей не істедің? - деп сұрағанымды өзім де сезбей қалдым. Айтылған сөз – атылған оқ. Енді оны жуып-шаюдың еш қисыны жоқ. Әзіз отырған орнынан қалай тұрып кеткенін аңғармады.
- Не дедің? Не дейсің? – деді маған төніп, Мен оның дауысының қатты шыққанын елең қылмадым. Менің «өлім алдында» деген сөзім оның бүкіл жан-дүниесінің астаң-кестеңін шығарғанын аңғардым. Мен бұл сөздің
санасына жетіп, бойына сіңуіне еркіндік жасап, үнсіз тұрмын. Ол тар бөлмені арлы-берлі кезіп кетті. «Олай демедім деші. Қателестім деші» дегендей
адамның ет жүрегін езіп жіберердей аянышты халде. Мен оған не дейін... менің пейіл-ықыласымнан не өзгерер дейсің...
Менің Гөзәл екеуінің араларындағы салқыңдықты сезіп, «бұл қалайша?» деген көкейдегі сұрақтың жауабын енді Әзіз әңгімелеп отыр.
- Е, мен сені онша білмейді екенмін ғой. Сен өзің жақсы көретін адамға, балаларыңның анасына қол көтеретін «өнерім» бар деші...
- Соны айтсайшы... Екі күн арасын құрғатпай арақ ішіппін де, үйге келген қонақтарымның бірінен қызғанып, балаларымның: «Әке, айналайын әкежан, шешемізге тиіспеші» дегендерін елемей, қолыма іліккен ауыр затпен басына соққылай беріппін. Есімнің кеткені сондай, тіпті, оның басынан аққан қанға да қарамай ұрғылай беріппін.
- Е, солай де, арақ сені сорлатып, неге ұрындырған? Кешірмесе, кешірмейтіндей-ақ бар екен-ау. Оның өмірден баз кешкеніне қарап, жағдайдың жақсы еместігін сезіп ем, бірақ сенің қатысың бар деп еш ойламаппын.
- «Өмірден баз кешіп» демеші... Ол мені тастап кетпейді...
- Кейде ауыр болса да шындықты мойындауға тура келеді. Сенен не жасыратыны бар, дәрігерлер оның ауруына еш ем таба алмауда. Оны Гөзәлдің өзі де сезеді. Ол: «Балаларым келсін. Әзіз кірмей-ақ қойсыншы» деп отыр. Қазір ұлдарың мен қызың келеді, ендігі жерде сен өзіңді олардың алдында азаматтай ұстай біл.
Ол басын қос қолдап ұстап, ұзақ отырды. Не істеп, не қоярын білмей отырғаны анық еді. Енді оған өзін басқа кейіпте ұстауға тура келеді. Осы мезгілде балалары да келіп үлгерді. Ол үшеуін кезек-кезек бауырына басып ұзақ тұрды. Ішіне толған қайғы-мұңын ең жақын адамдарымен бөліскісі келсе де, еңкілдеп жылағысы келсе де сездірмеуге тырысты.
- Бір апта өтпей жатып балаларыңды әбден сағыныпсың ғой, енді бұлар
дем алсын, - деп құшағынан босатып алдым. Бұлай істеуге болмайтындығын қабағыммен аңғартып қойдым.
Менің жүрегіме салмақ салып кеткен нәрсе, кеше ғана гүлдей жайнап, еркелеп жүрген балалардың бүгін жүздері солғын тартып, еңселерінің түсіп кеткендігі еді. Жүректері алдағы сұмдықты сезгендей, бұлақ көзіндей мөлдіреген жанарлары біресе әкелеріне, біресе маған қарап жәудірейді. «Құдай-ай, өз пенделеріңе осынша азапты арқалатқаның-ай» деп Аллаға да налып қоямын.
