«ӘН ПАТШАСЫ ШӘМШІ » ДРАМА БАЙҚАУЫ

Түркістан музыкалық-драма театры Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың  өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялайды

Байқаудың мақсат-міндеті:

-         көрнекті композитор,  халық сүйіктісі,  «ән патшасы» атанған 

Шәмші Қалдаяқовтың  тұлғалық феноменін адами-шығармашылық болмысы арқылы ашу;

-         пьесаның анық драматургиялық  құрылымы  болуы шарт

Байқауды өткізу мерзімі:
- пьесалар 2024-жылдың 30-мамырына дейін қабылданады
- байқау нәтижесі 2024-жылдың  15 маусымында жарияланады.
Байқауды өткізу тәртібі:
- байқауға қазіргі театр талабына сай жазылған, еш жерде қойылмаған, жарияланбаған, өзге байқауларға қатыспаған жаңа пьесалар (автор туралы мәліметтермен қоса) қабылданады.
- пьесалар компьютерлік 40 беттен аспауы (шрифт Times New Roman-12) және
turkistannewtheatre1@gmail.com  электронды поштасына  жолдануы керек.
- байқауға түскен  пьесаларды кәсіби Сарапшылар кеңесі сараптайды.

-         жеңімпаз пьеса Түркістан музыкалық-драма театрында 2024 жылы сахналанады   және  1 000 000 тг көлемінде қаламақы беріледі.

 

Анықтама телефоны – 8 (72533) 5-29-23