«ХАНБИБІНІҢ БИІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ ӨТЕДІ

 

«ХАНБИБІНІҢ БИІГІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

 

Шымкент қаласының «Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасы: Ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ханбибі Есенқарақызының 75 жылдығына арналған «Ханбибінің биігі» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялайды.

 

Мақсаты: Ақындық өнер, көркем поэзия арқылы жастарға ізгілікті, адамгершілікті, бабадан мұра болып жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды кеңірек насихаттау. Халықтың алғысына бөленген ақын Ханбибі Есенқарақызының шығармашылығын, шабытты өмір жолын, қайраткерлік болмысын тереңірек ашу. Шайырларымыздың ішкі мүмкіндіктерін ашып, әдеби үрдісте дарынды ақындардың жарқырап көрінуіне жол ашу. Жас таланттар мен оқырманның, әдебиеттегі аға буын мен жас толқынның пікірлес орта табуына арқау болу, олардың өнерге, өмірге деген қ ұштарлығын арттыру.

 

Ережесі мен шарттары: Ережеге сәйкес бұл жыр мүшәйрасына Республикамызда тұратын кез келген ақын қатыса алады. Мүшәйраға қатысушы азаматтардың жасына шектеу қойылмайды. Сегіз жасар бала ақыннан, сексендегі дана ақынға дейін қатысуға мүмкіндік бар. Бекітілген ережеге сәйкес мүшәйра екі кезеңнен тұрады.

 

Бірінші кезеңде: Мүшәйраға қатысуға өтініш білдірген барлық ақындар еркін тақырыптағы бір өлеңін және Ханбибі Есенқарақызына арналған бір өлеңін көлемі (Times New Poman, 14 қаріппен тергенде әр өлеңі 3 беттен аспау керек) төменде көрсетілген (электрондық почтаға немесе уатсап нөмірге құжат күйінде) мекен-жайға 27-қыркүйекке дейін жіберуі керек.

 

Екінші кезеңде: Жинақталған барлық өлеңдердің ішінен қазылар алқасы ең мықты деген он ақынды іріктеп алып, Шымкент қаласында үлкен деңгейде өтетін Хан апамыздың шығармашылық кешіне жолдама береді. Шығармашылық кешке жолдама алған 10 ақын да қомақты қаржылай сый-сияпатқа ие болады.

Шығармашылық кеш қазан айында өтеді.

 

Ескерту: Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды. Қазылар алқасының ұсынысымен тағайындалған жүлделерді білуге, көбейтуге, қосуға болады.

 

Жүлде қоры

Бас жүлде – 1 000 000 теңге (1 ақынға беріледі)

1 орын – 700 000 теңге (1 ақынға беріледі)

2 орын – 500 000 теңгеден (2 ақынға беріледі )

3 орын – 300 000 теңгеден (3 ақынға беріледі)

Арнайы жүлде – 150 000 теңгеден (3 ақынға беріледі)

Ақындардың келіп-кету жол шығындары мен қонақ үйі, тамағы ұйымдасырушылар тарапынан төленеді.

 

Байқауға қатысу үшін ұсынылатын құжаттар:

Үміткерлердің шығармашылық өмірбаяны;

Екі дана түрлі-түсті фотосуреті;

Жеке куәлігінің көшірмесі;

Байланыс телефондары.

 

Байқауды ұйымдастырушылар:

Шымкент қаласы «Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер» басқармасы

Байланыс нөмірі: 87015821339

Электронды пошта: qaratau_mektebi