Біз Газелге барғанымызда, балаларының келуін тағатсыздана күтіп отырғанын аңғардық. Перзенттерін көріп қатты толқыды. «Алтындарым-ай, қозыларым-ай, не істеймін, не істеймін...» деп, оларды қайта-қайта бауырына басып, бастарынан сипады. Қызының бұрымын алақанымен аялап сипап өтті. Ұлына бойындағы бар мейірін беріп кетпекші болғандай жанарымен айналады. Балалары да әдеттегідей мың сан сауал қоюдан тыйылып, аналарының бауырына үнсіз кіріп, мауықтарын басуда. Перзенттерінің көзінен құйылған жасты аналары, аналарының жанарынан төгілгенін балалары сүртіп әлек. Ана мен бала бір-бірінің мейірін артық көруші ме еді? Оның үстіне, дәл бүгінгідей уақыты шектелген дидарласудың қандай қымбат екенін ойлап көріңізші... Бұдан кейінгі жерде жағдайдың қалай болатынын біліп тұрған мен үшін мына кездесу тым ауыр. «Құдай ақырын оңғарсын» деп қоямын ішімнен.
- Әкелеріңнің, әжелеріңнің сөзін екі етпей орындаңдар, жарай ма? – деп ақыры тіл қатты, - Әжеңе көмектес, інілеріңнің киімін кір шалып қалмасын, сен енді бойжетіп қалдың ғой, – деді қызының алақанын сипап тұрып.
- Сен ше? Үйге қашан ораласың? Үшеуінің шошынған дауысы бірден шықты.
- Мен... мен... бұл жерде біраз жатып қалуым мүмкін ғой... Үйге... жазылған соң барамын... қозыларым менің...
Балаларының көңілі сәл болса да тыншығандай болғанымен, аналарының жүзіне әлсін-әлсін қарап қояды.
Өкінішті жері, бұл палатада жатқан ауруларға сырттан көп адамды кіргізбейді. Кей-кейде ғана тосын бір жағдайларда аз уақытқа ғана рұқсат етеді. Біз осындай жағдайларды бірнеше рет пайдаландық та, балалар сыртқа шыққан соң мен Гөзәлға сыртта Әзіздің тағатсызданып тұрғанын, көргісі келетіндігін, өзін ерекше жақсы көретіндігін айтып, өтінгендей болдым. Гөзәл бүгін өзінің шаршағандығын, еңді демалғысы келетіндігін айтып, бетін теріс бұрып алды. Мен ішкі дүниемдегі астаң-кестеңді басу үшін оңаша барып тұрдым.
Жаныма Әзіз бен ұлы Дильшат, келді.
- Менің... шешемнің шаштары енді де өсе ме? – деді бетіме қарап. Мен алғашында таңырқап қалдым. Оның менің аузымнан шығар сөзге сондай бір үмітпен қарағанын да сездім. Не айтарымды білмей тұрғанымда:
- Оның шаштары қандай керемет еді, мүмкін болса, оның кесілген шаштарын дәрігерден сұрап алып бересіз бе? – көздеріндегі мұңға қарауға жүрегім дауаламады. Мұндайда не айтуға болады? Оны уақытша болса да жұбатарлық сөз таба аламын ба?
- Бас аман болса, шаш қайда кетер дейсің, өседі ғой, балам. Жоқ нәрсені уайымдама, – дедім бауырыма қысып. Оның жүзі мен жанары лезде нұрланып, бойы сергіп қалды. Ойыма операция жасардан бір күн бұрынғы оқиға оралды. Гөзәлді ауруларды емдейтін палатада деген соң, сонда кіргенмін. Күтуші қыз оны орындыққа отырғызып қойып, қайшыны қолына енді ғана алған екен. Құрбымның қолаң шаштары тарқатылғанда керемет әсем көрінеді екен. Қас қағым уақытта бір орамы қырқылып кетті. Менің жаныма өткір бір нәрсе тигендей дір еттім, Жерге түскен шаштарды еркімнен тыс бір әмірмен жинастырып алдым. Енді көз қырыммен Гөзәлға қарадым. Оның бойындағы Осы уақытқа дейінгі байқалған немқұрайдылық жойылып, өз шаштарына асқан бір аяушылықпен қарап жылап жіберді. Солқылдағаны сондай, тіптен екі иығы икемге көнбей селкілдейді. Бұл менің алдымда көрсетіп алған алғашқы дәрменсіздігі еді. Жүйкең темірден жаратылса да мұндайға шыдау мүмкін емес.
