Сәуірдің 17-жұлдызында Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-сұлтан филиалы мен Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын Айдана Қайсарбекқызының қос кітабының тұсаукесері өтті. Кеш Астана мюзикл театрының әртістері дайындаған қойылыммен басталып, шақырылған қонақтардың ыстық лебізімен жалғасын тапты. Салтанатты рәсім барысында автордың "Құс-Ман" және "Құр-Ман" атты егіз кітабының тұсауы кесілді. Ақын Сұраған Рахметұлы мен Дәулеткерей Кәпұлы қос кітаптың тұсауын кесті. Қалың оқырманның талғамына сай жазылған егіз кітапқа шығармашылық жолда жүрген алдыңғы буын аға-әпкелердің пейілі ерекше болды. Кітап туралы сыни ескертпелер мен қатар авторға алғысын білдірушілер де аз болмады.
Ақынның әдебиеттегі қатары да алыс-жақын жерлерден келіп бой көрсеткені кештің шырайын келтірді. Аға буыннан кейін сахнаға көтерілген кейінгі жас буын өздерінің өлеңдерін оқып, Астана аспанын поэзияға бөледі.
Qalamger.kz