Сүйінші! Сәуір айының 17 жұлдызында, сағат 15:00-де Нұр-сұлтан қаласындағы Ұлттық кітапханада ақын Айдана Қайсарбектің қос кітабының таныстырылымы өтеді.
Кітапқа Айдана Қайсарбекқызының өлеңдері мен әңгімелері енген. Атауы қызық кітаптың ішкі дүниесі де қызыққа толы. «Құс-Ман». Құс – кәдімгі сіз бен біз көріп жүрген нәрсе. Ал, Ман деген – көне түркілік сөз.
Оның мағынасы – адам. Автордың өзі құсжүректі ақын болғандықтан, кітабына «Құс-Ман» деп ат қойды.
Бұл кітаптың ерекшелігі көп. Әдетте орфоэпия мен орфография заңдылықтарына мұқият қараймыз. Ал автор осы егіз ұғымды жалқы етіп, шығармашылығында орфоэпиялық заңдылықты сақтаған.
Qalamger.kz әдеби-танымдық порталы жаңа кітаппен қауышқалы отырған барша оқырмандарды құттықтайды!
Дайындаған:Нұртілек Риянбек