Мен бойымды жинап алуым керек. Солай істеген жөн.
- Гөзәл, жылама, шаш өседі де. Аурудан жазылуды ойласаңшы, тіптен шыққаныңша кәдімгідей болып қалады ғой. Гөзәл маған «осы жолы өтірік айтпай-ақ қойсаңшы» дегендей қарады да, басын ақ матамен оратқызып алды.
- Кейін балаларыма беріңіз, - деп қолымдағы шашты нұсқап. Мен жауап қата алмадым. Не айтарымды білмедім. Жаратылыс таңғажайып қой. Гөзәл балаларын көргенде ерекше бір жағдайда болды. Ана мен баланың қоштасуы үшін мұрсат бергендей. Ол одан кейін көзін аша алмады. Жүрек соғысы нашарлап, енді тоқтауға жақындағанда оны емдеуші дәрігер сыртта шыр-пыры шығып жүрген Әзізге ең қиын жағдайға дайын болуын ескертіп, ішіке алып кірді. Ол аяғын соншалықты бір еппен басып, ешқандай тосын дыбыс шығармауға тырысып, Гөзәлді үнсіз келіп құшақтады. Оның еркінен тыс тоқтамай аққан көз жасы Гөзәлдің жүзін жуып кетті. Кішкентай баладай аялап бауырына басты. Гөзәл да оның жүрегінен шыққан мұңды түсінгендей, кешіргендей қалыпта мәңгілік ұйқыға кетті.
Әзіз Гөзәлді сағаттап құшағынан босатпады. Ешкімнің жұбатуын да тыңдамады. Өлімге бойы үйренет зрігерлердің аз дерi мүжіліп кеткен секілді. Ағайын- журт Озізді сынап кетті. Сәлден кейін жұбату сөзін айтуға жанына бардым. Өңі әлемтапырақ.
- Мен... енді қалай өмір сүремін? Онсыз қалай тіршілік кешемін? Айтшы...
Оның бүкіл болмысы жылап, қол-аяғы дірілдеп кетті,
- Мен де өзің секілді пендемін ғой. Не айтамын саған. Тағдырдың жазғанына, Алланың бұйрығына бәріміз мойынсынамыз. Ендігі жерде балаларың үшін қайратты бол.
Бір-біріне махаббаты шексіз болған екі жанның тағдыры туралы хикаяны осы тұстан аяқтаймын. Одан кейінгі бетіне қып-қызыл кілем жабылған сүйектің жанында белі бүгіліп, есеңгіреп тұрған Әзіздің халі, бір-бірін құшақтап боздасқан балалар, Гөзәлдің әке-шешесінің сүйегіңнен өтер зары, Әзіздің шешесінің: «Гөзәл, балам, қайда кеттің? Балаларыңа не деймін? Олардың сағынған жүректерін немен жұбатамын» деп аһ ұруын айтуға менде де сүлдер қалмады.
Бір-бірін жақсы көретін адамдардың тағдырының осылай болатыны неліктен екен? Сонда бақыт дегеніміз не? Ол кімдерге тұрақтайды? Мүмкін, оның қадір-қасиетін ұққандар баладай мәпелеп, ғайыптан ұшып кетпеуін қадағалайтын болар, ал бақыттың қолында екендігін ескермегендер оны жөнсіз қылық, мінезімен ұшырып жіберетін шығар... Құдай берген бақытты – бақыт деп түсінбеуіміздің өзі зор қайғы-ау.
Ұйғыр тілінен аударған Ділдәр МАМЫРБАЕВА